Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Өлтіргендерге ыза мен қарғыс та бар. Сонымен бірге, әсіресе, бір-бірімен шарпысқан сезім: «әке» деп жамандыққа қимау бар да және сол «әкеден» шошып, үрку бар.

Барлық ішін теңселте сіліккен бала жанын ойран етіп, сескенте тітіреткен сезім.

Жылап егілуі, бір сәтте, медіресе, дін халфелер айтуы бойынша -айыптылардың күнәсіне өтесін сияқты, соның көшірімін тілеген сияқты жалбарынудың жасы ма? деп еді. Бірақ, одан тез түңіліп кетті.

Ол емес!

Үйткені олар дін атынан, әсіресе, имам берген фатуа бойынша істеп отыр ғой. Кімге шақпақ? Құлазығандай жапа-жалғыз! Өзін бір ең панасыз, ең сорлы жетімдей сезінді. Іштен тағы да бір үлкен, ауыр толқын бүктетіліп, булығып кеп, бала жүрегін жаныша ұрғанда, ол бұрынғысынан да қатты, аса қатты бір өксікпен, солқылдап жылап жіберді.

Дауыстап жылады. Жиреншеге білдірмеймін деп, әлі де ағызып шауып келе жатқан.

Сол шабыс қосылды ма, болмаса өзінің бала көңілінің сенделуі сондай ма, Абай бір уақытта жылау үстінде лоқсып-лоқсып булығып кеп, құсып-құсып жіберді. Аш өзегі ақтарылғандай. Жаны да, денесі де қатарынан қатты азап шекті.

Бірақ сонда да тоқтаған жоқ. Аттың жалын құшып алып, тек қана құлап қалмасты ойлап, шаба берді.

Жиреншеге жеткізбеген күйінде Көлқайнарға жетіп, шешесінің үйіне кеп түсті.

Ұлжан тыста тұр екен. Баласы үйге тақай бергенде, өңіне көзін салып, тіксініп қалды. Абайдың түсі құп-қу, қатты өзгерген. Тіпті Абай сияқты емес.

Ұлжан: «көзім бұлдырап тұр ма?» деп кірпігін жиі қағып, қайта қарады. Абай.

Бірақ, тіпті жат реңді. Баласы атын байлап қасына келгенде, жаңа байқады. Көзі де қып-қызыл боп ісіп кетіпті.

– Өй, Абайжан, қарағым, не болды? Біреу тиген бе? - деп, ішінен «әкесі ұрды ма?» деп те ойлап қап еді. Далада өзге кісі жоқ екен, Абай үндемей шешесін құшақтай алды да, баурына кіріп, өзінің ып-ыстық басын анасының төсіне басып, жабысып тұрып қалды. Жетімдіктен құтқарғандай анасы бар екен!

Жылау артынан ықылық атқандай, денесі дірілдеп, солқ-солқ етті. Бірақ бұл кезде Абайдың көзінде жас жоқ-ты. Бәрін жылап тауысқан. Енді жыламасқа, көз жасын ешкімге көрсетпеске бекініп, іштен қатты түйініп алған.

– Жөніңді айтшы, қарағым, не болды? Әкең ұрды ма?

– Жоқ, ешкім де ұрған жоқ, кейін айтам... Апа, төсек сап берші, жатқызшы!

– деп Абай шешесін құшақтап қысқан бойда, үйге қарай аяңдады.

Сабырлы Ұлжан осыдан әрі ешнәрсе сұрап тақымдаған жоқ. Үйде әжесін де, өзгені де үркіткен жоқ. Абай жәйін бір жанға білдірмеді. Үлкен ақ үйдің оң жағына әкеліп, әжесінің жер төсегін жайлап берді де, шешіндіріп жатқызып, өзінің мол пұшпақ ішігімен жауып, қымтап қойды. Әжесі:

– Немене, қарағым? Ұшындың ба әлде, - деп бірдеңе білгісі келіп еді, Ұлжан:

– Ұшынған ғой. Тимейік. Жатып ұйқтап тұрсын, - деп, малшы қатын Қатшаны шақырып ап:

– Түңлікті жауып, есікті түріп қойшы. Абайға күн түспесін, - деп ақырын ғана айтты.

Әжесі іргеге қарап жатқан Абайдың сыртына қадалып отырып, қабағын түйіп, тамсанып қойды. Ернін үнсіз ғана қыбырлатып сыйына бастады.

Таңертең Абайды ертіп кеткен Жиреншенің қайда екенін Ұлжан білмеп еді.

Тыста бағанағыдай тағы да ит шулаған соң, «тазысымен келген сол болар ма?» деп үйден шықты. Жиренше қонақ үйдің сыртына түсіп, атын байлап жатыр екен. Ұлжан үлкен үйдің жанында тұрып, Жиреншені өз қасына шақырып алды да, жөн сұрады.

Жиренше таңертеңгі қоян қуғаннан бастап Жексен аулында көргенін де, жолшыбай не болғанын да тегіс айтып болып:

– Абай қайда өзі? - деп еді, Ұлжан Абайдың жатып қалғанын айтып, Жиреншеге біраз наразы салқын жүзбен қарады.

– Шырағым, сен бала емессің, естиярсың. Өзің барсаң бір сәрі. Ондай жаман, сұмдық жерге Абайды несіне апардың? - деп, «жаман», «сұмдық» дегенді шынымен баса айтып: - Бала емес пе? Шошынар деп ойласаң нетті? -деді.

Жиренше сөз таба алмай ұялып, қысылып қалды:

– Ұят болды. Өзім де өкіндім. Бірақ құдай ақына өлігін көреміз деп ойлаған жоқ ем!

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий