Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Аһ! — деп дауыстап жіберді сол арада Санчо Панса. — Шатағы шаш етектен мына жалғанда ғұмыр кешетіндер адым аттаған сайын қаншама тосын оқиғаға тап болады десеңші! Апырай, күні кеше ғана арал губернаторы қызметін атқарып, малайлары мен вассалдарын бір шыбықпен айдап отырған адам бүгін қайдағы бір шұңқырға көміліп қалады және оны бұдан құтқаратын жан табылмайды, көмекке келетін малай да, вассал да болмайды деген кімнің ойына келер? Шамасы, есегім де, өзім де осы жерде аштан қататын шығармыз, егер тек оған дейін: ол — мертіккеннен, өзім — мойығаннан өліп кетіп жүрмесек. Әрине, қожайыным Ламанчалық Дон Кихотқа жолыққандай сәттіліктің маған бұйырмасы кәміл: анау әлгі жадыланған Монтесиностың үңгіріне түскен кезде оған өз үйіндегіден бетер құрмет көрсетілді емес пе, — оны жаюлы дастарқан, жайлы төсек күтіп тұрды деуге болады. Сол үңгірде оған көзді арбап, көңіл тоғайтатын көріністер аян берді, ал мына жерден мен, сірә, тек бақалар мен жыландарды ғана көретін шығармын. Тасмаңдай біреумін ғой мен, түкке тұрғысыз әурешілігімнің жеткізген жері осы! Бұл арадан, — егер тек жаратқан ием біреулердің өзімді тауып алуына жәрдем етсе, — мейірбан сұр жорғамның сүйегімен бірге менің де теп-тегіс, әппақ, мүжілген қу сүйегімді ғана алып шығатын шығар және осыған қарап жұрт, бәлкім, біздің кім екенімізді бағамдайтын болар, қайткен күнде де, әйтеуір, Санчо Панса — есегінен, ал есек — Санчо Пансадан ешқашан қол үзіп, жырақ кетпегенін білетіндердің солай бағамдары анық. Тағы қайталайын: есегіміз екеуіміз нағыз қырсық арылмаған сорлымыз ғой! Сірә, тақсіретті тағдыр-талайымыз сондай шығар: туып-өскен жерімізде, жақын-жуықтарымыз ортасында дүние салу жазбаған шығар бізге, — олай дейтінім, егер өз отанымызда қайтпас сапарға аттанар болсақ, онда бізге жанашырлық білдіретін, ақырғы деміміз үзілген шақта кірпігімізді жабатын жандар қайткенде де табылмай қалмас еді. Әй, досым-ай, жолдасым-ай менің! Адал қызметіңнің өтеміне жасаған жақсылығым осы болды-ау! Кешіре гөр мені, егер кешіре алсаң және басымызға тап болған мына ақиреттен құтқаруын сұрап жалбарын тағдырға: мұның үшін басыңа лаврдан гүлтәж кигізуге уәде берем, сонда сен лаврдан гүлтәж киген ақыннан аумай қаласың және саған екі сыбаға сұлы беріп тұратын болам.

Санчо Панса осылай назаланды, ал есегі болса оны тіл қатпастан үнсіз ғана тыңдап тұрды, — бейшара жануардың жағдайы қандай қиын да жан төзгісіз екенін осыдан-ақ байқай беруге болатын. Бұл түнді олар ауыр ыңқылмен және зар илеп жылаумен өткізді, сөйтіп ақыры таң да атып, күннің көз қарықтырған жарығында Санчо мына құдықтан басқа біреудің көмегінсіз құтылу дегеннің бос қиял екеніне көз жеткізді, осы себепті ол біреу-міреудің құлағына шалынар деген оймен қайтадан ыңқыл мен айқайға басты, бірақ бұл тірлігінің елсіз-сусыз ен далада жәрдем сұрап жылаған жанның тірлігінен айырмасы аз еді, өйткені жақын маңайда дауысын ести қоятын ешкім жоқ-ты, осыны сезген Санчоның қапастан құтылудан күдері біржола үзілді. Сұр жорға сол бұрынғысынша жалпасынан жатқан-ды — Санчо оны әзер көтеріп тұрғызды, соның өзінде есек аяғын тәлтіректей басып шақ тұрды; одан соң Санчо өзімен тең дәрежеде теперіш көріп, шұңқырға қоса құлаған қоржыннан бір кесек нан алып, есекке ұсынды, есек бұл ұсыныстан бас тарта қойған жоқ, ал Санчо болса, бейне бір анау сөзін түсінетіндей-ақ:

— Нан болса, қайғыда мән болмайды, — дегенді айтты.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий