Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Ал, мен, өз тарапымнан, — деді Дон Кихот келіспей, — ақылдан адасқан және дуаланған адам мен емес, нақ мына өзіңіз деп топшылаймын, өйткені сіз күллі әлем ақиқат шындық ретінде мойындап отырған нәрсеге қара күйе жақтыңыз, ал енді кімде-кім мұны мойындамай теріске шығаратын болса, — ал, сіз теріске шығарып отырсыз, — сол адам, әлгінде өзіңіз айтқандай, жақтырмайтын романдарыңызды қандай жазаға тартатын болсаңыз, тап сондай жазаға тартылуға лайықты. Амадис те, сондай-ақ романдарда жиі жолығатын, шытырман оқиға іздеуші басқа рыцарьлар да өмірде болмаған деп біреу-міреуді сендіріп бағу да бір, күн сәуле шашпайды, мұз тоңазытпайды, жер көтермейді деп дәлелдеп бағу да бір. Инфанта Флорипа мен Ги Бургундский жайында, сондай-ақ Ұлы Карл тұсында, Мантибль көпірінде Фьерабрастың жасаған ерлігі жайында жазылғандардың бәрі жалған деп біреу-міреуге дәлелдеп бере алатын адам табылар ма екен? Ондай адам табылса, қазіргі уақыттың түн емес күндіз екені қандай ақиқат болса, әлгі айтқанымдарым да дәл сондай ақиқат екеніне жанымды бәске тігер ем. Ал егер бұлар жалған болса, ондашы Гектордың да, Ахиллдың да, Троя соғысының да, Францияның Он Екі Пэрінің де, Артур Английский корольдің де болмағаны ғой; айта кетерлік нәрсе, аталмыш король арбау арқылы қарғаға айналдырылып жіберілген еді, сол арбаудан әлі арылған жоқ, ал туған корольдігінде оны әне келер, міне келер деп елі сарсылып күтіп отыр. Тегінде, Бейшара Гвариннің бастан кешкендері мен қасиетті Граальды іздестіру де өтірік, Тристан мен королева Изольданың да, сондай-ақ Джиневра мен Ланцелоттың да сүйіспеншіліктері жалған деуге жүз жанбайтындардың да табылып қалуы ықтимал, ал шынтуайтына келгенде, күллі Ұлыбританиядағы ең таңдаулы шарап даяшысы болған сарай ханымы Кинтаньонаны еміс-еміс болса да есте сақтаған адамдар әлі күнге тірі. Иә, бұл талассыз шындық, өйткені жесірлердің ұзын етекті жамылғысын киген әлдебір дуэньямен ұшырасып қалған кездерімізде туған әжемнің маған: “Ана әйелді қара, немеретай, сарай ханымы Кинтаньонаға қандай ұқсас десеңші”, дейтіні әлі күнге есімде. Бұған қарап әжемнің аталмыш сарай ханымымен жеке таныстығы болған-ау немесе, тым құрығанда, оның портретін көрген-ау деген қорытындыға келем. Ал, Пьер мен Магелона сұлу хикаясы да жалған деп айтуға кімнің аузы барады, өйткені король арсеналында Пьер өзін әуемен алып ұшқан ағаш атты айдап отырған, үлкендігі тертедей темір таяқ күні бүгінге шейін сақтаулы тұр емес пе? Ал, сол таяқтың жанында Бабьеканың ер-тұрманы да тұр, ал Ронсевальда Роландтың үлкендігі белағаштай шарап ішетін мүйіз құтысы бар. Осыған қарап Он Екі Пэрдің де, Пьердің де, Сидтің де, сол сияқты шытырман оқиға іздеу арқылы мәңгілік атақ-даңққа бөленген басқа рыцарьлардың да өмірде болғанын анық аңғаруға болады. Сондай-ақ, Бургундияға сапар шегіп, Аррас қаласында мосен Пьер есімімен мәлім, даңқы жер жарған сеньор де Шарнимен айқасқа түскен, одан соң Базель қаласында мосен Анри де Реместанмен жекпе-жекке шыққан, екі айқаста да жеңіске жетіп, мәңгі өлмес даңққа жеткен кезбе рыцарь, көзсіз батыр лузитандық Жуан ди Мерлу да болған жоқ деп, одан соң тап сол Бургундияда граф де Сен-Польдің ұлдарына ұран тастап, оларды жеңіп шыққан ержүрек испандар Педро Барба мен Гутьерре Кихада (мен өзім соның әулетіндегі ер адамдар тармағынан болам) шытырман оқиғаны бастан кешпеді деп біреу-міреу маған айтып көрсін. Сондай-ақ, дон Фернандо де Гевара шытырман оқиға іздеу үшін Германияға барған жоқ, онда герцог Австрийскийдің рыцары, мессер Георгпен айқасқа түсіп есе қайтарған жоқ деп тәуекелі барып теріске шығарып көрсін. Бұған қоса: “Әділетті сайыс” атты кітапта сипатталған Суэро де Киньонестің турнирі де, мосен Луис де Фальсестің кастильдік рыцарь Гонсало де Гусманмен жекпе-жегі де, сол сияқты өз христиан-рыцарьларымыз да, жат жерлік христиан-рыцарьлар да жасаған қисапсыз көп, айтуға тұрарлық және ешқандай шүбә келтіруге болмайтын ерліктер өтірік дейтіндердің де табылып қалары кәміл, осы себепті тағы қайталап айтам: кімде-кім осының бәрін теріске шығаратын болса, сол адамда ақыл да, парасат та жоқ.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий