Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Бере ғой ақшаңды, аяулы әкесі, — деді Тереса елп етіп, — ақша қолыңа әрқилы жолмен түсуі мүмкін. Оны қалай тапқаныңмен ешкімді таңғалдыра алмайсың.

Санчика әкесін құшақтап, өзіне не әкелгенін сұрады: оны көктемдегі жаңбырдай сағына күткені көрініп тұрды; одан соң бір қолымен әкесінің белдігінен ұстап, екінші қолымен есектің сулығынан алды, әйелі Санчоның екінші жағынан шығып, қолынан ұстады, сөйтіп олар үйлеріне қарай бет алды; ал Дон Кихот болса, үйінде — күтуші әйел мен жиен қыздың қамқорлығында қалды, оның жанында, сондай-ақ, священник пен бакалавр бар еді.

Біреудің бірдеңе деуіне мұрша келтірмеген Дон Кихот сол бойда-ақ бакалаврмен және священникпен бірге бөлмесіне кіріп кілттеніп алды да, оларға өзінің жеңілісі жайында, сондай-ақ бір жыл бойы селодан шықпауға міндеттеме алғаны және бұл міндеттемесін жарғысын қастер тұтатын шынайы кезбе рыцарь ретінде мүлтіксіз әрі бұлжытпай орындайтыны жөнінде қысқаша түрде баян етті; сонымен бірге, жылды бақташы боп өткізбекші екенін, адам тұрмайтын маң далаға кетпек ойы барын, онда ізгі ниетті бақташылық тұрмыс кеше жүріп, махаббатқа қатысты ой-қиялына кең өріс ашуына болатынын айтты; сондай-ақ, священник пен бакалаврға бос уақыты болса және басқадай маңызды шаруалары кедергі келтірмесе өзіне қосылуға ұсыныс білдірді; бір отар қой сатып алғалы отырмын, бұл бәріміз бақташы атану құқын иеленуімізге әбден жеткілікті, оған қоса, қаперге салар тағы бір нәрсем — негізгі шаруа тындырылды, яғни бас-басыңа есім тауып қойдым және бұлар өте лайықты есімдер, деді. Священник атап айтқанда қандай есімдер екенін сұрады. Дон Кихот өзінің бақташы Кихотис, бакалаврдың — бақташы Карраскон, священниктің — бақташы Пресвитериамбро, ал Санчо Пансаның — бақташы Пансино атанатынын айтты. Дон Кихот есалаңдығының осынау жаңа өрісі священник пен бакалаврды қайран қалдырды, алайда оның рыцарьлық ерлік жасау мақсатында қайта тентіремеуін көздеген және бір жыл мерзімнің ішінде тәуір боп кетер деп үміттенген олар мұның бұл жаңа әурешілігін мақұлдады, сөйтіп есуастық ойын өте бір есті ой деп танып, онымен бірге жаңа салада әрекет ете бастауға келісім берді.

— Тағы бір ескеретін нәрсе бар, — деп қосып қойды Самсон Карраско. — Менің атақты ақын екенім баршаға мәлім, сондықтан қорыс пен жықпылда ішіміз пыспас үшін мен бақташылық, зайырлық және басқа да тұрғыда үздіксіз өлең шығаратын болам, ал ең бастысы, мархабатты мырзаларым менің, әрқайсымыз өзі дәріптейтін бақташы қыздың есімін ойлап табуы керек, одан соң ғашықтық дертіне шалдыққан бақташылардың салтына сай, бұл есімдер ойып жазылмаған бірде бір қабығы қатты ағаш қалмауға тиіс.

— Мұның бәрі өте орынды нәрсе, — деді Дон Кихот, — бірақ жан тең келмес ДульсинеяТобосская тұрғанда маған қиялдағы бақташы қыз үшін есім ойлап табудың қажеті жоқ, ол — жақын маңайдағы жағалаудың мақтанышы, даламыздың сәні, сұлулықтың сарайы, әсемдіктің асқар шыңы, — ұзын сөздің қысқасы, асыра сілтеп жібердім-ау деп қауіптенбей мақтау сөздің қандайын да айта беруге әбден лайықты қыз.

— Дұрыс айтасыз, — деп келісе кетті священник, — ал біз болсақ, өзімізге бақташы қыздардың икемге көнгіштеуін іздестірерміз, бірі илікпесе басқасы табылар.

Самсон Карраско іліп әкетті:

— Ал егер таба алмасақ, жұрттың бәрі оқыған, бәрі білетін кітаптарда сомдалған және бейнеленген Филида, Амарилис, Диана, Флерида, Галатея және Белисарда секілділердің есімін алармыз. Бұл кітаптар барлық базарда сатылып жатқандықтан, неге бізге оларды сатып алып жеке меншігімізге айналдырмасқа? Егер менің ханымымды, дәлірегі, бақташы қызымды, айталық, Ана деп атайтын болса, мен оны Анарда деген есіммен жырға қосам, егер Франсиска деп атайтын болса, Франсения атандырам, егер Лусия деп атайтын болса, Лусинда деймін, осылай кете береді. Ал егер Санчо Панса да біздің ағайындықтың қатарына қосылса, онда ол әйелі Тереса Пансаны Тересайна деген есіммен дәріптей алады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий