Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бірақ сол наразылығының үстінде де Ұлжанды бақты. Егер бұл тулап, байды үркітіп жүргенде, Ұлжан көніп қойса, жаман болады. Байдың сүйенішінен біржолата айрылып қалады. Сол себепті, өзінше қулық ойлап, Ұлжан жағына түрткі салған. Ол жақтан ойдағыдай қарсылық келді.

Құнанбайды күйдіргендей наразылық айтыпты. Енді бұл тұста Ұлжан арқылы келетін Күнкеге деген қауып жоқ. Соны ойлады да, Құнанбаймен шындасып келгенде, Ұлжанды жамандап шыға берді. Өзі кең ақыл болған боп рұқсат етті.

Және «Нұрғанымды өз қолыма әкеп түсір! Менімен бір болсын! Ұлжан күн көрсетпес» деп, тіпті қамқор боп та шықты. Сол Күнкенің дегені болды да, Құнанбай Нұрғанымды Қарашоқыға келтірді. Бірақ осының орайына екі айдан бері Жидебайға қатынасқан жоқ.

Сүйтіп, Жидебайға Жақып пен Жұмабайларды келтіріп жатқан істің кезінде, Құнанбаймен үлкен аулы араздық халінде еді.

Жақыппен сөйлескен сөздің аяғында Абайдың тұспалдап, түйреп өткені осындай ескі жара болатын. Күйзеліп жатқан көрші елдің ауыр күйі соған кеп қосылған. Ішті-тысты екі жараның уыты бірігіп кеп, Абайды осылай еткен.

Әлденеше айға бергісіз боп созылған он бес күн өтті. Шаруаларды күйзелте бүрістірген ауыр қыстың аяғы осы болатын. Биылғы жұтты халық соңғы қардан, ұзақ бораннан көрді. Әсіресе, осы көкек пен мамыр арасында көрді. Көктем айы деп санайтын мамыр соншалық сұрапылдай тигендіктен, жұттың атын «мамырдың жұты» деп, бұрынғы жұттардан бөлек санады. Кейде «ақ қардың» жұты дейтін. Онысы да мамыр ішінде жауған соңғы қарларды атағаны.

Кедей көршілер Жидебайға кеп тығылғанға он бес күн өткен соң, күн жылынды. Оңтүстіктің жылы желі, ескегі соқты. Осыдан бір ай бұрын соқса, жұрт оны «жыл әкелді», «игілік әкелді» деп, қуанышпен қарсы алар еді. Биыл қуанта алған жоқ. Бірақ, сонда да қалғанды құтқара келді.

Абай мен Ұлжан Құнанбай бұйрығынан құтылған соң, бар ынтасын көпті күтуге жұмсаған. Солардың малы мен өз бастары бұл екеуінің ерте-кеште дамыл алмай ойлайтын міндеті боп алған. Абай күнұзын ат үстінде жүріп, қатты жүдеді. Қап-қара боп, тотығып та кетті.

Бірақ Дәркембайларға арналған еңбегі мен бейілі текке кеткен жоқ. Елу ауылдың мың жарымдай қойы мен барлық ірі қарасы шетінен жан сақтап, аман қалды.

2

Көктемнің ескегі соға бастасымен, маңайдың қары ағыл-тегіл тез кетті. Бір ғана қорық емес, адырлар, далалар да әр жерінен ойылып, қарауыта бастады.

Мезгілінен асып, ұзақ жатып қалған қар енді тіпті асыға жөнелгендей болды.

«Жер аяғы кеңіген» дегендей уақыт келді.

Күн көзі де әбден жылынып, аспанда жазғытұрдың ақ мамық бұлттары жөңкіліп көшті. Жидебайға жиылған ел осы уақытта өз қыстауларына жетуге асықты. Іші аман қалған саулықтардың алды қоздай бастаған. Өзгеге пана тапса да, өз төлдері бар мынау ауылдар жас қозыларға пана таба алмас еді. Қауырт шұбап келген ағайын, енді бір-ақ күн ішінде сөз байласты да, тезінен қайта серпілді.

Кетер кезде барлық кәрі-жастың Зере мен Ұлжанға айтқан алғысы ұшан-теңіз болды.

Қонақтар сейіліп болған күні, Ұлжан қысқы соғым мен сүрдің тақа біткенін айтты. Кәрі қойшы Сатай да осы күні бұл ауылдың өз шығынын есептеп кепті.

Көп қойдың күрек аршуы ойдағыдай болмаған. Сондықтан, дәл осы он бес күн екі жүз қойды әкетіпті. Абай атқа мінген сайын, қыстау маңында өлген қойлардың саны молайып келе жатқанын байқаса да, ауылға айтып келмеуші еді.

Үш қорықтың иелері боп отырған бес-алты ауылдың ішінде мұндай шығынды көрген жалғыз осы Жидебайдағы ауыл. Тәкежан болса, қолдағы малынан жалғыз тоқты бермей, аман шықты.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий