Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Жо-жоқ, сеньор, — деді Санчо қарсылық білдіріп, — жұрттың мен жайында: “Ақша алғанша көніп бақты, ақша алған соң жөнін тапты” дегенін қаламаймын. Кішкене әрірек барып тұрыңызшы, тақсыр, өзіме-өзім тағы да мың соққы дарытайын: қайта-қайта орала бермей бұл шаруаны бірер талпыныста тәмамдай салуымыз керек, ең дұрысы — әуелі тындырып тастау, сосын сайранды бастау.

— Егер соншалықты қатты құлшынып тұрсаң, онда іске сәт, — деді Дон Кихот, — осқылай бер өзіңді, ал мен әрменірек барып тұрайын.

Санчоның жаттығуын жалғастыруға керемет күш-жігермен кіріскені сонша, біраз ағаштың қабығы сыдырылып қалды, — өзін-өзі осылайша аяусыз шықпыртқан-ды; ақыры шамшаттың діңін қамшымен бар күшін салып бір тартты да:

— Осы арада Самсон мен барлық филистимляндарға ажал жетті! — деп дауыстап жіберді.

Соққының сұрапыл қатты дыбысы мен осынау аянышты дауысты естіген Дон Кихот Санчоға ұмтылды, атқосшысы шыбыртқы қылған, қайысы ширатылып қалған жүгенді қолынан жұлып алып, былай деді:

— Көңілімді табам деп өзіңді өлімші ғып сабауыңа тағдырдың ырзашылығы жоқ, достым Санчо: сен әйелің мен балаларыңа керексің, Дульсинея келесі жолға дейін шыдай тұрар; ал мен, бұл шаруаның таяу арада тынарына деген сеніммен, өзің күш жинап, оны ортақ игілігіміз үшін аяқтап шыққаныңша тоса тұрам.

— Егер осылай ұйғарсаңыз, мархабатты мырзам, сіздіңше-ақ бола қойсын, — деп Санчо келісе кетті, — тек жамылғыңызды иығыма іле салыңызшы, әйтпесе қатты терлеп кеттім, салқын тигізіп алам ба деп қорқам: өзін-өзі алғаш осқылаған адамның суыққа шалдығып қалуы оп-оңай.

Дон Кихот оның өтінішін орындады, жалғыз камзолмен қалып, жамылғысын Санчоға берді, Санчо болса, күннің өзі оятқанша, тырп етпей ұйқы соқты; сосын олар қайтадан жолға шығып, тоғайдан үш мильдей жердегі елді мекенге тірелгенге дейін жүре берді. Олар бекетке келіп түсті, оны Дон Кихот терең оры, мұнарасы, терезе торы, көтерме көпірі бар қамал-сарай деп емес, кәдімгі бекет деп таныған еді; айта кетерлігі, жеңіліс тапқалы бері ол не нәрсеге де парасат көзімен үңілетін болған, ал мұнысы алдағы оқиғалардан анық аңғарылады. Оны төменгі қабатқа, қабырғаларына алтын түсті өрнек бедерленген былғары емес, деревнялық дәстүр бойынша ескі полотнолар ілінген бөлмеге орналастырды. Бұл полотноларда не қилы сурет салынған еді. Солардың бірінде Еленаны алып қашу оқиғасы: оспадарсыз қонақтың Менелайдың зайыбын әкетіп бара жатқаны мейлінше тұрпайы түрде шимайланыпты, ал тап сондай сұрықсыз екінші суретте — Дидона мен Энейдің хикаясы бейнеленіпті: биік мұнарада тұрған Дидона әлде фрегатпен бе, әлде бригантинамен бе теңізде жүйткіп бара жатқан қашқын-қонағына ақжайма секілді алапат үлкен орамалын бұлғап жатыр. Дон Кихот Еленаның өзін алып қашқанға өкініші жоқтығын байқап қалды, себебі ол білдіртпей қулана күлімсіреп тұр еді, ал сүйкімді Дидона болса үлкендігі түйе жаңғақтай жас тамшылатып жатқан болатын. Бұл суреттерді көріп шыққан Дон Кихот былай деді:

— Бұл екі сеньораның тағдыр-талайы ерекше қасіретті, өйткені оларға біздің заманымызда ғұмыр кешу жазбады, ал менің қасіретім бәрінікінен басым, өйткені солардың тұсында өмір сүрмедім: олай дейтінім, бұлардың ғашықтарымен кездесе қалсам Троя да өртке кетпес еді, Карфаген де қиратылмас еді, — осыншама бақытсыздықты болдырмас үшін бір ғана Паристі жер жастандырғаным жетіп жатар еді.

— Бәс тігуге бармын, — деп мәлім етті Санчо, — көп ұзамай-ақ біздің ерліктерімізді бейнелейтін картиналар ілінбеген бірде-бір дәмхана, мейманхана, бекет немесе шаштараз қалмайды. Тек мен оларды мынадан гөрі тәуірірек суретші салғанын қалар едім.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий