Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Аң аулап жүрмісің? Итің қайда?

– Ит осында... Жаңа осы шиде жүр еді... - деп Абай итін енді ғана есіне алып, артына қарады.

Сары тазы бұл уақытта шиден шығып, жортып келеді екен. Ербол тазының түсіне қарай сала күліп жіберді.

– Жарайды, аңшы-ақ екенсің! Осындай тоқ итпен аңға шыға ма екен?

– Қой, тоқ емес-ті!..

– Бәле, мынау не? Бүйірін қарашы! Жаным-ау, өзі не жеген? Жаңа ғана жепті? - деп, айнала қарап тұрып, төсіндегі қанды көрді де: - Өзің итіңнің аң алғанын да білмепсің ғой. Мынау қоян жепті ғой! - деді.

Абай аздан соң тазыны сөз қылғанды қойып, Ерболды басқа әңгімеге әкетті.

Қасынан жібермей көп жүріп, ұзақ сөйлесіп, жылы сөйлесіп кеп, аулына шақырды.

Ерболдың қолы бос, жай, ауыл қыдырып жүр екен. Абайға мейлінше көңілденіп ерді.

Осы кездескеннен бастап, Абай Ерболды бес күндей жібермей, өз аулында қонақ етті. Неше алуан ойындар ойнады. Әңгімелер айтысты. Кеш сайын ән салып, ұзақ сауық құрысты. Сол күндер ішінде Абай өз өлеңдерін де айтты.

Ербол ендігі сырласы боп алды. Өмірінде алғаш рет осы жігітке Абай өз жүрегінің сырын ашты. «Тоғжанға білдір» деп ашты.

Ербол осыдан соң, барлық Абай айтқан өлеңдерді жаттап ап, жас жігіттің жан сәлемін Тоғжанға жеткізбек боп жүріп кетті.

Арада айдан созылған үш күн өткенде, Ербол Жидебайға қайта кеп, Абайды ертіп алып Шыңғысқа, Түйеөркешке қарай тартты.

Абайдың жалғыз тілегі бір ғана оңашада жүз көрісіп сөйлесу болатын. Сол арманын Ербол апарып, әуелі Тоғжанның жеңгесіне, Асылбектің келіншегіне айтыпты. Сәлемге айтқан өлеңдерін айтып беріпті. Ол жеңге Тоғжанмен барынша сырлас, тату болатын. Өмірінде әлі күнге қайын сіңлісі мен өзге жігіттің арасына делдал боп көрмеген-ді. Бірақ мынау жол оған да өзгеше көрініпті. Ербол да сөзге жүйрік, қолқасын өткізе білетін, отты, жұғымды жігіт.

Әйтеуір сол жеңге мен Ербол екеулеп отырып, Тоғжанға Абайдың бар өлеңін естіртіпті де, ақырында, бір жол жүз көрісуге көндіріпті.

Тақат, сабырдан айрылған Абай Түйеөркешке қалай жеткенін аңғарған да жоқ. Ымырт жабыла бере екі жігіт тау ішіндегі Ербол аулына келді.

Кішкене кедей қорада Ерболдың өз үйінен басқа үй жоқ екен. Бұл қыстау Қарауыл суының бер жағында, Сүйіндік қорасы өзеннің ар жағында бір шақырымдай жерде.

Маң төбеттері үріп, мұржаларынан түтіндері будақтап, қарауытып, мол дүниедей боп тұрған бай ауыл. Иелері Абайға араз, бөтен ауыл. Онда Құнанбайдың баласы баруға жол жоқ.

Әсіресе мынау келген сапарынан, қастық пен қаттылығын аямайды.

Әділбек, Асылбектер - бұл өңірдің намыскер, мықты жігіттері. Олар жау ұлының ниетін білсе, өлердей өртенеді.

Соның бәрін есептеген екі жігіт, түн болғанша өзеннің осы жағында қалды.

Түн келіп, уәделі уақыт өткен соң, Ербол мен Абай жаяулап қана арғы жағаға өтті. Ауыл ұйқыда, иттер де тыныш.

Мал қораның есігін Ербол ептеп ашты да, Абайды түйе қораның ішіне енгізіп, өзі қараңғыны сипалап жүріп кетті.

Абай сол қараңғыда тапжылмай, тынысын тартып тұрған шақта, өз жүрегінің тоқтаусыз дүрсілін естіді.

Аз уақытта Ербол қайта кеп, мұны қолынан алып, сыбырлап:

– Құдай берді! Асылбек бүгін үйде жоқ екен! Қазір соның отауына кіреміз!

– деді.

Абай ақырын сәлем беріп, жасаулы отауға кіргенде, аққұба жеңге төсек жанында тұр екен де, Тоғжан жерде көрпе үстінде отыр екен. Табалдырықтан төрге шейін жайылған әдемі алаша. Тамның бар қабырғасы тұскиіз, жібек кілеммен қапталыпты. Ақ жібек шымылдық биік сүйек төсекті жартылай қоршап апты.

Абай амандасып тоқтағанда, сыпайы жеңге бұған жақындап кеп, тымағын алып, белін шешті.

Тоғжан алғашқы минуттерде қатты қысылып, өте ақырын амандасып, өзгеше қызарды. Бір кезде оның жүзі ағара бастап, сұрланып кетеді. Жүрек толқыны мен ұялу аралас. Барлығы да лүпіл қаққан шыншыл қанмен бетіне шығып, сыр айтып қайтады. Ербол жастар қысылмасын дегендей болып:

– Ал, мен арғы жағаға қайтып, атты әзірлеп тұрамын! - деді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий