Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Жазықсыз жаулық көрген сорлы мал тілек тілей білсе, бұл түнде мынандай қамалып тұрған қастық ортасында елімнен басқаны тілеместей.

Жұмағұл бағана келгеннен бері боқтықтан тыйылған жоқ Майбасар старшындықтан түскен соң, Жұмағұл атшабарлықтан да қалған болатын.

Піштірілген сәуріктей боп, діңкесі құрып жүріп еді.

– Жанжал мен төбелес құдайдан ақсарбас айтып тілесе де қолына түспей, Жұмағұлдың мысы құрып жүр! - деп, жорға Жұмабай мысқыл ететін.

Бірақ осы соңғы екі жылда Жұмағұл орнын тапты. Оны Тәкежан жолдас қып алды. Рас, Тәкежан қолында әмір, құдірет жоқ. Бірақ қыс пен күзде жер қоритын әдеттері бар. Сонда маңайдағы малы азғана, күші кем, адамы момын ауылдарға Жұмағұл мен Тәкежан атшабар мен старшыннан кем тимейді.

Малшыларды сабайды, мал қуады, ат ұстап алады. Ағайынды көп жалындырып, жалпетек ететін талай істері бар-ды.

Өздері онсыз да бәле тілеп жүрген Жұмағұлдарға Дәркембайларды қатал құдайы өздігінен айдап кеп бергендей болды. Бұларға күні түсіп отырған кім десеңші! Ол - әншейінде Тәкежан, Жұмағұлдың тістерін басып жүретін Дәркембайы...

Жұмағұлды аттандырар жерде, Тәкежан дауыстап тұрып:

– Дәркембайды қолыма береді екен! Ата дұшпаным Дәркембайды! - деп, кіжініп қалған.

Соны есіне түсірген сайын Жұмағұл арық қойларды бастырмалатып, домалатып кетеді.

Осындай боп, айықпас бораннан да бетер қатты кәрғып жүрген кезінде, ақ боранның ішінен шапқылап кеп шыққан екі көк атты көрінді. Қылаң аттар боран ішінде дәл жасырынып келгендей бопты. Жұмағұл бұл уақытта аш қойлар мен Дәркембайды боқтағанын місе қылмай, тіпті Дәркембайдың арғы атасы сонау Бөкеншіден түсіп, соның атын атап құлдилатып жүрген. Боз аттылар келе бергенде, зілін қатайтып, тағы бір қатқан қойды қағып түсірді.

Асығыс жүрген аттылар, үн шығармай, дыбыс бермей тұп-тура қоян-қолтық келді. Не жөн сұрап немесе ашу айтып ұрысқан да жоқ. Тек қана алдыңғы атты екпіндеп кеп, қой мен Жұмағұлдың атының екі арасынан кие берді де, шылбырдан алды. Жұмағұл ашу шақырып, тебіне түсіп, қамшысын оңтайлай беріп еді.

Осы кезде Абай ақырып жіберіп:

– Аш көзіңді, жауыз! - деді.

Жұмағұл Абайды тани берді. Бірақ танысы жаудан бетер боп шықты. Үн қатқанша аял болған жоқ. Абай оң қолындағы қамшысын құлаштап қайрып алып, Жұмағұлды қақбастан тартып-тартып жіберді. Жұмағұл тебініп құтылайын деп еді. Шылбырын Абай сол қолына орап апты, тапжылтпады.

Екеуінде де үн жоқ. Абай аямастан тағы да батырлатып жөнелді. Қолы қатты.

Қамшысы сойылдай тиіп барады. Бұл қорлықты көргенше, өліп бағайын дегендей боп, Жұмағұл Абайдың өзіне ұмтыла берді. Бірақ дәл осы кезін баққан Ербол әзір тұр екен. Атын қатты тебініп жіберіп, кимелеп кеп, Жұмағұлды жауырыннан ала түсті. Бұл уақытта:

– Уа, құдай тілеуің берсін! Бәсе, бір адам баласы да бар шығар-ау! Жанның бәрі қасқыр емес шығар-ау! А, құдай-ай, бері әпкеші! - деп, зар қағып жүгіріп кеп, Дәркембай да жетті. Жұмағұлды жағадан алып, бір-ақ жұлқып, күпсек қардың үстіне доптай түсірді. Абай сол арада: «Қойды кейін қайыр!» деп, қатты әмір берді. Иелеріне айдатып отырып, қорыққа қайта кіргізді.

Жақын жерде тұрған үлкен мая бар екен. Соған қарай айда деп бұйырды.

Қой маяға жақындай бере, шұбай жүгірді. Дәркембай Құнанбайдың қорығына түсумен қоймай, пішеніне тағы ауыз салғаннан қорқып:

– Қайыр! Қайтар! Пішенін жегізбе! - деп, өз кісілеріне айғайлай бастады.

Абай оған да зекіп:

– Тоқта былай! Барсын!.. Жесін! Маяға жабыңдар, жарамсақсымай! - деп ақырды. Қойлар тегіс маяға жетті де, мол пішенге бас қойды. Жағалай жабысып, қатып тұрып қалды.

– Таң атқанша осы маядан тапжылтпа! Боран аныққанша тыпыр еткізбе!

Бұл жер, бұл шөптің Тәкежан иесі болса, мен де иесімін! - деп, Абай бір жұмысты жайғады да, енді Дәркембайды қасына шақырды.

– Дәркембай, сенің екі жолдасың осы қойдың қасында болсын.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий