Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бұлар Қызылшоқыға кіре бере, алғаш келген екпінімен бір қоянды бездіре қуып еді. Алыстан қашқан қоян оңай жеткізбей, екі-үш қырқадан асқанда ғана Желқұйын талдырып жетіп еріксіз алған-ды. Осыдан басқа қоян тез көрінбеген. Соны іздеп табамыз деп, екеуі Қызылшоқының Шыңғыс жаққа қараған шеткі тұмсығына шейін барып қалыпты. Осы араға келгенде Шыңғыстың Қарашоқы тұсынан шығып келе жатқан бір салт атты кездескен. Ол Майбасардың тағы бір атшабары Жұмағұл болатын. Сол Жиреншеге қарап:

– Сендер одан да ана Қарашоқыға барыңдар. Бүгін сонда Қодарға бір сын болады. Жұрт жиналып жатыр! - деген.

Жиренше қатты ентелеп:

– Е, немене, Қодар мен келіні қайда? - дегенде:

– Жаңа, Қамыспай бар, бес жігіт боп ұстап әкелгелі кетті. Жиын Жексен аулында, - деді. Жұмағұл атын қамшылап, асыға шауып кетті. Жиренше осыны естіген соң Абайға:

– Барайық, көрейік! Жүр! Ал жүр! - деп, ойландырмастан еліктіріп, алып кеткен...

Көргені әлгі. Енді қайта беттеп, тоғайлы өзенді құлдилап желе шауып келеді. Абайдың іші мұздап, жүрек қаны, жан тамыры дір-дір қағып қалтырап үріккендей. Кімнен, неден үркеді? Әсіресе, әке... әке істеген мінез, әке қолындағы қаннан үркеді. Өз әкесі... қатал, кәрлі әкесі!..

Абай Жиренше сөздеріне жауап та айтпайды. Өзенді бойлап бөктер таудың ішінен жуықта шыға алмады. Жол болса, жалғыз аяқ. Екеуі қатар жүре алмайды.

Абай алға түсіп, желе шоқытып келеді. Әлі қалмай жүрген Желқұйын екеуінің алдында. Жолдың ыңғайсыздығы әңгімені тыятын жөні бар еді. Бірақ Жиренше Абайдың артынан өкшелеп қалмай отырып, сөйлей берді.

Ол жаңағы Жексен аулында бір-екі кісімен тіл қатып, оны-мұны естіп алған екен. Соны айтады. Ауырған адамдай қалтырап, жүрегі қатты қобалжып келе жатқан Абай Жиреншенің бар сөзін ұқпаса да, бір-екі жерін анық аңғарды.

Тегі жиын ішінде бүгін екі сөз ауыздан ауызға көшкен тәрізді. Екеуі де Қодар сөзі деп айтылған. Біреуі бұрып алған сөз де, біреуі дәл өз сөзі. Соның алғашқысы Қодарды кінәлаушы сөз. Бүгінгі қатал жазаның дәлелі, тірегі.

Ол: «Құдай маған қылса, мен құдайға қылам!» - депті деп, өлтірушілердің қайта-қайта айтатын сөзі.

Екіншісі аз айтылған. Бірақ, о да жиынға тегіс жеткен. Тегіс іште, есте қалған сөз. «Мен көк ит болсам, сендер көп ит... Таларсың да жерсің!» деген сөзі.

Абайды қатты толқытқан осы сөз болды. Ол жаңағы қатындардың жасырын зарын да еске түсірді. Жиреншенің алдында келе жатып еңіреп қоя берді.

Артта келе жатса да Жиренше Абайдың жылағанын байқап қап:

– Өй, өй, Текебай тентек! Сен неғып келесің! - деп қатарласқысы келді.

Абай жасқа толы көзімен Жиреншенің торы қасқа атының басы мұның үзенгілік тұсына келіп қалғанын көрді де, тебініп қап шаба жөнелді.

Бұл уақытта екеуі де бөктер таудан құтылып шығып, жазыққа түсіп еді.

Абай Құлабестінің басын Көлқайнар жаққа бұра бере, қамшы басты.

Жиреншеге көз жасын көрсетпегісі келді. Анау да шапты. Бірақ, Абай жеткізетін емес. Ол оқ бойы ұзап кетіп бара жатып, өз-өзіне ерік беріп, өксіп-өксіп жылап келе жатыр.

Көп жылдан бері Абай жылаған емес еді. Тоқтай алмай егіліп жылады.

Ағындап ұшып келе жатқан бестінің екі жағында көделі, бетегелі көк дала, тасқын судай зулап жөнеліп артқа қарай құлдырап ағып кетіп жатыр. Екі құлағын бітіргендей боп, дыңылдап соққан екпін желі Абайдың көзінен аққан жастарды, қат-қат тамшыдай, жаңағы көде мен бетегеге ұшырып түсіріп келеді.

Абай бұрынғы жас бала күнінде мұндайды аңғарып сезінген де, таныған да емес. Енді байқады. Көздің жасында адамды барлық әне бойымен өзіне қарай құлата тартқан бір өзгеше ыстық күш бар екен. Үлкен құз биіктің басына шыққанда, бір сәт ойға қарай құлап кеткің келетін сияқты, өзіне тартқыш, ұғымсыз күш. Бала жүрегінде бұл шақта көп сезімнің алай-түлей құйыны соққандай.

Бұнда қорлықпен өлгендерге барынша жан ашыған мейірбандық та бар.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий