Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Бұған айтарым мынау ғана, сеньорлар, — деп жауап қатты паж, — мен — шын мәніндегі елшімін, сеньор Санчо Панса — шын мәніндегі губернатор, қожайындарымның, герцог пен герцогиняның, оған губернаторлықты тарту етуге мүмкіндігі бар еді және шын мәнінде де оны оған тарту етті де, сондай-ақ, естуімше, аталмыш Санчо Панса аралды ойдағыдай басқарып жатыр, ал бұл іске тылсым күштің араласы бар ма, жоқ па — ол жағына, мырзалар, өздеріңіз баға беріңіздер, бұдан өзге мен ештеңе де білмеймін және осыған басқа ешнәрсемен емес, ата-анамның өмірімен ант етем, ал олардың әлі көзі тірі, оларды жанымдай жақсы көрем әрі ардақ тұтам.

— Бәлкім, бұл солай да шығар, — деді бакалавр, — алайда, dubіtat Augustіnus41.

— Сенгілеріңіз келмесе, сенбей-ақ қойыңыздар, — деді паж, — бірақ жаңағы айтқанымның бәрі — ақиқат шындық және майдың су бетінде қалқып жүретіні секілді, шындық та әрдайым жалғандықтың бетіне қалқып шығады, ал сөзіме сенбестік білдірсеңіздер, істеген ісімді көріңіздер. Араңыздан бір адам менімен бірге барсын, құлағы шанбағанға көзі куә болады сонда.

— Жоға, одан да мен барайын, — деп лып етті Санчика. — Атыңыздың сауырына отырғызып алыңыз мені, сеньор: әкетайымды сондай керемет сағынып жүрмін.

— Губернатордың қызына топырлатып нөкер ертпей, күймесіз, зембілсіз, сыбай-салтаң жүрген жараспайды.

— Құдай ақы, маған мәшіге мініп жүрген не, күймеге мініп жүрген не, бәрібір, — деп реніш білдірді Санчика. — Мен тіптен күй талғамаймын!

— Жап аузыңды, қызым, — деді Тереса, — не айтып, не қойғаныңды өзің де білмейсің: сеньордың сөзі өте орынды. Қазіргі жағдай басқа: әкең — әншейін Санчо болса, сен де — Санчасың, ал губернатор болса, сен — сеньорасың. Осы сөзімде ағаттық жоқ-ау деймін.

— Сеньора Тересаның бұл тұжырымы тіпті өзі ойлағаннан да гөрі өміршең, — деді паж. — Маған тамақ берсеңіздер, сосын рұқсат етсеңіздер, қараңғы түскенше жетіп алайын деп ем.

Сол арада священник оған былай деді:

— Сізден өзіммен бірге тамақтануыңызды өтінем, мейірбан мырза, әйтпесе сеньора Тереса барын салып баққанымен, сіз секілді қадірменді қонаққа лайықты дастарқан жая алмас.

Паж әуелі бас тартқан, бірақ ақыр аяғында барғанын жөн көрді, сөйтіп қонақасы барысында шабарманнан Дон Кихот пен оның іс-әрекетінің жай-жапсарына мейлінше қанығу мүмкіндігіне ие болғанына қуанған священник оны үйіне ертіп кетті.

Бакалавр Тереса үшін жауап хаттар жазуға тілек білдірген, алайда Тереса бакалаврдың өз шаруасына араласқанын қаламады, өйткені оның мазаққұмар неме екенін білетін, осы себепті шіркеудегі сауатты қызметшіге таба нан мен екі жұмыртқа апарды да, ол бұған екі хат жазып берді, оның біреуі — күйеуіне, екіншісі — герцогиняға арналған еді: бұл хаттарда Тересаның өзіне тән ақыл-парасатының табы бар-ды және осынау теңдесі жоқ хикаяда келтірілетін басқа хаттардың ең нашары да бұлар емес-ті, ал мұны алда баяндалатын жайлардан аңғаруға болады.

LІ тарау

Санчо Пансаның губернаторлығын қалай жалғастырғаны жайында және басқа да шын мәніндегі қызықты оқиғалар жөнінде.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий