Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Болдым, әрине, — деп жауап қатты Санчо, — жасырмай-ақ айтайын саған, селомызда қанша адам болса, соншасының бәрі қызыңды көріп қалмақ боп көшеге жүгіріп шықты — ол өзі сондай сүйкімді ғой, жұрттың бәрі мұндай сұлу жер бетінде жоқ десіп жатты. Ал, қызың еңірей жылап, құрбыларын, дос қыздарын және өзімен қоштасуға келгендердің бәрін құшағына алды, олардан құдай мен аспан патшайымынан өзіне жақсылық жасауын сұрап құлшылық етуді өтінді, ал, мұның аса бір аянышты шыққаны сонша, тіпті менің өзім де жылап жібердім, ал менің онша жылауық емес екенім белгілі және, өтірік айтсам оңбай кетейін, оны бір жерге жасырып тастауға немесе жолда ұрлап әкетуге талай адам құштарлық білдірген-ді, бірақ король жарлығынан қорқып тиылып қалды. Алайда, жұрттың бәрінен де дон Педро Грегорьо қаттырақ қайғырды, — оны білесің: жас жігіт, бай мұрагер, — әркімдердің айтуынша, сенің қызыңа ғашық көрінеді, қызың қоштасқан күннен бастап ол да селомыздан төбе көрсеткен жоқ, біздіңше, қызды ұрлап әкетпек оймен соңынан кеткен секілді, алайда әзірше олар жайында ешқандай сыбыс естілмейді.

— Бір жамандық боларын баяғыда-ақ сезгем, — деп шынын айтты Рикоте, — бұл дворянның қызыма ес-түссіз ғашық екенін білгем, бірақ Рикотаның тәрбиелі, тәртіпті екеніне кәміл сенгендіктен әлгінің махаббатына ешқандай мән бермегем: сен, шамасы, естіген де шығарсың, Санчо, мавр қызы нағыз христиандарға сүйіспеншілік сезімін өте сирек білдіреді, дәлірек айтар болсам, ешқашан білдірмейді, ал менің қызымның есіл-дерті махаббат емес, құдай жолы, сондықтан, менің ойымша, жаңағы бай мұрагердің дәмесіне көңіл аудармайтын шығар.

— Ылайым солай болсын, — деді Санчо, — әйтпесе екеуінің де қырсыққа ұшырары анық. Ал, енді достым Рикоте, маған рұқсат бер: қожайыным Дон Кихотқа күн жарығында жетіп алғым келіп тұр.

— Жолың болсын, Санчо бауырым, серіктерім қыбырлап қозғала бастады, біздің де жолға шығар уақытымыз боп қалды.

Сол арада екеуі құшақтасты, Санчо сұр жорғасына отырды, Рикоте асатаяғына сүйенді, сөйтіп олар қош айтысты.

LY тарау

Санчоның жолда қандай кепке тап болғаны жайында, сондай-ақ басқа да қызғылықты нәрселер жөнінде.

Жерлесі Рикотемен кездесуінің салдарынан Санчо жолда кідіріңкіреп қалды да, герцогтың қамал-сарайына сол күні жетіп үлгере алмады: оған жарты мильдей қалғанда кеш түсіп, көзге түртсе көргісіз қараңғылық орнады; мезгіл жаз айы болғандықтан бұған ол аса қынжыла қойған жоқ, сөйтіп таң атқанша күте тұрмақ боп жолдан шықты, алайда басынан соры арылмаған бейбақ болғандығынан шығар, қоналқалық орын іздеп келе жатқан шағында сұр жорғасы екеуі әлдебір ежелгі қаланың қираған жұртындағы терең де тас қараңғы жер асты қуысына топ етіп түсті де кетті; енді дәл тозақтың өзіне жеткенше ұшатын шығармын деп ойлап қалған Санчо құлап бара жатқан кезінде құдайға құлдық ұрып жалбарына бастады. Алайда олай болмай шықты, өйткені жер бетінен үш сажыннан сәл ғана астам тереңдікте есегінің тұяғы қатқылға тірелді, Санчо болса, сол ерде отырған қалпында қалған, мертікпек түгіл жарақаттанған да жоқ. Тынысын ішке тартып алған ол, майып болмадым ба екен, бір жерім жырылмады ма екен деп денесін ұстап көре бастады, ақыры дәнеңесі кетпегеніне көзі жеткен соң мейірім-қайырымы үшін жаратқанға ұзақ уақыт алғыс жаудырды: өйткені мылжа-мылжасы шығатынына еш күмәні болмаған-ды. Одан соң басқа біреудің көмегінсіз бұл арадан шығып кетудің реті бар ма, жоқ па, соны білмекке қуыстың қабырғаларын қолымен сипалап көрді; алайда қабырғалар бұдыр-тиянағы жоқ тегіс боп шықты, бұған Санчо қатты қапаланды, әсіресе есегінің ақырын да аянышты ыңқылын естігенде жаны тіптен жабырқап кетті, ал ол бейшара тектен-тек, әулекі әдеті бойынша ыңқылдамаған, құлаған кезде шынымен-ақ әлдебір жерін ауыртып алған.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий