Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Құнанбай сол уақытта орнынан тұрып кеп, Майырды ту сыртынан құшақтап, қос қолын сыртына топшыдан қайырып тұра қалды да, Мырзаханға қатты бұйрық етіп, пешті басымен нұсқап:

– Тұр, Мырзахан! Сал, өрте ана қағаздардың бәрін! - деді.

Майыр масайып қалып, өз міндетін ұмытқаннан ба, болмаса, Құнанбай бір өзгеше жамандық еткелі жүр деп сескенгеннен бе, әйтеуір, бұлқынып, алыспақ тәрізденді. Бірақ Құнанбай жасында үлкен жауынгер, найзагер болған. Әлі де қатты, қайратты болатын. Майырды тыпыр еткізбеді.

Мырзахан бұл уақытта бар қағазды құшақтап апарып, отқа тоғытып жатқан.

Майыр құтыла алмасын білді де: , - Е, Өскенбайыш, қойсаңшы! Закон ды қайтесің. Өскенбайыш, қойсаңшы! -деп, жалынған тәрізденді. Мастық па, көлгірлік пе, айыру қиын. Оқта-текте жұлқынған боп:

– Осылай ма еді? Өртемейік, жоқ қылмайық та бәрін! Мен қайтемін? - деп қояды.

Бірақ осының бәрі оның шыны емес. Құнанбайға ең жақсы септік әрекетін әлі де бұлдай түсіп, әлі де қымбатқа сатпақ. Бұл ажарды көптен сезген Құнанбай түбінде орайы келгенде ендігі соңғы қимылды өз қолымен істеп көрмек боп, әлдеқашан байлаған.

Аздан соң қағаздың бәрі лапылдап жанып, тегіс өртеніп, қап-қара қалың күл боп кетті. Мырзахан мен Құнанбай осы уақытта пешті жапты да, бір-біріне қарасып, үндеспей күлісіп қойды. Майыр орындық үстінде ұйықтап қалған кісінің қалпында, шалжиып, көзін жұмып қапты.

Құнанбайлар бұған: «Қош, қош» десті де, шығып кетті. Өзгеше қонақтары кетісімен Майыр атқып тұрды. Өзі де, қозғалысы да шып-ширақ екен. Басын сілкіп, «дір» етіп, тағы біраз коньякты төңкеріп ап, іске кірісті.

Ендігі серігі осы үйдің иесі Сергей, сол екеуі ертеден байлап қойған уәде бойынша қораға шығып, Сергейдің бір кішілеу сарайын өртеді. Сарай ішінде Майыр мініп келген үлкен шана, азын-аулақ қамыт-сайман және сол шана ішіне тасталған киіз, азын-аулақ жәшік және аса көп ескі қоқсық қағаз жанды.

Бұл істі білген, көмектескен Сергейдің пысық «дабернайы» Мишка болатын.

Сергей өз қорасында осындай өрт шығарумен Майырдың жеген парасын және заңға қарсы істеген қылмысын жапты. Бұл іс «еруліге қарулы». Былтыр Қарқаралыда қазнаның пұлын Сергей мықтап жеп барып, сынған уақытта, Майыр осындай жалған өрт салып, өзі акт жасап, қол қойып, Сергейді құтқарып кеткен. Мынау - топас арам айланың бәрі соның орайы болып шықты.

Осы түнінің ертеңінде Сергей, өз қаласының белгілі жемқор дуан басына, өздеріне мәлім жолмен куәлік жасатып, «қағаз өртенгенін» Майырға акт қып, нықтап бекітіп берді.

Сонымен арада бес күн өткенде, Құнанбай бір бөлек, Майыр бір бөлек боп, Омбыдағы көрпіске келді.

Көрпіс кеңсесі Құнанбайды осы келгеннен он шақты күн шолақ-шолақ тергеді де, ақырында айыпсыз тауып босатып шығарды. Майыр бар ісін жым-жылас аяқтап алып, дуанына қайтты.

Сондай жолдармен ақталған Құнанбай Қарқаралыға қайта келгенде, «сүйінші» тілеген шапқыншы Тобықтыға қарай ұйтқи шапқан. Құнанбай өзі ауылға қайтуға асықпай, Қарқаралыда тағы да біраз жатты.

Мырзахан Омбы сапарын Алшынбай аулына және басқа сыр шашпайтын тілеулестерге үлкен ертегі қып айтып жүрді.

Оның әңгімесінше, Майыр барынша қас еді. Қағазды, заңды көрсетіп, Құнанбайға: «Мынамен құртам, мынамен жоқ қылам, мынамен қайтіп құтыласың?» деп табалап, мақтанып, жайып салған боп шықты. Майыр сондай қастығының үстіне ақымақ, аңғал болып та әңгімелескен. Онысына сенбейтін тыңдаушы болған жоқ.

«Тап солай» десіп, бастарын шұлғи-шұлғи иланып еді. Осымен қатар Құнанбайдың «жүрек жұтқан ерлігі, айла-тәсілі» өзінен-өзі атамай-ақ әйгіленіп жатты.

Бұл ертегі алғашқы шапқыншымен Құнанбай ауылдарына неше қабат ұлғайып, өрекпіп жетті.

Майырмен және бар Қарқаралы ұлығымен қайта табысқан Құнанбай көктемге шейін қайтпай жатып, енді ұлықтығын қайта қуды. Бірақ, бұдан былайғысы аға сұлтандық емес.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий