Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Санчоның ашық ауыздығынан священник екеуінің осыншалықты мұқият түрде жасырып жүрген жайлары ашылып қала ма деп қорыққан шаштараз оған жауап бермегенді жөн көрді; священник те дәл осы себептен каноникке өзімен бірге кішкене былайырақ шығуға өтініш білдірді, — оны торда отырған адамның құпиясы мен басқа да біраз қызықты жайларға қанықтырмақ ойы барын айтты. Каноник келісім берді де, малайларымен және священникпен бірге ілгері озыңқырағаннан кейін, Дон Кихоттың лауазымы, мінез-құлқы, өмір салты мен жарыместігі жайында священниктің айтқан әңгімесіне мұқият құлақ түрді; анау, сондай-ақ, оның ақылдан адасуына негіз болған басты себеп жайында, торға қамалғанға дейінгі іс-қылықтары турасында қысқаша баян етіп, каноникке енді оны үйіне алып бара жатқанын, сонда барғаннан кейін оны емдетуге кірісетінін хабарлады. Дон Кихоттың бастан кешкен хикаясын естіген каноник пен серіктері тағы да таңырқаныс білдірді; әңгімені тыңдап алған каноник былай деді:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий