Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Дон Кихоттың әлгінде сөз болған жағдайға байланысты өз вассалдарына тастаған шақыруын герцог пен герцогиня аяқсыз қалдырмау керек деп шешкен-ді, алайда аталмыш жігіт бұл кезде донья Родригесті қайын енеге айналдырудан қашып, Фландрия жақта бой тасалап жүрген, осы себепті жоғары мәртебелілер оны өз малайларының бірі, Тосилос есімді гаскондықпен ауыстыруды ұйғарып, қандай міндет атқаруға тиіс екенін оған алдын-ала жақсылап ұғындырып берді. Екі күннен соң герцог Дон Кихотқа қарсыласы төрт күннен кейін келетінін, жекпе-жек өтетін орынға дәстүрлі рыцарьлық жарақпен шығатынын, оған қоса, қыздың сөзі өтірік деп жариялайтынын, ал егер қыз үйленуге уәде берді дегенді айтар болса, онда мұны жәй өтірік деп емес адам сенгісіз өтірік деп паш ететінін мәлім қылды. Бұл хабарға Дон Кихот есі шығып қуанды, жекпе-жекте ерліктің ерен үлгісін көрсетуге өзіне-өзі серт берді және жоғары мәртебелілерге құдіретті білегінің қуаты қандай екенін байқату мүмкіндігі туғанын сирек кездесетін сәттілікке балады; сөйткен соң, шаттықтан масайраған ол бұл төрт күннің қашан өтерін күтті, шыдамсыздық шырқын алғаны сонша, төрт күн оған төрт жүз ғасырдай боп көрінді.

Алайда біз бұл төрт күннің өтуіне кедергі келтірмей-ақ қояйық (басқа да нәрселерге кедергі келтіріп жатқанымыз шамалы ғой), сөйтейік те Санчоның соңынан ерейік, ал ол сұр жорғасын тепеңдетіп қожайынына қарай бағыт ұстаған, әлемдегі күллі аралға бастық болғаннан, мырзасымен бірге жүру әлдеқайда ұнамды көрінген, сондықтан жүрегін бір жеңіл мұң жайлап алған-ды. Алайда, таяуда ғана өз қарамағында болған аралдан (айта кетерлігі, аралды ма, қаланы ма, елді мекенді ме әлде селоны ма, нені басқарғанын анықтауға ақыры мұрша таппаған) онша алысқа жырақтап үлгермей-ақ, ойда жоқ жерден жол бойымен өзіне қарай асатаяқ ұстаған алты қаңғыбастың келе жатқанын көріп қалды: бұлар ән айтып қайыр-садақа жинайтын жат жерліктер еді; мұнымен жанаса берген бойда әлгілер қаз-қатар тұра қалды да, қолма-қол дауысын қатайтып, өз тілдерінде әлдебір әуенді азыната жөнелді, Санчо бұдан түк ештеңе ұққан жоқ, тек олардың ап-айқын етіп айтып тұрған бір ғана сөзін, яғни қайыр-садақа деген сөзді ғана жете түсінді, бұл Санчоны бұлар қайыр-садақа сұрап тұр екен деген ойға жетеледі; Сид Ахметтің айтуынша, Санчо тым көңілшек адам болғандықтан, қоржынындағы бар байлығын: таба нанның жартысы мен сүтсірненің жарты дөңгелегін шығарып, әлгілерге ұстатты да, өзінде басқа ештеңе жоғын ым-ишарат арқылы түсіндірді. Олар мұның садақасын қуана-қуана қабылдап:

— Гельте, гельте!44 — деп дабдырласты.

— Түк түсінсем бұйырмасын, сендерге менен не керек өзі, туысқандар, — деді Санчо.

Сол кез тауап етушілердің бірі Санчоға қойнынан әмиян алып көрсетті, сонда ғана мынау олардың өзінен ақша сұрап тұрғанын ұқты; сол бойда Санчо бас бармағын кеңірдегіне қойып, басқа саусақтарын тарбита жазып жіберіп, өзінде соқыр тиын да жоқ екенін білдірді, сосын сұр жорғасын тебініп, әрмен қарай аса берді; сөйтіп, тауап етушілердің жанынан өтіп бара жатқан кезінде әлгінде өзіне зер сала қарап қалған біреуі оны шап беріп құшақтай алды да, таза испан тілінде былай деп сөйлеп кетті:

— Оу, жасаған! Бұл сенбісің-ей шынымен! Апырай, аса қымбатты досым, аяулы көршім Санчо Пансаны құшақтап тұрмын ба мен? Тап соның өзі ғой бұл, — түс көруден де аманмын, ішіп алған да ештеңем жоқ.

Қайдағы бір жат жұрттықтың атын атап, құшақтап жатқаны Санчоны таң қалдырды, алайда ләм деп тіл қатпаған күйі оған қанша қадалып қарағанымен, ақыры оны тани алмады; ал тәу етуші болса, мұның аңырып қалғанын көріп:

— Ау, достым Санчо Панса, көршің Рикоте-морискіні, селодағы дүкеншіні, шынымен танымадың ба? — деді.

Бұдан соң Санчо оған бұрынғыдан да байыптырақ көз жіберіп, ептеп-септеп есіне оралтып, ақыр аяғында алдында кім тұрғанын түсінді де, есегіне мініп отырған күйі оны мойнынан құшақтап, былай деді:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий