Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Алайда, осы мезгілде артына бұрылып қараған священник жақсы киініп, жақсы жарақтанған алты-жеті салт аттының салып ұрып жетіп қалғанын көрді, ұзамай бұлар жолаушыларымызды қуып та жетті, өйткені қамсыз-мұңсыз, жай басып жалпақ алған өгіздердің аяңы мен бір мінсе канониктер ғана мінетін қашырлардың жүрісін, әрине, салыстыруға болмайтын және олар, шамасы, осы арадан бір мильдей ғана жерден бой көрсетіп тұрған бекетке түс әлетіне дейін барып жайғасуды көздеп келе жатса керек. Қатарласқаннан кейін жүрдектер жайбасарлармен ілтипатты түрде бас иіп амандасты, ал, кейін белгілі болғанындай, толедолық каноник әрі осы топтың басшысы боп шыққан біреуі, арбаны, жасауылдарды, Санчоны, Росинантты, священник пен шаштаразды, ақыр аяғында, тұтқынға алынып, торға қамалған Дон Кихотты, белгілі бір тәртіппен қозғалып келе жатқан бүкіл мына шеруді көзбен шолып өткеннен кейін, неліктен бұл адамды осылай алып келе жатқандарын сұрамай қала алмады, сонымен бірге, жасауылдардың дәреже белгілерін байқап қалған ол бұл адамның Қасиетті ағайындық айналысуға тиісті әлденендей бір қанқұйлы қарақшы, жалпы, әлденендей бір қылмыскер екенін жақсы түсініп тұрғанын да айтты. Өзіне осындай сұрақ қойылған жасауыл оған:

— Сеньор! Неге бұлай алып келе жатқанымызды мына кавальероның өзі айтсын, біз ештеңе білмейміз, — деп жауап қатты.

Әңгіме өзі жайында болып жатқанын естіген Дон Кихот:

— Бұл мырзалар кезбе рыцарьлық дегеннің не екенінен мағлұмдар ма екен өздері? Мағлұмдар болса, басымдағы тақсіретім жайында баяндап берейін, егер олай болмаса, аузымды босқа ауыртпай-ақ қояйын, — деді.

Жолаушылардың Дон Кихотпен шүйіркелесе бастағанын көрген священник пен шаштараз қулықтары ашылып қалатындай боп жатса, оны бүркемелейтіндей түсінік бермек оймен аттарын тебініп, жақынырақ келіп тұрды.

Дон Кихоттың сауалына каноник былай деп жауап қатты:

— Шынымды айтсам, балам, рыцарьлық романдарды мен Вильяльпандоның Sumulas42 оқулығынан да жақсырақ білем, сондықтан, мәселе осыған тіреліп тұрса, ештеңеге алаңдамай, айтқыңыз келгеннің бәрін айта беруіңізге болады.

— Оған да шүкір, — деп жуаси сөйледі Дон Кихот. — Ендеше, сеньор кавальеро, мені жадылап, торға қамап тастағанын біліп қойыңыз, ал бұған себеп болған нәрсе — жауыз сиқыршылардың көре алмаушылығы мен зымияндығы, өйткені пәк жандар ізгілікті қаншалықты қадір тұтса, күнәкарлар оны соншалықты жек көреді. Мен — кезбе рыцарьмын, бірақ есімдерін Даңқ бір рет те болса еске алып, мәңгілікке сақтауға бейіл бермегендер қатарына жатпаймын, мен қызғаныш дейтіннің тап өзіне, сондай-ақ күллі Персияның көзбайлаушыларына, Индияның браминдеріне һәм Эфиопияның гимнософистеріне қасақана түрде және әдейі, — кейінгі ұрпақтарға үлгі-өнеге болуы үшін, болашақтың кезбе рыцарьлары соғыс ісінде ең жоғары құрметке қандай жолмен жетуге болатынын білуі үшін, — өз есімін мәңгіліктің храмына жазып қою бақыты бұйырғандар қатарына жатамын.

— Сеньор Ламанчалық Дон Кихот шындықты айтып отыр, — деп жауап қатты бұған священник. — Ол, шынымен-ақ, жадыланған күйде осы арбамен келе жатыр, бірақ мұндай жағдайға ол өз күнәсі мен кінәсі үшін емес, ізгілікті суқаны сүймейтіндер мен жақсы атақты жақтырмайтындардың зұлымдық әрекеті салдарынан душар боп отыр. Бұл, сеньор, Қайғылы Бейне Рыцары боп табылады, ол жайында, бәлкім, біреу-міреуден естіген де шығарсыз, қызғаныш қаншалықты қаралап бағуға, мекерлік қаншалықты жасырып бағуға тырысқанымен оның жүрек жұтқан ерліктері мен ұлы істері тозбайтын мыс пен мүжілмейтін мәрмәрда таңбаланатын болады.

Тұтқында отырғанның да, еркіндікте жүргеннің де қалай-қалай сөйлейтіндеріне қайран болған каноник шоқына жаздап шақ қалды, — бұның не нәрсе екенін ол түсіне алмады, бұған серіктері де айран-асыр болды. Жұрттың не айтып жатқанын тыңдамаққа жақындап келіп тұрған Санчо Панса сол арада мәселенің ау-жайын мейлінше толық ашып беру мақсатымен былай деді:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий