Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Осыдан ұшқындаған сөз Құнанбайға жетіп, одан Сыбанның жиынында Солтабай Тобықтыны мазақ етіп сөйлепті» дегеннен бері қарай, Сүйіндік бәленің ұлғаятынын біліп, Жексеннен қайта кеп сұрастырған. Жалғыз Жексен емес, маңайдан да сұрау салды. Көрші ағайын, бастығы Әйтімбет қойшы боп, өз еркімен осының анығына жетуді ойлады. Сөз бақпаған момын ағайынның бәрі де Қодарды қараламады. Қайғы шеккен, дертті күйін ғана айтушы еді.

Бірақ Жексен мен мына Жетпіс болса, сол қайғының өзін де:

– Әдейі істеп жүрген сырты. Сүйтпей қоя ма? Бәлені түн жамыла бастайды ғой, - дескен-ді.

Өзі анығын білмеген және ол анық болса, осыны сылтау қып Құнанбай Борсақ, Бөкеншіге бір нұқсан келтіреді деп есептеген Сүйіндік, сырт кісімен сөйлескенде:

– Осы сөз бекер болар, - деген. Құнанбай алдында да соны нық ұстармын деп еді. Бірақ Құнанбай ырық бермеді.

Оның үстіне, жақында Қодарға өзі әдейілеп жіберген Бектен көсе жолшыбай Жексен аулына соғып, тіпті бүлдіріп қайтты.

– Қодар: «Құдай да, Құнанбай да керек емес. Не қылсам өз еркім, менде не ақыларың бар?» - деп қуып шықты. «Құдай маған қылса, мен құдайға қылдым» – дегені дәл сол бәленің өзі болды! - деп ентелетіп, төндіріп келген-ді.

Құнанбай жағынан ықтап қайтқан Сүйіндік, көзі жетпесе де байлау етті.

Сонымен ақыры Қодар күйі кеп бұған соқты.

Жолшыбай «келінімен тілдестірмеймін» деп, Қамысбай Қодарды алдына салып, өзі әдейі оқ бойы жер артта, іркіле жүріп келе жатыр.

4

Қарашоқы Қодар қыстауынан алыс емес. Шыңғыстың үлкен биігінің бірі.

Соның бауыры әдемі, тоғайлы өзен болатын. Тал-терегі болсын және тау қайыңы қисықша қызыл қайың болсын, барлығы да көктеп, жайнап тұр. Бұл ара бір құйқалы, жақсы қыстау. Бөкенші, Борсақ ерте кеп, осында орнап қап, әлі бауыр басып келеді.

Ырғызбай ішінен, әсіресе, осы Қарашоқыға қызығушылар көп болатын.

Бұнда отырған ауылдар Борсақ, Жексен ауылы. Ол, Борсаққа әлдеқандай көрінгенмен, өзге жұрттың келесінде бұта құрым болатын.

Жиын осында екен. Жексен ауылы төрт үй. Өзенге мінбелеп, төніп тұрған бір тіп-тік жартастың түбіне қоныпты. Осы араға Қодар мен Қамқаны алып келе жатты. Тыста:

– Келе жатыр. Алып келе жатыр... Әне Қодар... - деген үндер естілген соң, Жексен үйінде отырған Құнанбай бастаған топтың бәрі тысқа шықты. Тұмсық асып келе жатқан Қамысбайлар келгенше, мұндағы барлық жиын бір араға қарай екшеліп, ауылдың сыртына барып топтанды. Сол арада қазыққа бұйдалап байлап, шегеріп қойған бір үлкен, биік қара атан жатыр. Беліне шом салып, екі өркешінің арасын жоталап биіктепті де, сонын, үстінен бастыра бір ашамайды орнатып, мықтап шандып, таңып тастапты.

Қамқа жиыннан шошып кетті. Жолшыбай сұрамаса да, енді ауылға тақала бергенде Қамысбайдан:

– Жаным-ау, адам баласысың ғой... Осы айыбымыз не? Не қылмақсыңдар?

Айтып өлтірсеңші? - деген.

Бұған шейін «ләм» деп жауаптаспай келген Қамысбай енді ғана тіл қатты.

Бірақ тілі зәрдей еді:

– Анау атаңмен - Қодармен жақын болғаның үшін, қазір екеуің де жайрайсың! - деді. Ол осыны айтып, «Қамқаны не дер екен?» деп еді. Байқаса, Қамқада үн жоқ. Бір ғана ыңыранды да, сылқ етіп, аттан құлап барады. Қамысбай өзі де аттан жығылып қала жаздады. Қамқаны құшақтап, қысып алды да, желіп отырып, жиынның алдына келді.

Алдыңғылар Қодарды түсіріп жатыр екен. Бұ да кеп Қамқаны сүйемелдей ұстап тұрып, өзі бұрын түсіп, артынан келіншекті түсірді. Қамқа түскен жоқ. Былқ етіп құлап жығылды да, талған бойында жерде сұлқ жатып қалды. Қодардың алдында жүз қаралы жиын тұр. Ортасында: Құнанбай, Бөжей. Байсал, Қаратай, Сүйіндік, Майбасар - бәрі бар. Алдағы осылар да, артынан ентелеп тұрған ақсақал, қарасақал. Әр рудың, көп рудың адамдары. Ылғи атқамінері ғана. Ішінде жұпыны киімді біреу жоқ.

Қодар сәлем бермеді, өзі таңулы. Ішінде удай қайнаған ыза мен ашу бар. Жиын ортасында, жалғыз көзі бұған оқтай қадалып тұрған Құнанбай ды танып, соған қарап түйіліп, қатты ақырып:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий