Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Егер шынымен-ақ біреуді жеңген болсам, бетіме түкіріңдер. Олжаны бөлуге ешқандай зауқым жоқ, сендерден сұрайтыным, өтінерім бір-ақ нәрсе: біреуің маған, адамшылық жасап, бір жұтым шарап беріңдер, әйтпесе тамағым тіптен кеуіп кетті, сосын үстімді сүртіп алыңдар, тұла бойым терге малшынып тұр.

Тері құрғатылып, шарап әкелініп, қалқандар алынған соң Санчо кереуетіне келіп отырды да, үрейден, толқудан және қажып-талғаннан сол бойда-ақ талықсып кетті. Әзіл-мазағының Санчоға осынша азап әкелгеніне қалжыңбастарымыз азды-кем ыңғайсыздана бастаған да болатын, бірақ Санчо ұзамай есін жиып алды, бұл олардың көңілін бірледі. Санчо сағат қанша болғанын білгісі келді; оған таң атып келе жатқаны айтылды. Ол басқа ештеңе жайында сұраған жоқ, тұрды да, ешкімге ешқандай тіл қатпастан, жұмған аузын ашпастан киіне бастады, сол араға жиналғандар оған таңырқай қарап, осынау асығыс-үсігіс киінудің мақсаты қандай екенін түсіне алмай дал болды. Ақыры ол киінді, сосын аяғын әрең-әрең басып, — өйткені әбден сілікпесі шыққан еді, сондықтан шақ қозғалатын, — ат қораға қарай бет алды, өңгелер соңынан ілесті; Санчо болса сұр жорғасының қасына барды, оны құшақтап, сәлемдесу ретінде маңдайынан сүйді, сосын көзіне жас алып тұрып былай деді:

— Қуанышты да, қайғыны да бірге бөліскен досым және жолдасым менің, кел, бірге болайық енді! Өзіңе қамқор боп жүрген кезімде, әбзеліңді жөндеу мен қарныңның тоқтығын күйттеуден басқада шаруам болмаған шақта, өмірімнің әр сағаты, күні мен түні бақыт құшағында өтетін, бірақ өзіңді тастап, атаққұмарлық пен менмендік мұнарасына көтерілуім мұң екен, мені мың пәле, мың әуре-сарсаң және бірнеше мың мазасыздық меңдеп алды.

Санчо осылай дей жүріп есегін ерттеп жатты, қасында тұрғандардың ешқайсысы оны бөлген жоқ. Сұр жорғасын ерттеп алған соң әжептәуір күш жұмсап, әжептәуір азапқа түсіп ақыры оған мінді, сосын үй басқарушыға, хатшыға, аға малайға, дәрігер Педро Қатыбезероға, сондай-ақ сол жерде тұрған басқа да бірқыдыру жанға қарап сөз арнап, онысын былай деп бастады:

— Қане, жол беріңдер, мархабатты мырзаларым! Қазіргі мына табытымды тастап, қайта тірілуім үшін бұрынғы бостандығыма қайта оралуға, бұрынғы тіршілігімді қайта бастауға рұқсат беріңдер. Мен губернатор болу үшін және жаудың нөпір әскерін аралдар мен қалалардан жасқау үшін туған жоқпын. Заң шығарудан, провинциялар мен корольдіктерді қорғаудан гөрі жерді жырту мен қопсытуды, жүзім бұтағын қырқып алып, басқа жерге отырғызуды жақсырақ білем. Шадияр Петрге Римнен жайлы жер жоқ, — айтайын дегенім, әркім туа бітті бейімі бар ісімен айналысқаны жөн. Маған қолыма губернатордың жезлін ұстағаннан қол орақ ұстаған көбірек жарасады. Өзімді аштан қатырғалы жүрген арсыз емшінің мырзалығын күтіп мөлигенше, қатықсыз қара көжемді ішіп тыңқия тойып алғаным жақсы. Губернаторлық қамытын киіп, голланд кенебінен тігілген ақ жаймада ұйқтап, бұлғын терісін кигеннен, өз билігім өзімде екенін сезініп, жаз айларында еменнің түбінде ұзынымнан түсіп, қыс мезгілінде тоқтының терісін жамылып жата кеткенім артық. Сөге жамандамаңдар, мырзалар және сеньор герцогқа сәлем айтыңдар: бай болып көргенім жоқ, кедей болып өлгенім жоқ, яғни губернатор қызметіне кіріскенімде қалтамда көк тиын болмаған, қазір одан кетіп бара жатқан кезімде де қалтамда көк тиын жоқ, дегенді айтқым келеді — әдетте губернаторлар аралдан аттанғанда мүлдем керісінше жағдай болатыны белгілі ғой. Ал, енді қақ жарылып, өткізіп жіберіңдер мені: пластырь жапсырып емделмекке бара жатырмын, түнде өзімді аяғымен аямай таптаған жаулардың жасаған жақсылығынан сау қалған қабырғам санаулы-ақ болар.

— Мұныңыз бекершілік, сеньор губернатор, — деп қарсылық білдірді дәрігер Қатыбезеро, — сізге жарақат пен сынықты емдейтін сұйықтық берген болар ем, сырқатыңыздан қолма-қол айықтырып, сауықтырып жіберер еді. Ал, енді тамақ жайына келсек, қателігімді түзеуге уәде берем және не ішем, қанша ішем десеңіз де қарсылық жасамаймын.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий