Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Сол бойда-ақ алдын-ала дайын етіп қойылған екі қалқан әкелінді де, Санчоның кеудесі мен арқасына тұп-тура көйлегінің сыртынан қабыстырылды, — үстіне тағы бірдеңе киюіне рұқсат етілмеді; қолдарын осы үшін арнайы жасалған тесіктерден өткізіп жіберді, сосын әлгілер қалқандарды жіппен қатты етіп таңып тастады, сығымдап, сірестіре байлағандары сонша, тізесін бүгуге де, адым аттауға да шамасы болмай, таяқ тәрізді қақиды да қалды. Қолына найза ұстатты, құлап қалмас үшін Санчо сол найзаға сүйеніп тұрды. Сөйтіп, осылайша жарақтанған оны алға шығуға, жұртты соңынан ертуге және әскердің рухын көтеруге үгіттей бастады, егер ол өздерінің жол көзер жұлдызы, білтесі, шамшырағы болуға келіссе, бәрі ойдағыдай аяқталады, десті.

— Ау, мен пақыр, ол жерге қалай бармақпын? — деп қарсылық білдірді Санчо. — Тіпті тіземді де бүге алмаймын ғой, себебі теріме жабысып қалған мына тақтайлар тыпыр еткізетін емес. Сендерге қалатыны мені қолдарыңа тік көтеріп алып, әлдебір ауланың есігіне тігімнен не қиғашымнан қою ғана, сонда оны найзаммен немесе өз денеммен қорғайтын болам.

— Жүріңіз, сеньор губернатор, — деді топтың ішінен біреу, — сізге сауыт-сайманнан гөрі, қорқыныш қадам бастырмай тұр. Күш-жігеріңізді жинап, қайратқа мініңіз, асығыңыз, әйтпесе кеш болады: жаулар үсті-үстіне көбейіп барады, айқай-шу үдеп кетті, қауіп күшейіп келеді.

Ақыр соңында үгіттеу мен кінәлау өз әсерін тигізді: бейшара губернатор орнынан қозғалмаққа талпынды да, сол бойда-ақ бар салмағымен еденге гүрс етіп құлап түсті, қатты құлағаны сонша, көзінің оты жарқ ете қалды. Ол бейне жоғарғы және төменгі сауыттарының арасында тұтқында жатқан тасбақа құсап, немесе бейне екі табаның ортасына түскен қуырылатын ет құсап, немесе, ақыр соңында, бейне тұмсығымен құмға тірелген қайық құсап еденде жалпасынан түскен күйі жата берді; мазақ етушілер арасында оны мүсіркеген жан баласы болған жоқ, керісінше: алауларын сөндіріп, бұрынғыдан да қатты айқайға басып, бұрынғыдан да бетер екіленіп қарулануға шақырды, сосын бейшара Санчоның үстінен олай да бұлай секіріп өтіп жүріп, қалқандарын семсермен аяусыз соққылай бастады: егер тасмаңдай губернатор аяғын бауырына, басын қалқанның ішіне қарай тартып алмағанда, саудасы бітіп те кететін еді; қалқандар арасына қыбыр ете алмастай қатты қысып таңылған Санчо қара суға түсіп терлеп, мына қасіреттен құтқаруын сұрап құдайға ауыз жаппай жалбарынумен болды. Оған біреулері соқтығып, екіншілері сүрініп құлап жатты, енді бірі тіпті үстіне шығып алып, құдды қарауыл мұнарасында тұрғандай, бар дауысымен айқай сап әскерлерге әмір бере бастады:

— Әй, біздің адамдар, мұнда келіңдер! Дұшпан бізді мына жақтан тықсырып барады! Мына кіре берісті қорғаңдар! Қақпаларды құлыптаңдар! Баспалдақтарды бітеңдер! Өрт салатын снарядтарды мұнда жеткізіңдер, май қайнатылып жатқан қазандарға қарамай мен шайыр құйыңдар! Көшелерді кептеп тастаңдар!

Қысқасы, ол қаланы қорғап қалуға қажетті не қилы әскери жабдықты, әр-алуан қару-жарақ пен оқ-дәріні ықтиятты түрде санап шықты, ал бұл кезде сілесі қатып титықтаған Санчо осының бәрін тыңдап, осының бәріне шыдап, өзіне-өзі былай деп жатты: “Беу, жаратқан ием! Аралды жаудың тезірек жаулап алуына көмектесе гөр, ал өзімді не өлтір, не мынадай ауыр бейнеттен құтқар!” Аспан оның өтінішін естіді, өйткені мүлдем күтпеген жерден мынадай айқай шықты:

— Жеңіс, жеңіс! Жау жеңілді! Сеньор губернатор, ау, сеньор губернатор! Түрегеліңіз, тақсыр! Рухыңыздың мықтылығы мен қайтпас-қайсарлығы арқасында жеткен жеңістің қызығын көруге және дұшпаннан тартып алынған олжаны бөлуге асығыңыз!

— Тұрғызыңдар мені, — деді әбден қалжыраған Санчо бәсең дауыспен.

Сол арадағылар оған қолғабыс көрсетті, еденнен тұрған ол былай деді:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий