Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Сол арада Дон Кихот қолынан бір қолғабын сыпырып, залдың ортасына қарай лақтырып жіберді, герцог оны көтеріп алды да, бұрын айтылғанындай, вассалының атынан бұл шақыруды қабыл алатынын, жекпе-жек алты күн өткеннен кейін болатынын, қамал-сарай алдындағы алаңды оның өтетін орны деп белгілейтінін мәлім етті; ал қару түріне келсек, найза, қалқан, сауыт және басқа да сол сияқты әдеттегі рыцарьлық жарақтар қолданыла берсін, әйтсе-дағы қару-жарақтың бәрін төрешілер мұқият тексеріп, қарап шығуға міндетті, сондықтан алдап соғуға, айла жасауға және сиқыршылыққа жол берілмейді, деді.

— Алайда, ең әуелі әдепті мына дуэнья мен әдепсіз мына бикештің сеньор Дон Кихотқа өз құқын қорғау жөнінде сенім білдіруі қажет, онсыз мұның бәрі бос әңгіме боп қалады және жекпе-жекке шақырудан да ештеңе өнбейді.

— Мен сенім білдірем, — деді дуэнья.

— Мен де, — деді қатты күйзеліп, дебдіреп тұрған бикеш жыламсырай үн қатып.

Сөйтіп, герцог тиісті нұсқауларын берді, сосын мұны қалай өткізудің ретін қарастырды, бұл екі аралықта қара жамылған ханымдар залдан шығып кетті, ал герцогиня болса, ендігі жерде бұларға қызметші әйелдер ретінде емес, қамал-сарайына өзінен пана іздеп келген ақсүйек саяхатшы әйелдер ретінде қарауға әмір етті; сол үшін оларға арнаулы жатын бөлме беріліп, әлдебір шетелдік ханымдар іспетті күтім жасала бастады; бұған басқа қызметші әйелдер әжептәуір алағызып қалды, өйткені донья Родригес пен сормаңдай қызының мына қисынсыз қылығы неге апарып соқтыратыны оларға беймәлім еді.

Тап осы кезде, ойламаған жерден, құдды бір көңілді одан әрі көтере түсуге, түскі астың соңына шырай кіргізуге әдейі орайластырылғандай боп залға губернатор Санчо Пансаның зайыбы Тереса Пансаға хат пен сыйлық апарған паж кіріп келді; бұған жоғары мәртебелілер мәз-майрам боп қуанды, өйткені оның қалай барып қайтқанын білуге екеуі де айрықша ынтық еді; сөйтіп, бұлар одан осы жайында айтып беруін сұрады, бірақ анау мұның бәрін бір-екі ауыз сөзбен, оның үстіне басқа адамдар тұрған кезде айтып бере алмайтынын мәлім етіп, бұл әңгімені өзі жоғары мәртебелілермен оңашаланғанға дейін кейінге қалдыруға рұқсат сұрап, әзірше хаттарды оқып қызыққа бата тұруды өтінді. Соны айтып, герцогиняның қолына екі хат тапсырды. Оның бірінде: “Сеньора герцогиняға хат — есімін білмеймін”, екіншісінде: “Күйеуім Санчо Пансаға, Баратария аралының губернаторына, құдай өмір жасын менің жасымнан да ұзақ қылғай” деп жазылыпты. Герцогиня тыпыршып, дегбірден айрылып қалды — Тересаның хаты әуесқойлығын соншалықты қатты қоздырып жіберген-ді; хатты ашып, көз жүгіртіп шыққан соң, мұны герцог пен сол жерге жиылғандар алдында оқып берудің еш әбестігі жоқ деп тапты, сондықтан дауыстап оқуға кірісті:

«Көптен күткен хатыңыз, жоғары мәртебелі ханым, маған зор қуаныш сыйлады. Маржан моншақ керемет жақсы екен, жұбайым жіберген аңшы шекпені де одан қалыспайды. Ал, сіздің жоғары мәртебелім, жұбайым Санчоны губернатор етіп тағайындағаныңызға селомыз қуанып қалды; дегенмен, бұған жұрттың бәрі күдік келтіреді, соның ішінде, әсіресе, священникті, шаштараз маэсе Николас пен бакалавр Самсон Каррасконы атап айтуға болады, бірақ бұған қиналып жүрген мен жоқ: әйтеуір шын мәнінде солай болса болғаны, одан соң жұрт аузына не келсе соны айта берсін; сөйте тұрғанымен, шындығына келсек, егер маржан мен шекпенді көрмесем, өзім де бұған сенбес ем, себебі мұндағылардың бәрі күйеуімді кеңкелес санайды, осы кезге дейін ол ешкі отарынан өңге ештеңені басқармағандықтан, бөтен бірдеңені басқарып кете алатынына күдікпен қарайды. Құдай өзі септесіп, балалардың игілігіне еңбек ете берсін.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий