Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Хатшы хатты желімдеді де, шабарманды қолма-қол кері аттандырып жіберді, Санчоны ақымақ қып жүрген сыбайластар болса, өзара бас қосып, бұл арадан губернатордың өзін қалай аттандырып жіберуге болатыны жайында ақылдаса бастады; ал бұл күні губернатор өзіне басқаруға берілген, өзі арал деп ойлап жүрген өңірде мемлекеттік тәртіпті жақсарту жөнінде шаралар қабылдады; мысалға, ол жейтін тағамдарды бөлшек сауда арқылы алып сатуға бүкіл мемлекет бойынша тыйым салды, сондай-ақ шарапты қай жақтан болсын әкеле беруге рұқсат етті, алайда дайындалған жерінің көрсетілуі және бағасы шын мәніндегі құнына, сапасы мен маркасына сай келуі міндет етілді, ал шарапқа су қосқаны, сол сияқты жалған жапсырма жасағаны әшкереленген сатушыларға губернатор өлім жазасын тағайындады; ол аяқ киімнің, негізінен, өзіне шектен тыс қымбат көрінген шәркейлердің, бағасын арзандатты; құлқынқұмарлыққа салынып кеткен малайларға төленетін жалақы мөлшерін белгіледі; күндіз бе, түнде ме, бәрібір, бұзақы да әдепсіз әндерді айтатындарға қатал шара қарастырды; зағиптарға ғажайыптар жайында өлең айтуға тыйым салды, ондай өлеңді айту үшін ғажайыптардың өмірде шын мәнінде орын алғаны турасында бұлтартпайтын дәлел келтірулері керек болды, өйткені зағиптар өлеңге қосатын жайлардың көбі жалған болғандықтан, шынайы діни ғажайыптарға деген сенімді әлсіретеді деген пікірді ұстанатын еді ол; ақыр соңында жаңа қызмет орнын — кедейлер ісі жөніндегі альгуасил қызметін ойлап тапты, әлбетте, кедейлерді қуғындау үшін емес, олар шын мәнінде де кедей ме, соны тексеру үшін: өйткені екі қолы бірдей сау ұрының өзін кемтар ғып көрсететіні, жардай маскүнемнің жалған ойық жарасын жұрт көзіне жария етіп бағатыны жиі кездесетін жағдай ғой. Тоқ етері, оның айтарлықтай көп жаңалық енгізгені сонша, бұлар сол аймақта осы кезге шейін өз күшінде қалып тұр және әлі күнге дейін “Даңқты губернатор Санчо Панса шығарған заң ережелері” деп аталады.

LІІ тарау

Мұнда бұл да Құсавана, басқаша айтқанда, Қайғышерия аталатын екінші бір дуэньяның, яғни — донья Родригестің басындағы шытырман оқиға жайында әңгімеленеді

Сид Ахмет былай деп әңгімелейді: жарақатынан жазылған Дон Кихот мына қамал-сарайдағы тіршілігі рыцарьлықтың бүткіл болмысына қайшы келеді деген ойға тірелді, осы себепті ерлі-зайыпты герцогтардан рұқсат сұрауды, сөйтіп Сарагосаға бет алуды ұйғарды; ал онда таяу уақыттарда ұланғайыр мереке басталмақшы еді, сол мерекеде сайысқа түсіп, өзіне сауыт-сайман ұтып алудан үміттенген: жеңімпаздарға әдетте осындай сыйлық берілетін. Алайда, күтпеген жерден бір оқиға қабаттаса кетті: жоғары мәртебелілермен бірге дастарқан басында отырған ол тап сол күні аталмыш ниетін іске асырмаққа, яғни жол жүруге рұқсат сұрамаққа оқталған, кенет үлкен залдың есігі айқара ашылды да, басынан аяғына дейін қара жамылған, кейін белгілі болғанындай, екі әйел ішке кіріп келді, сол арада біреуі Дон Кихотқа таяп кеп, еденге ұзынынан сұлай кетті де, Дон Кихоттың аяғын құшқан күйі аза бойды қаза қылатын аянышты дауыспен зар илеп жылай бастады, мұны көріп және естіп тұрғандардың құты қашып, дегбірден айрылып қалды; герцог пен герцогиня әу баста малайларының бірі Дон Кихотты мазақ етпек шығар деп жорамалдаған, алайда әлгі әйелдің қалай өкіре жылап, өксігенін көрген соң бұл ойдан айнып, қашан Дон Кихот жанашырлық білдіріп, әйелді орнынан тұрғызып, бетіндегі жамылғысын алып тастауын өтінгенінше аң-таң боп абдырап отырды да қойды. Әйел оның өтінішін орындады, сол кез олар мүлдем күтпеген жағдаятқа куә болды: жамылғы астынан герцогтар дуэньясы донья Родригестің әлпеті көрініс берді, ал қара жамылған екінші әйел — оның әлгі сол дәулетті шаруаның баласы алдап кеткен қызы боп шықты. Дуэньяны білетіндердің бәрі түгел айран-асыр болды, әсіресе герцог пен герцогиняның таңырқауы таусылмады: олар мұны ақылсыздау, аңқаулау әйел санағанымен, дәл мұндай есалаңдыққа барады деп әсте ойламаған. Ақыры донья Родригес қожайындарына қарап былай деді:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий