Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Бұл істің шешімін қиналмай-ақ табам ғой деп ойлаймын, атап айтқанда: әлгі адам дарға тартылу үшін келдім деп ант-су ішіп тұр, егер оны дарға ассақ, онда оның анты жалған болмағаны, сол себепті оны заң бойынша арғы бетке өткізіп жіберу керек, ал егер оны дарға аспасақ, онда ол өтірік айтқан боп шығады, демек, аталмыш заң бойынша ол дарға асылуға тиіс.

— Сеньор губернатор мейлінше салиқалы пікір айтты, — деді хабаршы, — бұл істің жайын бұдан артық терең түсіну де, толығырақ қамту да мүмкін емес, бұған еш күмән жоқ.

— Тоқ етері былай, — деп Санчо сөзін сабақтады, — адамның шындықты айтқан бөлегін олар әрмен қарай өткізіп жіберсін, ал өтірік айтқан бөлегін дарға ассын, осылай істегенде ғана көпірден өту жөніндегі ереже мүлтіксіз орындалады.

— Ондай жағдайда, сеньор губернатор, — деп қарсылық білдірді хабаршы, — бұл адамды шыншыл және суайт делінетін екі бөлікке қақ жаруға тура келеді ғой; өйтіп қақ жаратын болсақ ол міндетті түрде өледі, мұның салдарынан заңның бірінші бабы да, екінші бабы да орындалмай қалады, ал заң болса, өз тәртібін өзгертпей іске асыруды талап етіп тұр.

— Әңгіме былай, шырағым, — деді Санчо, — бәлкім, мен топас шығармын, бірақ мына жүргіншің өлім табуға қаншалықты лайықты болса, аман қалып, көпірден өтуге де соншалықты лайықты: өйткені, шындық оны құтқарып алса, екінші жағынан, өтірік оны өлім жазасына кеседі, ендеше, менің байламым мынау және мұны өзіңді маған аттандырған сеньорларға айтып барарсың: әлгіге үкім шығарарлық та, сондай-ақ ақтап аларлық та желеу тепе-тең болғандықтан, дұрысы оны өткізіп жіберсін, себебі қатыгездік жасағаннан гөрі қайырымдылық жасаған дұрыс. Осы шешімнің соңына қолымды ойланбастан-ақ қойған да болар ем, бірақ қол қоя білмеймін. Бұл айтқандарымның бәрін өзім ойлап тапқан жоқпын, аралға аттанар алдында мырзам Дон Кихоттың аузынан естіген сансыз көп ақыл-кеңесімнің бірі ойыма орала кетті, атап айтқанда: күмәнді жағдайларда мейірімділік жасауға бейілді болу керек, деген еді ол, міне, құдай сәтін салып, осы кеңес есіме түсе кетті және қарастырып отырған ісімізге де өзі сұранып тұр.

— Жөн, — деді үй басқарушы, — лакедемондықтарға заң жасап берген Ликургтің өзі де атақты Пансадан артық шешім шығара алмас еді деп ойлаймын. Осымен таңертеңгілік мәжілісімізді тәмамдаймыз, сосын мен сеньор губернаторға түскі асқа не қаласа соны әкеп беру жөнінде қолма-қол тәртіп берем.

— Ақ-адал шынымды айтсам, өзіме керегі де сол боп тұр, — деп мәлім етті Санчо. — Маған тек тойып ішетін тамақ беріңіздер, одан соң не қилы бытысқан бәлелі істің бәрінің де шешімін оп-оңай тауып берем.

Үй басқарушы сөзінде тұрды: мынадай жөн білетін, аңғарымпаз губернаторды аштан қатыруға ар-ұяты жібермеді, оған қоса қожайын ұйғарымы бойынша оған Санчоны тағы бір мәрте әуреге салу ғана қалған-ды, одан соң бәрін доғармақ болатын. Сөйтіп, дәрігер Қиянтүкпірионың ереже-нұсқауына қасақана түрде тыңқия тойып алған Санчоның үстелден енді тұра бергені сол еді, Дон Кихоттың губернаторға жазған хатын алып шабарман да келіп жетті. Санчо хатшыға оны әуелі іштей оқып шығуға, егер құпия ештеңе болмаса, дауыстап оқып беруге әмір етті. Хатшы бұйрықты орындап, хатқа көз жүгіртіп шыққан соң:

— Бұл хатты дауыстап оқуға болады, өйткені сеньор Дон Кихоттың өзіңізге арнаған сөзінің бәрі де алтын әріптермен кестеленуге лайықты, — деді. — Мұнда былай делінген:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий