Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ал мен, қадірменді сеньорам, бақыт құсы қолыма өзі келіп қонып тұрған шақта, Сіздің рұқсатыңыз бойынша астанаға аттанып, күндестерімнің, — менде қазір күндес көбейіп тұр ғой, — қызғаныштан көзі ағып түсуі үшін күймеге отырып қыдыруға ұйғарым жасадым; осыған байланысты өзіңізден өтінерім, күйеуіме айтыңызшы, маған азын-аулақ ақша салып жіберсін және тым сараңдық жасап жүрмесін, себебі астанада қымбатшылық емес пе: бір таба нанның өзі бір реал, ал бір фунт ет — отыз мараведи тұрады, — бұл деген сұмдық қой. Ал егер барғанымды хош көрмесе, онда тезірек жазып жіберсін, өйткені жолға шығуға сондай құлшынып тұрмын: құрбыларым мен көршілерім айтады, қызың екеуің үлде мен бүлдеге оранып, танауды тәкаппарлана шүйіріп, зырғытып отырып астанаға барсаң, күйеуің сенің атыңды шығарғаннан, сен күйеуіңнің атын көбірек шығарасың дейді; шынында да, жұрттың бәрі дерлік: «Апырай, мына күйме мініп келе жатқан кімдер өзі?» деп жапыр-жұпыр болары анық қой. Ал малайым оларға: «Бұлар Санчо Пансаның, Баратария аралы губернаторының, зайыбы мен қызы» деген жауап қайтарады; осылайша Санчомның да абыройы асады, өзіме де құрмет тиеді, бәрімізге де жақсы болады.

Күйініштен неғыларымды білмей отырмын: емен жаңғағы биыл бізде мардымды болмады, дегенмен, жоғары мәртебелім, сізге жарты дорбасын жібердім; бұларды өзім орманнан бір-бірлеп жинадым, өз қолыммен іріктедім, бірақ, амал қанша, бұдан ірілеуі табылмады, ал мен бұлардың түйеқұс жұмыртқасындай болғанын қалап едім.

Сән-салтанаты мол мәртебелім, маған хат жазуды ұмытпаңыз, ал мен міндетті түрде жауап қайтарам, өз денсаулығым жайында, деревнямызда қандай жаңалықтар болғаны турасында хабарлаймын. Ал әзірше Жаратқаннан өзіңізге қамқор болуын, мені де ұмыт қалдырмауын тілеп жалбарынам. Қызым Санча мен ұлым Сізді қолыңыздан сүйеді.

Өзіңізге хат жазғаннан гөрі

дидарыңызды бір көруге зар малайыңыз

Тереса Панса».

Тереса Пансаның хатына барлығы да мәз-майрам болды, әсіресе жоғары мәртебелілер бір жасап қалды, герцогиня сол арада Дон Кихоттан губернатордың атына жазылған хатты ашу әбестік болмас па екен, соған қалай қарайтынын сұрады, өйткені өзіне ол өте тартымды жазылғандай көрініп тұрғанын айтты. Дон Кихот жиылған қауымның көңілінен шығу үшін хатты өзі ашуға әзір екенін мәлім етті; сөйтіп, оны ашып, мына төмендегіні оқып берді:

«Хатыңды, қымбатты Санчом, алдым және шынайы христиан ретінде ант ете отырып айтайын, қуанғаннан жынданып кете жаздап шақ қалдым. Шын сөзім, сүйіктім, губернатор екеніңді естігенім сол, біттім, осы қазір қуаныштан тіл тартпай кетем деп ойладым. Олай дейтінім, өзің де білесің ғой, халықта «қуанған мен қорыққан бірдей» деген сөз бар емес пе, екеуі де бірдей сеспей қатыра алады. Ал қызың Санчиканың шаттанғаны сонша, кіші дәретін бұтына жіберіп қойды. Маған жолдаған киімің алдымда жатты, сеньора герцогиня сыйлаған маржандар мойныма тағулы тұрды, қолымда хаттар болды, шабарман осы жерде отырды, — бірақ не нәрсеге көзімді салмайын, нені қолыммен ұстап көрмейін, бәрі де тәтті түс секілді боп елестей берді. Шынында да, ешкі бақташы аяқ астынан губернатор боп шыға келеді деп кім ойлаған? Шешемнің: «Көп жасаған адам көп көреді» дейтіні есіңде ме, достым? Мұны айтып отырған себебім, дәм-тұзым таусылмай тағы да жүре тұрсам, бұдан да артықты көрермін деп ойлаймын. Жоқ, шыным сол, арендатор немесе жүн жинаушы болғаныңды көрмей көңілім тыныш таппайды менің, ал мұндай орында жүргендер қиянат жасаған жағдайда тозақ отында өртенуі де мүмкін, бірақ әйтеуір ақшасыз болмайды. Сеньора герцогиня өзіңе хабарлай жатар, менің астанаға баруға аңсарым ауып тұр: ойланып көр,

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий