Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Болашақ оқиғалардан бейхабар рыцарь алаңсыз ұйқы соғып жатқан-ды, бұлар оған тарпа бас салып, тырп ете алмайтындай етіп аяқ-қолын байлап тастады, сөйтіп ұйқысынан шошып оянған Дон Кихот қыбыр етіп қозғала алмай, бар болғаны тек жан-жағынан андаған албастыдай сүдіндерге аң-таң болған әрі абыржыған қалыпта алақтап қарай берді; сөйтіп, не қилыны қиыстыруға шебер әрі шырқы бұзылған ой-қиялының өрісіне сәйкес оларды жадыланған қамал-сарайдың елестері деп, қозғала да, қорғана да алмайтындығы себепті өзін жадыланған деп бажайлады, — бір сөзбен айтқанда, бәрі осынау әурешілікті бастаған священниктің ойлағанындай болды да шықты. Сол арада тұрғандар арасындағы ақыл-есі орнында және өз кескін-келбеті бар жалғыз адам Санчо ғана еді, ол да қожайыны шалдыққан ауруға шалдығардың аз-ақ алдында жүрген кісі болғанымен, әлем-жәлем боп киінген мыналардың кім екенін сол бойда-ақ аңғара қойған, бірақ ләм деп ауыз ашпады, өйткені мырзасының тұтқынға алынуының соңы немен тынарын әлі жобалай алмай тұрған, ал мырзасы болса, мына қасіретінің ақырғы шегі қандай боларын тосып ол да түк үн қатпай тым-тырыс қалған-ды, ал мұның ақырғы шегі мынадай болды: әлгі тор бөлмеге әкелінді де, мыналар оны соның ішіне отырғызып, таяқтарды жақсылап тұрып шегелеп тастады, оны бар күшпен жұлқығанмен де жұлып алу мүмкін емес-ті.

Әлем-жәлем киінгендер торды иықтарына салды, бірақ тап осы сәтте, торды алып бөлмеден шығып бара жатқан кездерінде, жан шошырлық жаман дауыс естілді, мұндай жан шошырлық дауысқа тек шаштараз ғана, — әлгі есекке салатын ердің иесі емес, басқа шаштараз, — ие болатын:

— Беу, Қайғылы Бейне Рыцары! Өзіңді тұтқынға алды деп күйзелме, — жүрек жұтқан батырлығыңның арқасында бастан кешіп жүрген шытырман оқиғаларың барынша жылдам аяқталуы үшін осылай істеу қажет болды. Ал, бұл оқиғалар ламанчалық мейірімсіз арыстан мен тобосолық момын көгершін бірге тұра бастағаннан кейін және олардың мойнына некенің мақпал қамыты ықтиярлы түрде кигізілгеннен кейін ғана тәмамдалмақ, өмірде бұрын болып көрмеген осынау қосақтан қансүрек тұқым дүниеге келеді, олар айбынды әкесінің қанжардай өткір тырнағын мұра етеді. Және бұл оқиға қашып бара жатқан нимфаның соңындағы қуғыншы өзінің қарқынды да машықты сапарында жарқыраған белгілерге екі мәрте оралып соққанға дейін орын алады. Ал, сен, беліне семсер байлаған, иегінде бес тал қылы, тұмсығында иіс сезу қабілеті бар атқосшылардың ішіндегі ең ақпейіл де айтқанға көнгіші! Кезбе рыцарьлар қауымының жан тең келмес өкілін көз алдыңда осылай торға қамап әкетіп бара жатқанына өкінбе де, қайғырма да, — жаратушы құдірет жар болса, көп ұзамай-ақ ұланғайыр билік пен зор мансапқа ие боласың, тіпті өзіңді өзің танымай да қаласың, яғни мейірбан мырзаңның берген уәдесі ақыры іске асатын болады. Оған қоса, данагөй Бөсербайдың атымен ант ете отырып, өзіңе жалақы төленетіндігіне сендіргім келеді, оған әлі-ақ көзің жетеді. Сөйтіп, осынау жау жүрек те жадыланған рыцарьдың соңынан қалмай ере бер, өйткені екеуің барып тоқтайтын жерге дейін соның соңынан еріп жүруге тиіссің. Маған бұдан басқа ештеңе айтуға болмайтындықтан, сапарларың сәтті болсын демекпін, ал өзімнің қайда бара жатқанымды өзім ғана білемін.

Осынау көріпкелдік көп сөзінің бас жағында шаштараз қатты дауыстап сөйлеген-ді, кейін дауысын бәсеңдете келіп аяқ жағын балдай тәтті былдырға айналдырып жібергені сонша, тіпті бұған сыбайластарының өзі де сеніп қала жаздады.

Шаштараздың болжамын Дон Кихот ұнатып қалды, өйткені оның мән-мағынасын біршама анық ұғынған-ды, сөйтіп бұдан ғашығы Дульсинея Тобосскаямен заңды некеге тұратынын, оның құт толы құрсағының жемістері, яғни, өзінің ұлдары, Ламанчаның даңқын ғасырдан ғасырға асыратынын көңіліне түйген; осының бәрін еш ойланбастан ақиқат шындыққа балаған ол сергек үнмен былай деп сөйлеп кетті:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий