Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Шынымды айтсам, сеньор священник, рыцарьлық роман дейтіндердің мемлекет үшін мейлінше зиянды екенінде еш күмәнім жоқ, еріккеннен әрі жалған әуесқойлықтың жетегіне еріп, баспа жүзін көрген романдардың түгел дерлік бастапқы бөліктерін оқып шыққаныммен, бірде біреуін аяғына дейін оқуға өзімді-өзім мәжбүр ете алмадым, өйткені, өз ойымша, олардың бәрі де, жалпы алғанда, бір қалыптан шыққандай, бірінде бар нәрсе екіншісінде жүреді, екіншісінен кезіктіргеніңді үшіншісінен жолықтырасың. Оған қоса, жазу-сызудың бұл түрі анау әлгі жанды рақатқа кенелтуге құмбыл болғанымен, жөн-жоба көрсетуге құралақан Милет ертегілері дейтіндерге, осынау мән де, мағына да жоқ мысалдарға, жуықтасады-ау деген ой келеді маған, бұл ретте апологтардың бұларға керіғалаң түрде әрі жан рақатын таптыратынын, әрі жөн-жоба көрсете алатынын айта кету керек. Егер мұндай романдардың басты мақсаты жанға рақат таптыру болса, онда бұл мақсаттарына жете қоюы да неғайбыл, өйткені төбе шашыңды тік тұрғызатын оғаштықтарға толы боп келеді. Ал, шындығында, көз алдымызға көлденең тартылатын немесе көңілімізге оралатын құбылыстардан сән мен сымбат тауып, соларға сүйсіне қарап, сүзіле көз тіккен кезде ғана жан ләззатқа кенеледі, ал ұсқынсыз бен қисынсыз атаулы ешқандай рақат бере алмайды. Ендеше, бойы мұнарадай дәуді, құдды бір ол болпылдақ қамырдан жасалғандай, он алты жастағы бозбаланың семсермен белінен қақ бөліп тастайтыны айтылатын және автордың өзі, айқасты суреттей отырып, дұшпанның әскерінде миллион сарбаз болғанын хабарлайтын, — әрине, оларға бас кейіпкер қарсы шығып тұрғандықтан, қаласақ та, қаламасақ та, аталмыш рыцарь тек әлеуетті білегінің асқан зор қуаты арқылы ғана жеңіске жеткеніне сенбейтін амалымыз жоқ, — романда немесе хикаятта қандай сұлулық, бөлшектердің бүтінмен, бүтіннің бөлшектермен қандай үйлесімі болуы мүмкін? Ал, бейтаныс кезбе рыцарьлардың құшағына ойланбастан құлай кететін королеваларға, немесе болашақ император жұбайларына не дейсіз? Рыцарьлар толы орасан үлкен мұнара теңізде желкенін жел кернеген кемедей жүзеді, Ломбардияда түнейді де, таңды индиялық пресвитер Иоанның жерінде немесе тіпті Птолемей де суреттемеген, Марко Поло да көрмеген жерлерде қарсы алады дейтінді оқығаннан жетілмей қалған, жартыкеш ақыл-сана иесінен басқа кім жан рақатын табуы мүмкін? Рыцарьлық романды жазғыштар оны әдейі ойдан құрастырылған дүние ретінде жазады, сондықтан қыбын тауып, қисынын келтіруі, шындыққа жанасымды болуы үшін жан салуы шарт емес деген дау айтылуы да мүмкін маған, — ал мен бұған жауап ретінде: ойдан шығарылған дүние неғұрлым нанымды болса, солғұрлым жақсы болатынын, өмірде орын алатын немесе орын алуы ықтимал жағдайларға неғұрлым жақын болса, солғұрлым сүйкімді болатынын айтар едім. Ойдан шығарылған оқиғаға негізделген шығармалар оқырман жақсы түсінетіндей дәрежеде болуға тиіс, бұндай дүниелерді жазғанда ақылға сыйымсыз жайларды жаймалап, өсіріп айтатын тұстарды жуып-шайып, оқырман назарын бір сәтке босаңсытпаумен қатар, оқиға оны таңдандыратындай, қызықтыратындай, қайран қалдыратындай және көңілін алдандыратындай етіп, таңырқау мен сүйсіну сезімі бір-біріне серіктесіп отыратындай ғып жазу керек. Бірақ, мұндайға шындыққа сәйкестік пен табиғатқа еліктеуден бойды аулақ салатын жан ешқашан қол жеткізе алмайды, ал шын мәнінде шығарманың шынайы туындыға айналуының кілті тап осы қасиеттерінде ғой. Хикаяның барлық бөлшегі біртұтас денені құрайтын, яғни орта тұсы бас жағымен үйлесім тауып тұратын, ал аяқ жағы — бас жағымен және орта тұсымен жымдасып жататын бір де бір рыцарьлық романды кезіктірген емеспін, — шығармашы сымбатты да сұлу мүсін жасаудың орнына, құдды бір құбыжықты немесе кемтарды сомдауға ниет қылғандай, кілең қырық жамау боп келеді. Оған қоса, аталмыш романдарда сөз саптау жағы да өте қарабайыр, ерлік істер ақылға сыйымсыз, махаббат нәпсіқұмарлыққа ұласады, кішіпейілділік келіссіз, айқас әбден ығыр қылады, пайымдаулар пәтуасыз, саяхаттар құр әншейін сергелдең — қысқасы, өнеге боларлық өнерге үш қайнаса сорпасы қосылмайды, осы себепті пайдасыз адамдармен қабат бұларды да христиандық мемлекеттен қуып тастаған жөн.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий