Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

«Ғашық оты, мағшуқа» деген сарындар жетектей береді. Өзі әлі өмірінде сол көп естіген мағшуқамен жүздесіп, тіл қатысып, ләззат алысып көрмесе де көңілімен аса нәзік сезініп, дем тартады. Ұмыттырмай, айықпай, лебі тартып, жатқан бір ыстық жан бар. Ол - араздық, жаулық ар жағында. Кешегі төбелес, алыс-жұлыс атаулының ор, жырасының ар жағында қалып қойған, алыстап тұрған - Тоғжан. Соны көп-көп еске алады. Биылғы қыс бойында қағазға жазған азды-көпті өлеңінің бәрін, қорғаншақ, батылсыз жүрекпен соған арнайды. Осы қыста: «Әлиф деп ай юзіңе ғибрат еттім» деген бір кітапша сыпайы жыр жазды.

«Ақ етің аппақ екен атқан таңдай» деген елеңін енді түгел аяқтады.

Кейде Тәкежан, Ғабитхандарға домбыраға қосылып, әндетіп айтып беретін де болды.

Оқта-текте үйден шықса, Абай қара-ауыз сары тазыны ертіп, қоян қуатын.

Бірер рет Шыңғысқа, Қарашоқыға барып, Күнкенің аулында жатып, Құдайберді деген ағасының қасында болды. Құдайберді ерте үйленген. Осы қыста оның үшінші ұлы туыпты.

Күнкенің аулы Құнанбай турасынан ертерек хабарланып тұрады. Бұрын аға сұлтанның кеңесі орнаған жер осы бәйбішенің аулы болатын.

Шыңғыстың бөктерімен, бір қабат ішінде қыстап отыратын Ырғызбай да, өзге қалың ел де молырақ. Хабар-ошар көп болатын себебі де сол.

Әке хабарын үй іші сұрастыра бергенде, Абай әдейі осында келіп, әр нәрсені естіп қайтатын. Бірақ сол хабар үшін келумен бірге, Абай Күнкенің әралуан, жайсыз мінезін де көруші еді.

Құнанбай кеткелі Күнке Ұлжанға кінә таққыштап, Абайдың көзінше де әртүрлі сөздер айтады. Соның үлкені:

– Мырзаның жәйі не? Не күйде жүр? Оны ойлап Ұлжан қысылмайды ғой.

Қысылса, ағайынды, елді жиып үлкен үйді мырза бардағыдай қан базар ғып отырмас па еді? Кешсе, жұрттан оқшау көшеді. Қалса Жидебайда жалғыз ауыл қалады. Арттағы елге ұйтқы боп, асын беріп, ерінің тілеуін тілетіп отырғанның орнына, өз тыныштығын сүйеді. Бар елдің күтімі де, шығыны да бізде.

Тауқымет біздің мойында! - деп жазғыратын.

Ұлжанның атқамінер атаулыны өз аулына жия бермейтіні рас. Шыңғыста, қалың ел ортасында болғандықтан Күнкенің қазан асысы, қонақ шоғыры мол екені де рас. Қазір бұл үйдің сойысы Ұлжан үйінен көп болғанға Күнке, әсіресе күйінеді. Ол да күндестіктің, бәсекенің бір қиын, шытырман жері болатын.

Мал амалсыз сойылып, жиі шығындап жатыр. Сол шығын өскен сайын іші ауырып, ең ақыры осы кездерде Ұлжанды абысын-ажынға да, ағайын-жақын үлкенге де, тіпті бала-шағаға да жамандай бергіш боп еді.

Абай бұл шешесімен дауласпайды. Айтқанын үндемей, салқын ғана тыңдайды да, сол арада ұмытуға тырысады. Үйткені, шешесі, Күнке айтқанды оның баласы Құдайберді айтпайды. Ол әрқашан Абай келгенде қуанып қарсы алып, аса қатты бауыр тартады.

Күнкенің сөздерін Абай өз шешесіне де жеткізген емес. Бірақ Қарашоқыға барып қайтқан сайын, үйдің оңашасын тауып, әжесіне айтып, сонымен ақылдасатын: Әжесі Күнке сөздерін тыңдап-тыңдап кеп:

– Елеме ол сөзді! Қай үйдің қай жөнмен жүретінін сол білетін шығар.

Күндестік деген сұм мінездің ызғары ғой! Күнке мен Айғыздан сондай бықсық шықпай жүре ме? Шешеңе айтпай-ақ қой, өзім тыямын! - деген.

Айтқанындай Зере бір күні Ызғұттыны шақырып ап, Күнкеге әдейі жұмсап, жаңағыдай сөздерден тыйылсын деген. «Одан да үндемей шыдап, байының елі-жұртын, қонақ-қопсысын сыр бермей сыпсыңдамай күтсін» деді.

Құнанбайдың ауылдары мен ағайынының жолаушыны күтуі ұзаққа созылды.

Бұл жақтан алған он бес қыстауға Байдалы, Байсалдар таласа, қырбайласа жүріп, әлдеқашан қонып алған. Күз белгісіз өтті. Қыстың да тең жартысы ауып барады. Құнанбай қайтпай жатыр. Тек ай сайын ғана қасындағы жігіттерін кезек-кезек жіберіп мал алғызады. Үйлеріне әр шаруаның жөнінен сәлем айтады. Амандығын білдіреді.

Өз ісінен анық берген хабары: барысымен, аға сұлтандық орнынан түсіпті.

Енді соның арты оңай айыға ма? Тексеруден дуан жібермей жатыр деп, қысқа ғана белгі береді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий