Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Дон Кихот жаңадан жасалған мына соңғы атауға мәз бола күлді, ал священник Дон Кихоттың құрметті де ізгі ниетті бастамасына тағы да толық қолдау білдіріп, тікелей міндетін орындаудан ауысқан уақытының бәрін өзімен бірге өткізуге уәде етті. Осымен священник пен бакалавр Дон Кихотпен қош айтысты, кетер алдында одан денсаулығын сақтауға өтініш білдірді және ауқаттану жағына айрықша көңіл бөлуге кеңес берді.

Жиен қыз бен күтуші әйел тағдырдың айдауымен бұл әңгімені бастан-аяқ естіп алған, сөйтіп священник пен бакалавр шығып кеткен бойда екеуі Дон Кихотқа кіріп, жиен қызы оған мынаны айтты:

— Бұл не әңгіме, ағатай-ау? Сізді үйге біржола оралған екен және өзіне лайық мамыражай тірлік кешеді екен деп ойлағанбыз, бақсақ, әлгі бір әнде —

Бақташы бала, тоқтай қал!

Қайдан келдің, барасың қайда? —

делінетіндей, жаңа бір хикметті бастауға басыңыз қисайып тұр екен ғой. Шын сөзім, ондай жастан кеттіңіз ғой!

Сол арада күтуші әйел сөзге араласты:

— Жаз мезгіліндегі — түскі аңызақ, қыс мезгіліндегі — түнгі ызғар мен қасқырдың ұлуы, осының бәрі сізге тиімді ме, мырза? Әлбетте, тиімді емес; бұл — шымыр, шыныққан, оған жөргегінен дерлік көндіккен адамдар айналысатын шаруа. Егер екі тауқыметтің бірін таңдау қажет болса, онда бақташы емес, кезбе рыцарь болған артық. Ақ-адал шыным, сеньор, айтқан ақылымды тыңдаңыз, — мұны сізге шала мас қалпымда емес, сау-сәлемет қалпымда айтып тұрмын және жарты ғасыр ғұмыр кешкен жасым бар, — үйде болыңыз, шаруашылықпен шұғылданыңыз, жарлы-жақыбайларға жәрдемдесіңіз, егер сізге мұның шарапаты тимесе, күнәсын мен-ақ артайын.

— Жарайды, қыздарым, — деді Дон Кихот, — не істеуім керек — оны өзім білем. Мені төсекке жатқызыңдар, — аздап дімкәстанып тұрмын, — сосын естеріңде болсын: кезбе рыцарь ма, бақташы ма, кім болсам да, бәрібір, қашан да өздеріңе қамқорлық жасаймын, оған іс жүзінде көз жеткізесіңдер.

Екі бауырмал қыз (күтуші мен жиені, шын мәнінде де оның қыздары іспетті еді) оны төсекке жатқызды және жақсылап тамақтандырып, күтім жасауға барын салып бақты.

LXХІҮ тарау

Дон Кихоттың сырқатқа шалдыққаны, өсиет қалдырғаны және дүние салғаны жайында.

Дүниеде мәңгілік ештеңе жоқ, бәрі де, соның ішінде адам баласының ғұмыры да, алғашқы кірпік қағымнан соңғы қас қағымға дейін дәйім тек ақыр аяғына қарай жылжумен болады, ал көктегі құдірет Дон Кихот өміріне өз ағымын бәсеңдету қабілетін дарытпағандықтан, оның демі үзілуі мен дүние салуы өзі үшін мүлдем күтпеген жағдайда болды; бәлкім, ол жеңіліп қалғанына бола қатты қамыққан шығар әлде көктегі Құдірет солай орайластырып, ұйғарым етті ме, әйтеуір безгекпен ауырып, алты күн бойы төсек тартып жатты, осы уақыттың ішінде достары: священник, бакалавр мен шаштараз келіп көңілін сұрап тұрды, ал мейірбан атқосшысы Санчо Панса болса, күні-түні басында отырды. Оның мұндай күйге ұшырауы жеңіліс табуы мен Дульсинеяның жадысын қайтарып, оған азаттық әпере алмайтын дәрменсіздігіне деген күйінішінің салдары деп ойлаған достары қолдарынан келгенінше Дон Кихоттың көңілін көтеруге тырысып бақты; ал бакалавр оған өзін-өзі қолға алып, төсектен тұрып, бақташылық өмірді бастауы керегін айтып қақсаумен болды, тіпті бұл тақырыпқа, өзі, бакалавр, Саннадзаро эклогынан да артық бір дүниені дайындап қойғанын және өз ақшасына кинтанарлық малшыдан отарды күзететін екі дәу төбет сатып алғанын, бірі Құбажирен, екіншісі Құсқабар аталатынын мәлім етті. Мұның бәрі, алайда, Дон Кихоттың қайғысын сейілте алмады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий