Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Дәл осы кезде ол қуыстың қабырғасында бір адам қыстырылып-қымтырылып, бауырымен жорғалап өте алатындай тесік барын байқап қалды. Санчо Панса сол қабырғаға жүгіріп барды да, барынша бүктетіліп, тесіктің ішіне еніңкіреп, оның біршама ұзын екенін және барған сайын кеңи беретінін көрді; ал мұның бәрін ол әлгі қуысқа төбеден сыздықтай түсіп тұрған күн сәулесінің жарығы арқылы ажыратқан-ды. Сондай-ақ, ол тесіктің әрмен ұзаған сайын кеңейіп, екінші бір әжептәуір кең үңгірге барып жалғасатынын білді; осыны көргеннен кейін ол есегіне қайтып оралды, сосын тесіктің ернеуін таспен соққылап кеңейте бастады, біраздан соң көлемін ұлғайтып, есекті алып өтуге болатындай дәрежеге жеткізді; Санчоға керегі де осы еді: арғы жағында шығар ауызы болар деген дәмемен есекті ноқтасынан жетелеп, жер асты жолымен ілгері тартты. Оған кейде қаракөлеңке, кейде тастай қараңғы жермен жүруге тура келді және үнемі үрейден жүрегі зуылдаумен болды.

“Құдіреті күшті жасаған, көмектесе гөр! — деді ол өзіне өзі іштей. — Мен үшін бұл нағыз қасірет, ал қожайыным Дон Кихотқа бұл, сірә, аса бір қызықты шытырман оқиға секілді көрінетін шығар. Мына жер асты қуыстары мен үңгірлерді ол, сөз жоқ, Гальянаның гүл атқан бағы және салтанатты сарайы деп қабылдар еді, мына түнеріңкі жыра-жықпылдардың ар жағынан, қарсы алдынан, керемет әсем көк шалғын шыға келеді деп үміт етер еді, ал мен болсам, кембағал, әумесер әрі сужүрек сорлы, адым аттаған сайын аяғымның астынан күтпеген жерден мынадан да терең жаңа бір құрдым пайда бола кетіп өзімді жұтып қоя ма деп қалтырап келем. Алайда, жалғыз келген жамандықтың жарасы жеңіл ғой”.

Осы рәуіштес түрлі-қилы ойлар жетегіндегі Санчо, өз долбарынша, жарты мильден астам жер жүрген соң, ақыры әлденендей әлсіздеу жарықты ажыратты: қай жақтан құйылып тұрғаны беймәлім бұл жарық Санчоға ана дүниеге әкетіп бара жатқандай көрінген бұл жолдың, шын мәнінде, бостанға шығар жол екенін жария етіп тұрған-ды.

Осы арада Сид Ахмет Бен-инхали оны өз бетінше қалдыра тұрады да, Дон Кихоттың жайына ойысады, ал Дон Кихот болса, бұл кезде донья Родригестің опасыздық салдарынан жаманатқа қалып, масқараға ұшыраған қызының ар-намысын қорғауға бел байлап, қыз абыройын төккен нәпсіқұмармен жекпе-жекті дегбірі қалмай қуана күтіп жүрген. Сөйтіп, бір күні таңертең қамал-сарайдан шыққан Дон Кихот жақын қалған айқастың алдында азды-кем машықтанып, жаттығып алу үшін Росинантты көсілте шаптырып, дәлірек айтар болсақ, оқтын-оқтын текірек қақтырып келе жатқан, ал Росинанттың тұяғы оны тура жер асты қуысының қасына алып келген: Дон Кихот бар күшімен тізгін тартпағанда қуысқа құлап түсері де кәміл еді; шұңқырға жақындап келген ол ат үстінде отырған күйі оған шұқшия қарап қалды, қуысты осылай зерделеп тұрған шағында кенет төменнен қатты айқай естілді; бұл үргелектеніп кетті, бірақ ақыр соңында әлдекімнің тереңнен былай деп айқайлап жатқанын айқын ажыратты:

— Әй, сендер, жоғарыда тұрғандар! Апырай, араларыңнан айқайымды еститін христиан немесе тірідей жерге көмілген күнәкарға, губернаторлығы жоқ бейшара губернаторға аяушылық білдіретін қайырымды рыцарь шықпас па екен?

Дон Кихотқа бұл Санчо Пансаның дауысы секілді боп көрінді: бұл оны әрі таңдандырып, әрі абдыратып қойды; сосын дауысын барынша қатайтып:

— Төменде тұрған кім? Кім ол зар илеп жатқан? — деп сұрады.

Бұған мынадай жауап естілді:

— Күнәлары үшін және бақытсыздығына қарай Баратария аралының губернаторы боп тағайындалған, ал бұрын айбынды рыцарь Ламанчалық Дон Кихоттың атқосшысы қызметін атқарған Санчо Панса болмай кім болсын ол және одан басқа кім зар илесін?

Бұл сөзді естіген Дон Кихот аң-таң болып, сілейіп тұрып қалды; Санчо Панса өлген екен, жаны мына жер асты қуысында зарығып жатыр екен деп ойлады; осы ой қатты толқытып жіберген ол былай деп сөйлеп кетті:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий