Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Санчо Пансаны губернаторлыққа аттандырып мазақ қылғандарына жоғары мәртебелілер әу бастан-ақ ешқандай өкініш білдірмеген; сол күні үй басқарушы келіп, губернатордың содан бергі күндерде аузынан шыққан сөзі мен істеген ісінің бәрін дерлік тәптіштеп баяндап бергені, ақыр соңында жау әскерінің шабуылын, Санчоның қалай үрейі ұшқанын және жөнін тапқанын майын тамыза суреттегені олардың айызын қандырып, рақатқа батырған. Одан соң, хикаяда айтылғанындай, жекпе-жек өтетін күн де келіп жетті, Дон Кихотты өлтірмей әрі жарақаттамай қалай жеңуге болатынын малайы Тосилосқа әлденеше қайтара ескерткен герцог найзалардың темір ұштығын алып тастауға әмір етті; ал Дон Кихотқа өзі христиан діні заңдарын қастер тұтатынын, бұл заңдардың алдағы айқастың өмірге қатер төндірерліктей болуына рұқсат етпейтінін түсіндірді, — жекпе-жектің қол астындағы иелікте өтуіне кедергі келтірмегенінің өзі-ақ герцог тарапынан жасалған үлкен жақсылық екенін айтты: өйткені бұған рұқсат етуі арқылы қасиетті собордың мұндай сайысқа тиым салатын қаулысын бұзып отырғанын, онсыз да мейірімсіз ұрыстың шектен тыс қатыгездікпен өтуіне жол бермейтінін ескертті. Бұған жауап ретінде Дон Кихот жекпе-жекті жоғары мәртебелі көңілі қалай қаласа солай өткізуге ерікті екенін, өзінің қандай шартқа да келісетінін мәлім етті. Ақыры осынау үрейлі күн де келіп жетті; герцогтың әмірімен қамал-сарай алдындағы алаңда жекпе-жек төрешілеріне, сол сияқты екі талапкерге — шешесі мен қызына арналған ауқымды тұғыр орнатылды; бұл өңірде бағзы заманда да, бүгінгі заманда да бұрын-соңды болып көрмеген осынау керемет сайысты тамашалауға айнала-маңдағы селолар мен деревнялардан нөпір адам жиналды.

Айқас алаңында алдымен рәсімгер пайда болды; сайыс кезінде сүрініп кетіп, құлап қалуға септесетіндей, байқала қоймайтын бөгде бір нәрсе жоқтығына көз жеткізу үшін ол жекпе-жек өтетін орынды түгел аралап шықты. Одан соң бетін түгел тұмшалап тұрған жамылғысы бар екі әйел келіп өз орындарына жайғасты; Дон Кихоттың сайыс алаңында бой көрсетуі оларды айрықша толқытып жіберді. Көп ұзамай кернейлер үні астында алаңның шетіне мұқым елге мәшһүр малай Тосилос келіп тұрды: үстіне денесін саңылау қалдырмай жапқан, жарқыраған құрыш сауыт киіп, бет бүркеуішін түсіріп қойыпты, астына тұяғының дүңкілінен жер дірілдейтін дығал ат мініпті; оның теңбіл сұр түсті, аяғы түкті, бүйірлі аты, шамасы, фриз тұқымынан болса керек. Айбынды бұл сарбаз айбынды Ламанчалық Дон Кихотпен қалай айқасу керектігі жөнінде қожайыны герцогтан нақты нұсқау алған-ды, сондай-ақ Ламанчалық Дон Кихотты өлтіруге болмайтыны жөнінде қатаң ескертілген еді, — ол өз алдына, Тосилосқа алғашқы бетпе-бет қақтығыстан жалтарып кету жүктелген: осының нәтижесінде өлім қатерінен құтылатыны, егер екеуі бір-бірімен аттың бар шабысымен келіп тоқайласса ондайдың болмай қалмайтыны айтылған. Тосилос алаңды айналып өтті де, екі әйел жайғасқан тұғырға таяп келіп, өзіне күйеу болуын талап етіп отырған біреуіне бірқыдыру уақыт тесіле қарап қалды. Тосилостың жанында тұрған басқарушы, алаңға әлгі әзірде келіп кірген Дон Кихотты қасына шақырып алып, әйелдерден Дон Кихоттың өздерін қорғауға ризашылығы бар-жоғын сұрады. Олар ризашылығы барын айтып, осы арада Дон Кихот қандай қарекетке барса да, оны сөзге келместен, қарсылық білдірместен мақұлдайтынын мәлім етті. Бұл екі аралықта герцог пен герцогиня алаң жаққа қарайтын галереядан орын алды, ал алаңды бұрын-соңды болмаған кескілескен айқасты тамашалауға ынтық жұрт айналдыра қоршап, топырласып тұр еді. Жекпе-жектің шарты бойынша, Дон Кихот жеңсе қарсыласы донья Родригестің қызына үйленуге тиіс-ті, ал жеңілген жағдайда айыпкер берген сертінен азаттық алатын, оған басқа ешқандай жауапкершілік жүктелмейтін.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий