Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Губернатор өз аралын аралап шыққан түннен кейінгі таң да атты; бұл түнді аға малай ұйқысыз өткізді, себебі киімін ауыстырып киген қыздың шырайлы әлпеті мен шынардай сымбаты көз алдында көлбеңдеп тұрды да қойды, ал үй басқарушы болса, түннің қалған бөлегін қожайындарына хат жазуға жұмсап, оларға Санчо Пансаның істеген ісі мен айтқан сөзін бүге-шігесіне дейін жеткізді, өйткені губернатордың ақыл-парасат пен ақымақтық қойыртпағы түрінде көрініс берген лебізі мен қарекеті мұны өзіне тән ерекшелігімен қайран қалдырған-ды. Ақыры сеньор губернатор ұйқысынан оянды, сосын оған, дәрігер Педро Қатыбезероның нұсқауына сәйкес, таңғы асқа аздаған тосап пен бірнеше жұтым салқын су берілді, Санчо мұндай таңғы асты нанның бір кесегі мен жүзімнің бір шоғына қуана-қуана айырбастаған болар еді; алайда тағам түрін таңдау еркі өз қолында еместігін көргендіктен, жүрегі қаншалықты жабырқап, асқазаны қаншалықты қасірет шеккенімен, Педро Каныпезероның аз көлемдегі әрі мейлінше жеңіл тағам ой жұмысын жандандыра түседі, ал билік басында тұрған және маңызды қызмет атқаратын, тән қуатынан гөрі жан қуаты көбірек қажет болатын адамдарға бұл айрықша қажет қасиет деген дәлелдемелеріне мойын ұсынуына және ден қоюына тура келді.

Осындай софистикаға қарамастан, Санчоның қарыны шұрылдағаны қояр болмады және шыдас бермегені сонша, губернаторлыққа да, тіпті соны өзіне тарту еткен адамға да іштей қарғыс жаудырумен болды; тосап жегенімен тоят таппаған ол, әйтсе де, қазылық жасауға қайта кірісті, сөйтіп оған алыстан келген біреу алдымен жүгініп, үй басқарушы мен басқа да малайлар қатысып тұрған жерде мынадай жайды айтты:

— Сеньор! Бір адамның иелігі ағыны қатты өзен арқылы екі бөлікке бөлінген. (Сөзімді мұқият тыңдауды сұраймын, мырзалар, себебі бұл өте маңызды әрі күрделі мәселе.) Ал, өзеннің үстінен көпір салынған, сол араға, көпірдің жанына, дар ағашы орнатылған, ол жерде төрт адам қазылық ететін сот мәжіліс құрады және олар өзеннің, көпірдің, сондай-ақ күллі иеліктің иесі бекіткен заңның негізінде үкім шығарады, ал заңда: “Бұл өзеннен көпір арқылы өтетіндердің қай-қайсысы да қайда және қандай шаруамен бара жатқаны жайында ант ішіп тұрып мәлім етуге міндетті, кімде-кім шынын айтса, оны өткізіп жіберу керек, ал кімде-кім өтірік айтса, ешқандай аяушылық жасамай осы арадағы дар ағашына асу керек”, делінген. Бұл қатыгез заң кеңінен жария етілген кезден бері көп адам көпір арқылы арғы бетке өтіп те үлгерді, өйткені жүргіншілер шынын айтып тұрғанына көзі жеткен соттар оларға рұқсат берген-ді. Сөйтіп жүргенде бір күні әлдебіреу келіп, ант-су ішкеннен кейін: ант етем, мен мұнда өзімді мына тұрған дар ағашына ассын деп келдім, басқа ешқандай мақсатым жоқ, деп мәлімдейді. Ант үстінде айтылған бұл сөзден соттар абдырап қалады: “Егер бұған бөгеуіл жасамай, әрмен кете беруіне рұқсат етсек, онда бұл оның антын бұзғаны боп шығады және заңға сәйкес өлім жазасына кесілуге тиіс; сондай-ақ оны бірден дарға асуымыздың да жөні жоқ, себебі ол мұнда өзін дарға тартсын деп келгені жайында ант ішті ғой, ендеше антының шын екендігі расталады, сондықтан аталмыш заңға сәйкес оны өткізіп жіберген дұрыс”, десіп лажын таба алмайды. Бұл адамға соттар қандай амал қолдануы керек, сізден сұрайын дегенім де осы еді, сеньор губернатор, — олар әлі күнге шейін бір жағына шыға алмай дағдарып отыр. Сіздің ұшқыр ой, терең парасат иесі екеніңізден құлағдар болғаннан кейін осынау бытысып-шатысқан шым-шытырық іс жайында пікір білдіруіңізді қалап, өздерінің атынан өтініш айтуым үшін сізге мені арнайы жіберді.

Санчо бұған былай деп жауап қатты:

— Шынымды айтсам, сот мырзалар сені маған жібермей-ақ қойса да болатын, өйткені мен сұңғылалығымнан гөрі миғұлалығым басым адаммын, сөйте тұрғанымен, мән-жайына қанығыңқырауым үшін оны маған тағы бір мәрте баяндап берші: бәлкім, бір ұштығын ұстап та қалармын.

Хабаршы бәрін бастан-аяқ қайталап айтып берді, одан соң Санчо мынадай түйін түйді:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий