Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Ер өлтіргенге құн сұраушы ең. Енді құн сұрамақ түгіл, өкпе-кінә қылар да мұршаң жоқ. Өлтірген өзіңсің. Қырық рудың адамы кесек атып өзің өлтіріп отырсың, не бетіңмен үн шығарасың? - деді.

Қаратай танып келеді, Бөжейдің түп есебінің көбін Құнанбай бұзып кетті. Бөжейге, әсіресе, Құнанбайдың осы айласы батқан тәрізді. Қаратай соны ескеріп:

– Шариғаттың шын бәлесін түпке сақтапты ғой. Бұл шариғат та айлаға құрық бере беретін болды ғой. О да Құнанбайдың қойны-қоншында десейші, - деді.

Сүйіндік басылып, шошып қалғандай екен:

– Құрсын! Тек бәле осымен бітсін, тынсын десеңші! - деді.

Бөжей, көп арбасқандықтан Құнанбай тәсілін түкпірлей танушы еді:

– Біту, тыну ма? - деп күрсінді де: - Бөкенші, Борсақ, қашан айттың деме, шылбырды Қодар мойнына салған жоқсың. Бұйырса, осыменен өз мойныңа да салған боларсың, жазған! - деді.

Әрқайсысы да осы ойдың соңында еді. Үндемей салбырап кете барысты.

5

Абай мен Жиреншенің бүгін бұл бәленің үстінен шығамыз деген ойы жоқ болатын. Үлкендер тегі көпшілік құлақтанбасын деп, бүркеп ұстаған болу керек. Ешбір ауылда бұндай сыбыс айтып, сыр берген жан білінген емес.

Жиренше таңертең Құнанбай аулына бір әдемі тарғыл тазы ертіп келді. Келуі ауылды азан-қазан қып, бала-шағаның көбін тысқа еріксіз шығарған. Бұл шудың басы тентек Оспан болған.

Жиренше тазысымен қонақ үйдің сыртына тақай бергенде, Оспан анадайдан көріп қалып:

–Айтақ, айтақ, жеңдер. Ойбай, жеңдер, әне Жиреншенің тазысын! Жолдаяқ, Бөрбасар, Бөрбасар! - деп Құнанбай үйінің көп сары аласын ұран шақырғандай ғып өре тұрғызған.

Жиренше Оспанның бүлдіретінін алыстан біліп:

– Өй, Оспан! Айналайын! Қалқатайым... қой! Қоя ғой! - деп сонша тоқтатпақ болып еді, Оспан:

– Бөрбасар... һайт! - деп сақылдап күліп, секіріп ырғып, бар итін тарғыл тазыға қарай қаптатқан болатын.

Осы кезде қонақ үйге жетіп қалған Жиренше атын тастай беріп, тазы итін мойнынан ұстап тұра қалған. Бірақ жеті-сегіз сарыала, әрбір үйдің ығынан құлшынып, құтыра шығып, «гүр-гүр» етіп кеп, қоршап алды. Үйге де кіргізбей, табан аудырмай да қойған еді. Оспан Жиренше «қой» деген сайын сақ-сақ күліп, иттерін өшіктіріп:

– Ыр-р! - деп, өзі тап-тап беретін. Бірақ, өңшең кексе тартқан иттер Оспанның күнде осындай сан рет жоқ шатаққа бастай бергенінен мезі болған ба, тазыны жұлмады. Құр ырылдауы мен арсылдауын ғана молайтып тұр.

Үлкен үйде отырып, осы шуды естіген Ұлжан бәйбіше, таңертеңгі асын ішіп отырған Абайға:

– Шықшы, Абайжан! Қушы анау иті құрғырды! Тағы бүлдіріп жүрген әлгі жынды неме ғой! - деп, Абайды тысқа шығарып және үйге кірген бір жас әйелді де жұмсаған. Абай Жиреншені айырып алып, тазысымен екеуін қонақ үйге қарай алып жүрген. Бұлар сонда кіре бергенде, жаңа тапқан қызығы шұғыл біткенге наразы боп қалған Оспан арттарынан бұғып кеп, дәл үйге кіре берерде Жиреншені қылтадан қатты шымшып алды. Анау ит екен деп, ытқып, шошып кеткенде төбесін маңдайшаға соға-моға қонақ үйдің төріне барып бір-ақ шыққан. Оспан оған да сақылдап күліп:

– О, қорқақ, қорқақ, - деп мазақ еткен. Мойнында сылдырмақ қарғысы бар, қара ауыз, тарғыл қаншық Абайға біртүрлі сұлу көрінді. Жұтынып тұр, жылмаң қағады.

– Аты не? - деді Жиреншеге.

– Желқұйын.

– Аты да әдемі екен.

– Аты емес-ау, өзі де қоян дегеніңді тап құйындай ұйтқытып соғады! - деді.

Бұл Желқұйын туралы өз аулындағы бір үлкен аңшының айтқан сөзі еді.

Жиренше осыны үнемі айта жүретін.

Абайды сол сөзбен Желқұйынның жаланып тұрған түрі қатты қызықтырды.

– Қоянға шығамысың? -деді.

– Жүр, атың бар ма? Мен сол қоянға шығып барам. Осымен екеуі, Абайдың құла бестісі ерттелгенше қымыз ішіп алды да, күнбатыс жақтағы Қызылшоқы деген ұсақ адырға қарай желе жортып, тартып кеткен.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий