Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Қыруар мал мен дүйім елді бұлай жосылтып келтіру Абай мен шешелерінің ісі емес. Ондайды істесе, жер-дүниенің иесі Құнанбай ғана істеуге болар еді.

Абайдың бұған жеткені, әкені елемегені. «Жер мүліктің иесі өзім» дегені.

Құнанбай Жидебайдағы істер туралы Жұмабай мен Тәкежан сөздерін түгел тыңдап алды да, Абайларға енді ыза болды. Шынында, бұл мінез ырықтан шығып, құрық әкету.

Әкесінің ашуланған пішінін байқап, Тәкежан ырза бола бастады.

Томырылған ашумен қатты бұйрық айтар деп дәмеленіп еді.

Бірақ Құнанбай мұның көзінше шешілген жоқ. Тек қана: «Тыю салу керек» деді.

Сүйітті де бұл екеуін қойып, Жақыпты шақыртты. Тәкежанға: «Қайта бер» деп, бұйрық етті. Келесі күн таңертең Жақып Жидебайға келіп, тағы да Зеренің үйінде отырып, Абайға әке сәлемін айтты.

Әке жағынан екінші рет кісі келіпті және үлкен жұмыстар тұсында ауыр бұйрықпен жүретін Жақып келіпті. Осал белгі емес. Тегінде, ауыл-аймақ болсын, ағайын ортасы болсын, Құнанбайдың сәлемдерін әрқашан жіберген кісілеріне қарай, салмақтап танитын. Мысалы: «Алып кел, айдап кел!» дегендей бұйрық болса, ол Қарабас, Қамысбай сияқты атшабарлар түрінде келеді.

«Айтып, білдіріп кел!» десе, жорға Жұмабай пішіндес болады. Кейде, ондай сәлеммен Құдайберді, Абай да жүріп қоятын. «Қорқытып, ызғар тастап, үйіріп кел!» десе Ызғұтты, Майбасар боп келеді. «Ұғындыр да бағындар!» десе, осы Жақып шығады. Ол, бірақ, рулар арасындағы келелі сөзге, іргелі кеңеске жүретін. Ал, іс тіпті үлкен боп, көп елмен қаржасатын кез болса, ондайда Қаратай шығады.

Мына жолы Жақып кепті. Абай жаңағыдай сәлемшінің ауысуына қарап, Қарашоқыдан шығатын бұйрықтың саты-саты салмақтана бастағанын еске алды. Іштей әзірленіп отыр.

Түс салқын томсарған, ашулы сияқты. Жақыптың жүзіне қарамай, қырындау отырып, барлық сөзді қиястана тыңдап отыр.

Құнанбайдың бұйрығын айтудан бұрын, Жақып бірнеше дәлел айтты. Өз сөзі қып айтса да, Абай төркінін танып отыр. Әкесінің ойымен сөз тәрізін бұл күнде Абай оңай танитын болған. Жақыптың айтуынша, әке бастайтын іс бар да, бала кірісетін іс бар. Екі арасын айыру керек. Балаға әкенің ісі де абырой әпереді. Әкеден қиғаш кетіп, өздігімен кісілік іздеу балаға бедел бітірмейді екен.

Абай мұны місе қылған жоқ. Баласының кісілігін ойлап, абыройлы болуын тілейтін әке мінезі де болады. «Өз ықтиярын, өз әмірін баласының мойнына, үнемі кескек қып тағып отырмайтыны да болады» деді.

Жақыптың екінші сөзі: жер беріп паналық етсе, қысылып отырған малды-басты ауылдар бар, соған ету керек. Күндердің күні керекке жарайды. Мыналар кім? Бұлардың бәрін жисаң, тым құрса, бір аттың сауырын, бір түйенің қомын да бере алмайды деген еді. Бұл сөздің шетін Жұмабай да айтқан.

Оған Абай тағы да көнген жоқ. Жақыптың айтқанын «Құда тамырмен істейтін алық-берік» деп бағалады. Оның аты қайрым емес, жақсылық емес.

Көпке мәлім сауда деп таныды.

Абай дау айтып болмады. Сонан соң, Жақып қатайып алып, салмақ салды.

– Сен өзің мал иесі, жер иесі ме едің осы? Сен тапқан не бар еді? Мынау ісіңмен әкеңнің жиған-тергенін шашқалы отырған жоқпысың? Осы ауылдағы мал мен Тәкежан қолындағы мал ертең қоса жұтайды. Тым құрса, мына шешелеріңнің талшығын аясаңшы! - деді.

Бұл да жаңа сөз емес. Бірақ кеше Тәкежанға айтқан сөзді Жақыпқа айтуға болмайды.

– Сөзіңіз дұрыс. Мен тегі шешелердің ырзығын шашып, қиянат етіп отырмын ғой! - деп, кекетіп қойды. Зереге қарап, - ал, мына отырған жалғыз менің шешем емес. Әкемнің де шешесі. Мал-дүниенің шын иесі осы кісі.

Ендеше бәріміз де әжемнің төрелігіне тоқтайық. Не дейді екен? Қазір өз аузынан естіңіз! - деді де, Абай әжесінің қасына таман сырғып келді.

Әжесінің бұл күнде өңі қуарып, қатты жүдеген. Ажым атаулысы біртүрлі молайып кеткен. Абай жақындағанда, ол құлағын түрді. Немересі айғайлап сөйлеп, барлық жайды айтып берді. Қысқа айтса да, ұғымды айтты. Бұйрық пен байлауды бір өзінен күтетінін білдірді.

Зере күрсініп отырып, қабағын түйді де, Жақыпқа қарап:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий