Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Санчо бұған мынадай жауап қайтарды:

— Әңгіме басқада, Рикоте: онда бару олардың еркінде болған жоқ қой, оларды қайнағаң Хуан Тьопьейо алып кетті емес пе, ол — өте ақылды мавр, шамасы, оңды жерге орналастырған шығар. Саған тағы бір айтпағым: меніңше, көмбеңді іздеп босқа әуре болатын секілдісің, себебі кедендік тексеру кезінде қайнағаң мен әйеліңнен қыруар інжу мен алтын теңге тәркіленді деген қауесет тараған еді селомызда.

— Бұл әбден мүмкін нәрсе, — деді Рикоте. — алайда, Санчо, көмбені туыстарым қозғамағанына сенімім кәміл, өйткені бір пәлеге ұшырап жүрмесін деп қай жерге көмгенімді оларға айтпағам, ал сен, Санчо, менімен бірге барып, соны қазып алып, тығып тастауға көмектессең, саған екі жүз эскудо берер ем, — бұл сенің біраз мұқтажыңды өтер еді, ақшаға ділгер боп жүргенің маған жақсы мәлім ғой.

— Саған көмектесер де едім, — деп жауап қатты Санчо, — бірақ мен пайдакүнем емеспін, ондай болсам бүгін таңертең бір үлкен лауазымнан бас тартар ма едім, — егер сол қызметте қала берсем, үйімнің қабырғалары алтыннан болар еді, ал өзім жарты жылдан кейін күміс ыдыстан ас ішер ем. Оның үстіне, ұлы мәртебелі ағзамның жауларына көмектесу — бұл, менің түсінігімде, сатқындық боп табылады, сондықтан маған екі жүз эскудо емес, тап қазір қолыма тіпті төрт жүз эскудо ұстатқан күніңнің өзінде де, бәрібір, сенімен бірге бармас ем.

— Сонда қандай қызметтен бас тарттың, Санчо? — деп сұрады Рикоте.

— Аралдағы губернаторлықтан бас тарттым, — деп мәлім етті Санчо, — және арал болғанда қандай, ондайды, әділін айтқанда, қолыңа шырақ алып іздесең де таппайсың.

— Ол өзі қай жердегі арал? — деп ынтықты Рикоте.

— Қай жерде деймісің? — деп қайталап сұрады Санчо. — Осы арадан екі мильдей ғана жерде, Баратария аралы деп аталады.

— Жә, қойсаңшы, Санчо, — деп сенбестік білдірді Рикоте, — арал деген теңіздің ортасында орналасады, құрлықта ешқандай арал болмайды.

— Болмайтыны қалай? — деп дауыстап жіберді Санчо. — Айтып тұрмын ғой саған, достым Рикоте, бүгін таңертең ғана сол жерден шықтым, ал күні кешеге дейін мен оны, ұста балғасын қалай соққысы келсе солай, өз қалауымша басқарып тұрдым, соған қарамастан оны тастап кеттім, себебі губернатор қызметі маған аса қатерлі көрінді.

— Губернаторлықтан қанша табыс таптың? — деп сұрады Рикоте.

— Тапқан табысым мынадай, — деп жауап қатты Санчо: — Өзімнің тек отарды ғана басқара алатынымды ұқтым, сосын губернаторлықтан жинайтын дәулетің үшін тыныштығың мен ұйқыңды құрбан етуің керек екеніңе көзім жетті, тек ұйқыдан ғана емес, оған қоса адам ас-судан да айрылады екен, себебі арал губернаторлары, әсіресе жанында денсаулығын қадағалайтын емшілері бары, тамақты өте аз ішеді.

— Түк түсінсем бұйырмасын, Санчо, — деп Рикоте ағынан жарылды, —меніңше, сен қайдағы жоқты қиыстырып отырған секілдісің: саған аралды кім басқартсын! Бұған лайықты басқа адам бұл дүниеде жоқ па сонша? Не шатып отырсың өзің, Санчо! Одан да, қайталап айтам, менімен бірге барып, көмбені ашуға көмектесу жайын ойлан, ол шын мәніндегі көмбе, онда көп нәрсені тықтым, тағы бір мәрте қайталаймын: қамсыз-мұңсыз тірлік кешуіңе жетерліктей ақша берем.

— Мен саған айттым ғой, Рикоте, ақшаң қажет емес маған, — деп мәлім етті Санчо. — Өзіңді ұстап бермейтініме рақмет айт, ал енді көп сөзді қояйық — сен өз жолыңмен жүре бер, мен өз жолыммен кетейін: кейде адам адал ақшасынан да айрылады, ал арам ақшадан қашан да қанаты қайрылады — бұл маған жақсы мәлім жағдай.

— Жә, ендеше, өзің біл, Санчо, — деді Рикоте. — Енді сен маған мынаны айтшы: әйелім, қызым мен қайнағам кеткенде үйіңде болып па ең?

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий