Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Бұдан әлде сегіз, әлде он күн бұрын, жалақор мырза, қарауыма берілген аралға қожалық етуге кіріскен едім, алайда осы уақыттың ішінде нан екеш нанның өзін тоя жеген емеспін. Осы уақыттың ішінде емшілер есімді тандырды, ал жаулар сілікпемді шығарды. Пара да алғам жоқ, алым-салық та жинамадым, ендеше, өз ойымша, мені басқаша шығарып салғандары жөн болатын, бірақ адам көзін тігеді, ал құдай өзі біледі, деген сөз рас екен, өйткені бұйырған кетпейді, қуған жетпейді, берсе — ал, ұрса — қаш, күнә мен қасіреттен құралақан адам жоқ, сондықтан бүгін мырғамға батып жүрсең, ертең әркімге көзіңді сатып жүруің мүмкін. Бұл жайында осымен доғарайын, кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екенін құдай өзі көріп тұр, тағы да айтарым болғанымен, абзалы, аузымды жабайын.

— Күйіне берме, Санчо, өкінбе де: өзің жайында кім не айтпайды дейсің, өйте берсең мұның шегі де, шеті де болмайды. Жұрт аузына келгенін сандырақтай берсін, ең бастысы — арың таза болсын, ал өсекшілердің аузына қақпақ қоюға тырысу да бір — мидай далаға қақпа орнату да бір. Егер әкім қызметінен бай боп кетсе, жұрт оны ұры деседі, ал кедей боп кетсе — микеще әрі ақымақ, деседі.

— Бәс тігуге бармын, — деді Санчо, — басқаны білмеймін, өзімді, әйтеуір, ұрыға емес, ақымаққа балайтындары анық.

Балалар мен басқа да адамдар қаумалаған Дон Кихот пен Санчо, осындай әжік-күжік әңгімемен қамал-сарайға да жақындады: мұнда оларды герцог пен герцогиня галереяда күтіп тұр еді, алайда герцогқа көтерілмес бұрын Санчо сұр жорғасын атқораға өзі апарып орналастырды, өйткені, айтуынша, өткен түнде сұр жорғасы мейманханада қонып шығыпты және онда өзін өте жайсыз сезініпті; тек осыдан кейін ғана ол галереядағы ерлі-зайыпты герцогқа көтеріліп, герцогиняның алдында тізе бүгіп құрмет көрсеткен соң, былай деп сөйлеп кетті:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий