Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Дұрыс айтып тұрсыз, — деді дон Фернандо, — сондықтан, сеньор Дон Кихот, осындай елес-күлестерден есін біржола жоғалтып алмас бұрын, оған кешірім жасаңыз да, sіcut erat іn prіncіpіo41 қанатыңыздың астына қайта алыңыз.

Дон Кихот оны кешіретінін мәлім еткен соң, священник Санчоны шақырып келді, аса бір мүттайым кейіпте бой көрсеткен анау мырзасының алдына кеп тізерлей кетті де, қолын беруін сұрады, мырзасы қолын ұсынып, атқосшысы оны сүйгеннен кейін, оған батасын беріп тұрып:

— Санчо балам, бұл қамал-сарайдағы оқиғалар жадылау жолымен өтіп жатады деп сан мәрте қайталап айтқанымның шындық екеніне енді көзің ақи-тақи жеткен шығар, — деді.

— Көрпеге салып қақпақылдау ғана болмаса, қалғанының бәрі солай екенін өзім де біліп жүрмін, — деп құлаққағыс етті Санчо, — ал енді қақпақылдаудың шынымен және әдеттегі тәсілмен жасалғанына еш күмән жоқ.

— Олай ойлауың бекер, — деді Дон Кихот келіспей, — себебі, бұл шынымен солай болса, онда мен сол кезде-ақ немесе тап осы қазір-ақ кегіңді алып берер ем, бірақ өзіңе көрсетілген жәбір үшін кек қайтаруға болатын жандарды өткен жолғыдай қазір де еш жерден кезіктіре алмай тұрмын.

Жұрттың бәрі бұл неғылған қақпақылдау екенін білгілері келіп құмартты, сол арада бекетші Санчоның әуеде қалықтау оқиғасын егжей-тегжейлі баяндап берді, бұл әңгіме жұртты күлкіге батырды, егер сеньоры бұл нағыз көз байлау деп тағы да тағы сендіріп бақпаса, Санчоның ұяттан кірерге жер таппай қалары анық еді, алайда Санчоның да аңқаулығының шегі бар-ды, сондықтан ол қожайыны ойлағандай және сендіріп баққандай, басын дуалап, ой-қиялы арқылы әрекет еткен елестер емес, өзін кәдімгі тірі адамдардың қақпақыл жасағанын ештебір жалғаны жоқ шындық, талассыз ақиқат деп білетін.

Осынау зиялы қауымның бекеттен орын тепкеніне екі күн болған, сөйтіп ақыры жолаушылар аттанар уақытымыз болды деп шешкен кезде дон Фернандо мен Доротеяны Микомикона королевасының жерін азат етеміз деген желеумен Дон Кихотқа ілесіп оның селосына барудан босату жөнінде ұйғарым жасалды, өйткені священник пен шаштараз оны өздері-ақ алып бара алатындарын, сөйтіп оны сол жерде емдеуге кірісетіндерін айтқан. Сол үшін олар жандарынан өтіп бара жатқан өгіз арбасы бар біреумен сөйлескен, анау алып баруға келіскен, бірақ оны бұл екеуі былай апаратын болды: олар бір-біріне айқастыра шегеленген таяқтардан Дон Кихот еркін сыйып отыра алатын тор тәрізді қамашау жасады; одан кейін дон Ферандо мен серіктері, дон Луистің малайлары, жасауылдар мен бекетші барлығы священниктің ойға алғанын іске асыру мақсатында және соның әмірімен Дон Кихот өздерін танып қоймасы үшін беттеріне перде тұтып, тапқандарына қарай әркім әрқалай киініп алды. Сосын бәрі аяқтарын ұшынан басып, анау мазалы жайлардан дамыл тауып, демалып жатқан бөлмеге барып кірді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий