Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Азынаулақ қойлар мен төртті-бесті ірі қараның айналасында қатын-қалаш, кәрі-құртаң, ер-азамат көп-көптен келеді.

Жарап, қатқан қойлардан ажар кеткен. Жүндері үрпиіп, ұйысып қалған.

Жамбастары сарала боп баттасып қалғандары бар. Анда-санда шыдамсыз ешкілер бақырып-бақырып тұрып, омақасып жығылып та жатыр. Бірнеше ауылдың өз қыстауларынан осы қорыққа қарай жүрген жолы қадау-қадау белгі қалдырыпты. Ол белгілер: ұшып өлген ешкі, лақ, арық тоқтының өлімтігі. Ақ қардың үстінде, кең жазықта қарауытып қалып жатыр.

Қой алты күн аштыққа шыдайды десуші еді. Мынау түрлеріне қарағанда бұл малдардың аштығы әбден шыңына жеткен көрінеді. Енді екі-үш күн өтсе, тегіс жусайтын халде екен.

Қарды бұзып жүретін мұршалары да жоқ. Сондықтан, бірен-саран көтерем жылқы мен арық түйені, немесе жалғыз-жарым сиырды қойдың алдына салып, соған қар бұзғызып келеді.

Ашыққан қойлар, алдарында әрең ілбіп келе жатқан ат пен сиырдың құйрығын жалмап қояды.

Осындай тегіс кем-кетік, дімкәс болып, ілбіген, сорлы малдың айналасындағы адамдар да жүдеп, салдырап біткен екен. Қартаң жандардың беттерінде ажым қалыңдапты. Барлық жүздер қуаң тартқан. Белдері жіңішкеріп бүгілген.

Киімдері жыртық, жүдең. Бастарына ескі-құсқы ораған әйелдер ғана емес, сақалды ерлер де бар. Аяқтарында, көбінесе, сырған киіз...

Қорықтың шетіне ілінер-ілінбесте, барлық жұрт күрек, шоттарын омбы қарға салып, шидің түбін, қорық үстін аршуға кіріседі. Абайлар әр топты бір-бірінен алысырақ түсіріп, жер көлемін кеңірек беріп жүр. Үш қорықтың бір қасиеті қалың шилі болушы еді. Шеңгел итмұрын сияқты бұталары да көп.

Омбы қар қорықтың шет-шетінде қалың болғанмен, дәл шилердің ішіне кіргенде оншалық қатты емес, күпсек екен. Және аршыған жердің қай тұсынан болса да, қалың шөп шығып жатыр.

Осындай жерлерге жетуге жараған мал тегіс талшық ала бастады. Абай мен Ербол жұрттың көбін орналастырып болған кезде түс болды. Қорыққа келген ауылдардың жиын саны елуден асты. Тәкежан жалғыз сиырдан қоритын қорыққа, бүгін түскен қой саны мыңнан асып тұр. Ірі қара көп емес. Неше күннен бері қарды қанша тепсе де, астынан құр тақыр көріп келген азынаулақ аттар енді соңғы күштерін өлмес қамына салып жатыр.

Бүріскен мал мен жүдеген жандар бағанадан бері Абайға үлкен ауыр ой салды. Жаз жайлауда, арқа-бас кең шақта ғана елдің іргесі бүтін, белі бекем сияқты көрінеді. Мынау жұттың күндері қалың көптің соншалық панасыздығын, қорғансыздығын көрсетті.

Жиырма-отыз қойы бар, үш-төрт қорасы бар үй - қалың елдің көпшілігі.

Жыл он екі айда ішері, мінері сол. Сояры, сатары да сол. Киер киімі, бас панасы да сол айналдырған аз тұяқ. Аман тұрған күннің өзінде бұл қандай тапшылық.

Ал, бүгінгідей қысылған шағында, мынандай апат, ауыртпалық көрген шағында, қаншалық әлсіз, осал. Осы азынаулағынан айрылса, тірлік не болмақ?

Кешегі «іргелі ел» деген, «жұрағат, жұрт» деген осы-ақ болғаны ма?

Жұт деген жоқшылық, қысталаң, апат деген осындай боп қақ қасына келгенде, Абай ел тірлігінің барлық қайғылы сорын көрді.

Өз ойының ауыртпалығы Абайға барлық тірлікті соншалық татымсыз, жалған етіп көрсетті...

Малдарын күресін қардың арасына тығып, қоянның кеуегіндей оптың ішін паналаған жандарға жаны ашыды.

Әрбір ауылдың үлкендеріне соңғы рет қайтадан соғып:

– Тоңғандарың мына тұс-тұсыңдағы ауылдарға барып, жылынып қайтыңдар. Бір-бір мезгіл ыстық ішіңдер. Осы қорықтарда отырған ауылдардың бәрі де ағайын ғой. Қумайды. Жасқанбаңдар!.. - деді.

Онсыз да малдары үшін Абайға алғыс айтып жатқан кәрілер енді біржолата жұттан құтылғандай көтеріліп қалды.

Абай осы бетінен аттан түспей жортып отырып, үш қорықтағы бар қыстауды аралап шықты. Әр ауылдың Ызғұтты сияқты үлкендерін және әсіресе, ас иесі кексе қатындарын тысқа шақыртып алып:

– Мынау апатпен алысып жатқан ағайынға қайырым етіңдер! Ауылда неше қазан болса, соның бәріне ыстық істеп, күніне бір-бір рет қорек беріңдер! - деп, қадағалап, тапсырып шықты.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий