Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Шын мәнінде де ғажайып өлке! — деп дауыстап жіберді Дон Кихот. — Ал есіміңіз кім, рақым етіп соны айтыңызшы, мейірбан мырза. Бірақ, мұны білудің маған неге қажет боп тұрғанын сізге тиісті дәрежеде түсіндіріп бере алмаймын.

— Есімім — дон Альваро Тарфе, — деді мейман.

Дон Кихот оған былай деді:

— Сіздің, мырза, жаңада көрінген бір жазғыш таяуда жарыққа шығарған Ламанчалық Дон Кихот хикаясының екінші бөлімінде бейнеленген тап сол дон Альваро Тарфе екеніңізге еш күмәнім жоқ.

— Иә, сол менмін, — деп жауап қатты кавальеро. — Ал, аталмыш хикаяның басты кейіпкері Дон Кихот ең жақын досым болатын, оны туған өңірінен алып шыққан да мен едім, қайткенде де, әйтеуір, оның Сарагосадағы өзім бармақшы турнирге аттануына себепкер болғам. Біраз жағдайға байланысты оған достық көмек жасағаным бар, алабөтен қиямпұрыстығы үшін жендет жотасын қан-жоса қылмақ еді, тек менің арқамда ғана аман қалды.

— Ал, айтыңызшы, сеньор дон Альваро, мен Дон Кихотқа аздап болса да ұқсаймын ба?

— Әлбетте, ұқсамайсыз. Ешқандай ұқсастық көре алмай тұрмын, — деді мейман.

— Ал, ана Дон Кихоттың, — деп қазбалай түсті біздің Дон Кихот, — Санчо Панса деген атқосшысы болды ма?

— Әрине, болды, — деп жауап қатты дон Альваро, — бірақ, жұрт керемет әзілқой дейтінімен, өз басым оның тауып айтқан бірде бір қалжыңын естіген емеспін.

— Бұл сөзіңізге сенем, — деп сөйлеп кетті сол арада Санчо, — себебі әзіл айту кез-келгеннің қолынан келе бермейді және әлгі Санчоңыз, қадірменді сеньор, шамасы, барып тұрған алаяқ, миғұла, оған қоса оңбаған біреу шығар; өйткені шын мәніндегі Санчо Панса деген — мына мен ғой және мен әзіл-қалжыңды жаңбырдан бетер төкпектетем; бұған көз жеткізгіңіз келсе менімен бір жылдай бірге тұрып көріңіз, сонда әзіл дегеннің аузымнан минут сайын дерлік ытқып жататынына, оның үстіне, әрі ағыл-тегіл көп, әрі алуан сипатты болатыны сонша, өзім мүлде күтпеген жерден тыңдаушыларымның қыран-топан күлкіге бататынына куә болар едіңіз. Ал, атақты, жаужүрек, ұстамды ғашық, жалғандықтың жауы, жас балалар мен жетімдер тірегі, жесірлер қамқоры, қыз біткеннің қызғанышы, бір ғана әміршісіне, Дульсинея Тобосскаяға бас ұратын нағыз Ламанчалық Дон Кихот — ол, міне, қарсы алдыңызда тұр және ол менің қожайыным, ал кез-келген басқа бір Дон Кихот, сол сияқты кез-келген басқа бір Санчо Панса дегеннің бәрі — әншейін алдамшылар.

— Құдай ақы, достым, саған сенем, — деп дауыстап жіберді дон Альваро, — айтып үлгерген осы аз ғана сөзіңнің өзіндегі тапқырлық басқа Санчо Пансадан естіген барлық әңгімедегі тапқырлықтан да көп, ал анау болса, ауыз жаппай сөйлейді ғой! Оны сөзуар деуден гөрі мешкей, әзілкеш деуден гөрі әншейін жүрген микеще деген дұрысырақ, ал, жалпы алғанда, жақсы Дон Кихоттың соңына түскен сиқыршылар нашар Дон Кихот арқылы менің де соңыма түсуге ниеттенгеніне күмәнім қалмай тұр. Шындығында, түк ештеңеге түсінер емеспін: оны емделуге толедолық жындыханаға жатқызғаныма кепілдік бере алам, бірақ қазір енді өз Дон Кихотыма үш қайнаса сорпасы қосылмайтын басқа Дон Кихотты көріп тұрмын.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий