Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Жігіт болсаң, жігерің болса, мынау шұбырған елге пана болыңдар. Малың аманда, жаның сақта... Әншейін-де есе бермесе ең болмаса осындай қысылған күнде артығынан үлессін... Жерінен жайылыс берсін. Қыстау қорығынан пана берсін көпке! Үлеске салсын жиған қорын. Елден ерек аман қалған Күнекең, Байсал, Байдалы, Сүйіндіктер мен тұтас Ырғызбай кімге тұлға болады? Бар ел жүген ұстап қалып, аштан шұбыратын күн болса тіпті оларды аман да отырғызбайды. Жер мекеніне босып кетуден бұрын, ең әуелі осылардың өзінде барды ұйпап кетпей тұра ма? Мұны ап-аман қойып, өздері ауған қояндай құр жосып кетсе, оның тіпті елдігі қайсы? Қысқасы, ел кетпейді! Кетсе, тек кетпейді! - деді.

Бұл сөздері барлық жиынды қатты ойландырды. Асылбек, Базаралы дауының кейбір жерін теріс деп білген.

Жұт деген киіз туырлықты қазақтың атам заманнан бергі зәулісі емес пе?

Жалғыз бүгінгі күннің адамынан боп отыр ма? Сыңар езу кетіп, бір-ақ жаққа салмақ сап отырсың... Осының оғат! - деді.

Базаралы дауласайын деген ойда емес. Көңіліндегі өзі ұғынған наразылық бетінен қайтқан жоқ. Асылбектің сөздерін: «Әкең Сүйіндіктен келе жатқан жалтақтық қой!» деп, жақтырмай тыңдады. Асылбекке ажырая қарап, басын изеп қоя салды.

Жігіттердің осы әңгімесі аяқтай бергенде, аязды тыстан үш кісі кеп кірді.

Үстері қар, сақал-мұрттары сіреу болған. Алдыңғы келген сеңсең тымақ, көне тонды, ұзын бойлы жолаушының кірпігіне шейін қырау тұрып қапты:

Бұл келген Бөкенші Дәркембай мен соның екі кедей көршісі екен. Абай Дәркембайды танып: - Шешініңдер, - деп еді. Дәркембайдың жүрісі тығыз екен, шешінбеді.

Бұл Дәркембай анау жылы Тоқпамбетте Бөжей сабалатында Құнанбайды атам деп мылтық оқтаған кісі болатын. Сол төбелестен бері Тобықты іші болсын, әсіресе, Құнанбай айналасы болсын оның сондағы ісін есіткен.

Барлық Ырғызбай Дәркембайды содан бері көзге түрткі ғып, шетке қағып, қырына ала беретін. Абай шаруасын сұраған соң, Дәркембай іркілген жоқ.

– Шырағым Абай, қарындасқа қайырымы бар бала деп естушем.

Сондықтан кеп отырмын. Болмаса, ана Тәкежандай десем, келмес ем... Басыма күн туып кеп тұрмын. Мынау екі көршіммен үшеуіміздің үйлерімізде жиыны 20-30-дан тұяқ бар еді. Сол азынаулағымызбен бірге пана таба алмай ығып, бүрісіп кеп отырмыз... Жерімізде қылтанақ жоқ Қойларымыз бұралып бітті.

Қазір осы Мұсақұлға жеткенше, бес қой үсіп өлді! - деді.

– Өй, Шыңғысқа неге тартпадың?.. Тым құрыса, тау панасы бар ғой! - деп, Асылбек сұрай бастап еді.

– Ойбай-ау, боран Шыңғыстан соғып тұр. Өзі титықтап тұрған мал қарсы баса ала ма? Және Шыңғыс қайда, біреу қайда? Мынау Мұсақұл, Жидебай әрі ыққа қарай, әрі жақын және иелері бейіл берсе, бұл Мұсақұл, Жидебай, Барақ сияқты үш қорық - талай қора қойға пана емес пе? Қарын аршысам да, өлтірем бе! Шидің іші қойға пана ғой! - деп бар үміт қып келгенім осы еді! - деді.

Абай Дәркембайдың жайын танып отыр.

– Дұрыс кепсін! Ал, жая бер!.. Енді несін сөз қып кеп тұрсың?

– Оның рас-ау, қарағым! Бірақ жаңа кеш бата, сол Мұсақұлға зорға кеп жетіп ек. Алдымыздан Тәкежан шығып, қайта қуды. Қасында әлгі Жұмағұл дейтін қаныпезер бар екен. Басымызға қамшы иіреді. Кет деп жатыр. Бар талшығымды қырам ба осы мен? Қырар болсам, тым құрса, сен білсін, аш-арық ағайынның опқа түсіп жатқанын сол көрсін деп келдім.

Абай Дәркембайдың осыдан арғы сөздерін тоқтатып, тез байлау жасап, Ерболға қарап:

– Ербол, жылы киін де, атқа мін! Дәркембай, еріңдер мынаның қасына! Осы арадан азық алып кетіңдер! Ділдә, тұр! - деп, Абай келіншегіне бұйрық етіп: -Мына кісілер ашықпастай қып, ет, азық әзірлете бер! - деді. Ділдә лезде тұрып, шығып кетті.

Абай Ерболдан Тәкежанға сәлем айтты. «Қумасын!.. Қазынасын жемейді!

Мынаның азғана малына жайылыс берсін және Жұмағұлды тыйсын!» деді.

Ербол тез киініп алып, Дәркембайларды ертіп жүріп кетті.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий