Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Сеньорлар! Айрықша сіңірген еңбегім үшін емес, жалғыз тек өздеріңіздің, жоғары мәртебелілерім, ұйғарымыңыз бойынша, Баратария аталатын аралдарыңызға бастық боп тағайындалған едім, онда жалаңаяқ күйімде барғам және сол баяғы жалаңаяқ күйімде қайтып кеп тұрмын. Жақсы басқардым ба, жаман басқардым ба — оған куә жетерлік: сіздерге қалай жыр ғып айтарын патша көңілдері біледі. Мен даулы мәселелерді шештім, үкімдер шығардым, алайда тойып тамақ іше алмадым: Қиянтүкпіриода туып-өскен, аралдық және губернаторлық емші Педро Қатыбезеро қасарысып ішкізбей қойды. Түнде бізге жаулар тап берді, қатер зор болатын, бірақ ақыр аяғында аралдықтар, — сөздерінде қанша шындық болса, құдай да оларға сонша денсаулық бергей, — рухымның мықтылығы арқасында бостандығын қорғап қалғанын, жауды талқан ғып жеңгенін жария етті. Қысқасын айтқанда, осы уақыт ішінде губернатор қызметіне байланысты туындайтын барлық мехнат пен міндетті сарапқа салдым, сөйтіп бұларды арқалап жүре алмайтыным жайында байлам жасадым: бұл жүк — жотама, бұл жебе —қорамсағыма сай емес екен, осы себептен өзімді тайдырмас бұрын губернаторлықтан өзім тайып тұрайын деп шештім, сосын кеше таңертең аралды сол өзім алғаш көрген қалпында қалдырып кете бардым, — көшелері, үйлері мен шатырлары алғаш аяқ басқан кезімде қандай болса, тап сондай қалпында тұр. Ешкімнен қарыз алғам жоқ, ешкіммен пайда бөліскем жоқ, тиімділігі шүбәсіз бірнеше заң шығарсам ба деп ойлағам, бірақ ақыры шығарғам жоқ: бәрібір ешкім оны орындамайды, ендеше шығардың не, шығармадың не. Әлгінде айтып өткенімдей, аралдан қасыма жан баласын ертпей жалғыз кеттім, — сұр жорғам ғана нөкер болды маған, — жолшыбай жер асты қуысына құладым, содан жол тауып шығуға тырыстым, сөйтіп ақыры бүгін таңертең күннің жарығында шығатын жерді де таптым, бірақ көп қиындық келтіретіндей көрінді, осы себепті жаратқан ием өзіме сеньор Дон Кихотты жібермегенде өмірбақи сол жерде қала беретіндей екем. Сонымен, мәртебелі мырзалар, губернатор Санчо Панса қарсы алдыңызға келіп тұр, он күн губернаторлық еткен кезде тапқан пайдасы біреу ғана болды, атап айтқанда: арал түгіл, әлем басқарудың көк тиындық құны жоғын білді. Осындай тағылым алғаннан кейін, табаныңызды жалаймын да, балалардың: “Сен — олай қарғысаң, мен — бұлай қарғимын” дейтін секірмек ойынындағыдай, губернаторлығымнан қарғып түсіп, мырзам Дон Кихотқа қызмет етуге көшем, себебі бұл қызметте қатерлі жағдай көп болғанымен, есесіне, әйтеуір, нанға мелдектеп тоям, ал маған — сәбіз жейін, қуырылған шіл жейін бәрібір, тек тыңқия тойып алсам болғаны.

Ұзақ сонар сөзін Санчо осымен тәмам қылды, ал Дон Кихот ол ауа жайылып әлде бірдеңені шатып кете ме деп қыпылықтаумен болды, бірақ Санчоның сөзден тиылғанына, шатпырағы шамалы болғанына көзі жеткен кезде Дон Кихот жаратқанға ойша алғыс айтты; сол арада герцог Санчоны құшағына қысып, губернатор қызметінен тым ерте кеткеніне өкініш білдіретінін, бірақ, өз тарапынан, Санчоға иелігінен басқа бір, ауыртпалығы аз, пайдасы көп қызмет қарастыруға әмір ететінін мәлім қылды. Герцогиня да Санчоны құшақтап, оны тамақтандыруға бұйрық берді, өйткені қажып-талған, тоя тамақ ішпеген адам екені түрінен-ақ көрініп тұрған-ды.

LYІ тарау

Дуэнья донья Родригес қызының ар-намысын қорғауға ниет қылған Ламанчалық Дон Кихот пен малай Тосилостың арасындағы теңдесі жоқ және бұрын-соңды болып көрмеген жекпе-жек жайында.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий