Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Достары емші шақырды; ол тамырын ұстап көріп, көңілі толмай, Дон Кихотқа жан саулығы жайында ойланғаны артық болмайтынын, өйткені тән саулығына қатер төніп тұрғанын айтты. Дон Кихот оның сөзін сабырмен тыңдады, алайда күтуші әйел, жиен қыз бен атқосшы бұған олай қарамады — олар Дон Кихот бейне бақиға кетіп те қалғандай дауыс сала бақырып жіберді. Емші Дон Кихотты діңкелетіп жатқан сағыну мен сары уайым деген тұрғыда пікір білдірді. Дон Кихот қатты ұйқысы келіп тұрғанын айтып, өзін оңаша қалдыруды сұрады. Бұл өтініш орындалып, ол алты сағаттан астам уақыт бойы тұяқ серіппестен ұйқтады, күтуші әйел мен жиен қыз тіпті ол ұйқтап жатқан қалпы жүріп кеткен жоқ па екен деп те қорықты. Аталған уақыт өткен соң, алайда, ол оянып, былай деп дауыстап жіберді:

— Өзіме осынша мейірімділік білдірген құдіреті күшті Құдайға мың да бір рақмет! Оның шапағаты шынымен шексіз және адам баласының айып-күнәлары оны азайта да, тауыса да алмайды.

Жиен қыз нағашысының сөзін ықылас қоя тыңдады, оның сөзі әдеттегіден, қалай болған күнде де, әйтеуір ауырып жатқан кезде айтқандарынан, әлдеқайда қисындылау көрінді, сондықтан оған қарап былай деді:

— Не жайында айтып жатырсыз, ағатай? Тағы бір жаңалық бар сияқты ғой? Қандай шапағат, қандай айып-күнәлар жөнін сөз етіп жатырсыз?

— Айып-күнәларыма қарамастан Құдайдың өзіме дәл осы сәтте тигізген шапағаты жайында айтып жатырмын, жиенжан, — деп жауап қатты Дон Кихот. — Ақыл-есім қалпына түсті, енді ол жеркенішті рыцарьлық романдарды бас алмай оқудың қырсығынан тап болған надандықтың қара тұманынан құлан таза арылды. Бұл романдардың пәтуасыздығы мен жалғандығын қазір жақсы түсінем, бір ғана өкінішім, осыны кеш ұққаным болып тұр және бұл қатемді түзетіп, жан дүниеміздің шамшырағы боп табылатын басқа кітаптарды оқуға уақытым қалмай тұр. Жиенжан-ай, дүниеден өтерімді сезіп жатырмын, алайда дүниеден өткенімде өмірге босқа келмегенімді жұрттың білгенін, артымда делқұлы деген атақ қалмағанын қалар едім, — тіпті сондай болғанымның өзінде де ажалды күнім арқылы ондай емес екенімді дәлелдегім келеді. Жақсы достарымды: священникті, бакалавр Самсон Каррасконы және шаштараз маэсе Николасты шақыршы, қарағым, олармен арыздасып, өсиет қалдырсам деймін.

Алайда жиен қызға бұларды шақырудың қажеті болмады, өйткені дәл осы кезде үшеуі де Дон Кихоттың бөлмесіне келіп кірді. Оларды көрген бойда Дон Кихот былай деп сөйлеп кетті:

— Мені құттықтауларыңа болады, қымбаттыларым: мен енді Ламанчалық Дон Кихот емеспін, Алонсо Киханомын, мінез-құлқы мен әдеп-әдеті үшін Ақпейіл атанған адаммын. Мен енді Амадис Галльский мен оның қисапсыз ұрпағының қас жауымын, енді менің кезбе рыцарьлық жайындағы жексұрын кітаптардан жүрегім айниды, кемақыл болғанымды, бұл кітаптардың маған қаншалықты зиянды ықпал жасағанын жақсы түсіндім, қазір енді жаратқанның жақсылығы арқасында тәубеге келіп, бұл кітаптарға қарғыс айтам.

Келіп отырған үшеу бұл әңгімені естіп, Дон Кихот, шамасы, есуастықтың басқа бір түрін тапқан шығар деп шешті. Сол арада Самсон оған былай деді:

— Сонда қалай болғаны, сеньор Дон Кихот? Дәл қазіргі кезде, сеньора Дульсинеяның жадысы қайтарылды деген хабар алып отырған шағымызда, бәрінен бас тартпақсыз ба? Баршамыз жиылып бақташы болуға, ән шырқап, шат-шадыман тірлік кешуге оқталған шағымызда, бізді тастап тақуа боп кетпексіз бе? Қойыңыз ондайды, ойланыңыз, бос сандырақ қой мұныңыз.

— Ал, мен осы күнге дейін болғанды сандырақ санаймын, — деп қарсылық білдірді Дон Кихот. — Ол маған сор боп жабысқан сандырақ болды, алайда өлерімнің алдында жаратқанның жәрдемімен оны өз пайдама айналдырмақпын. Сеньорлар, ұзамай бақиға аттанарымды сезіп жатырмын, сондықтан бұл арада әзіл-қалжыңға орын жоқ; қазір маған діни тәлімгер қажет, өйткені арыздасқым келеді, сосын өсиет қалдыруым үшін хатшы керек. Мұндай сәтте адамға өз жан-дүниесімен қалжыңдасқан жараспайды, сондықтан сіздерден сұрарым: священникпен арыздасып біткенімше, хатшыны алдырыңдаршы.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий