Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Қар қалың түсетін биік сырт. Бар Тобықтының мол сулы, кең жайлауы ұзақ өріс, мол қоныстары сол Шыңғыстың ар жағында.

Құнанбай ауылы көшкен шамада, айналадан өзге қалың ел де дүрк көшкен.

Ойдағы мол шалғынды қыстаулық жер. Жидебай, Мұсақұл, Шүйгінсу сияқты қорықтардан да ағылып көшіп жатыр. Әр ел, тұс-тұсындағы Ақбайтал, Көлденең, Жігітек, Шатқалаң, Бөкенші сияқты асу-асуларға қарай беттеді.

Шыңғыстағы кей асулардың аттары таудың сол тұсын иемденген ру атымен аталады, «Жігітек», «Бөкенші» деген сондай аттар еді.

Бөкенші асуына Қодар қыстауы мен Жексен қыстауының аралығындағы кең сайды өрлеп баратын.

Сау болса, Абай көшті көңілді өткізіп асыр салар еді. Көктемде Шыңғыс асып жайлауға көшу, үлкен атаулыға, әсіресе шаруа адамдары мен жоқ-жітікке соншалық ауыр, үпәд бейнет көрінгенмен балаларға сейіл сияқты.

Абай да бұрынғы жылдар осы Көлқайнардан, сонау алыс, сырттағы Байқошқар өзеніне жеткенше он шақты көшіп баратын сапарды қызығы бітпес қанбазардың көшкеніндей көретін.

Биыл да көшу солай. Жолдағы белгілі қоныстар: Талдыбұлақ, Барлыбай, Қызылқайнар. Кей қонысқа таңертең кеп қона сала, кешке тағы көшеді. Үдере көшу. Кей қоныста бірді-екілі күн отырар-отырмастан кетеді: үлкен үйлер тігілмей - «ұраңқай», «абылайша», «жаппа», «итарқа» деген кеше түрлі кішкене, тар, аласа күркелер тігіледі. Әркім өзі сүйген үйшігін тұрғызады. Жалпақ ел, бар ауылдар осы жайлауға көшу сапарында балалардың «ауыл-ауыл», «күрке-күрке» деген ойынын ойнап жүрген сияқтанады.

Қыс пен көктем, күзеуде бір-бірінен алыс жүретін ауылдар осы сапарда қоныс жағдайымен әлдеқайдан түйісіп, қым-ғуыт араласып қонысады.

Адамдары, малдары, күркелері де қосылып, бір ауылдан бір ауылды айырып та болмайды.

Өзгеге жеңіл болса да, осылайша болған көшу қойшы, қозышы, жылқышыларға аса бір тынымсыз бейнет, масыл күндер болушы еді. Біреудің жылқысына көш аттар, саяқ-сандырақтар кетіп қалған. Біреудің қойына бір ауылдың қозысы жамыраған. Қоймен қой араласып, шатасып кеткен. Осындай қарбаласта «бармақ басты, көз қысты» боп, талай момынның тоқты-торымы сотқар ауылдардың жемі боп жүреді.

Өзінікін жеуге үнем қып, кісіден кірген «қоспа», «кірме» болса, соны түн баласында ақтармалап, шикілі-пісілі домалатып, қылғып салып отыратын, талай пәле басы атқа мінерлер болады.

Осы сапарда көп елдің қауырт көшімен қатар жаңағыдай үйіле қонуына себеп болатын тағы бір нәрсе: сыртта, алғашқы күндерде қасқыр қатты болады.

Елсіз болғандықтан осы өңірде тау сыртында күшіктеген қасқыр, ел келгенше тышқан, суыр аңдумен күн көріп жүрсе, енді мал қаптаған уақытта, түн баласында тыным бермей құйындай соғатын. Көп ауылдар түн бойы қотандарын атпен күзетіп, ауыл-ауылдың шеттеріне үзбестен лапылдатып оттар жағып отырып, айғай-шумен таңды таңға ұратын. Осының бәрі жайлауға көшу сапарын жайшылықтағы, өзге мезгілдегі, өзге тұрмыстың баршасынан басқаша қып жібереді. Күндіз болса барлық жұрт ат үстінде. Еркек атаулы көш бойында қолдарына найза, сойыл, айбалталарын ұстай жүреді. Бұл көріністе, жалпы көшу сапарын жортуыл-жорыққа, шеру мен аттанысқа ұқсатады.

Бірақ, дәл биылғы жыл, жылдағыдай қайталаған осы көштер. Абайға ең бірінші рет соншалық мазасыз бейнет боп өтті. Оны меңдетіп жеңген ауру да жоқ. Бірақ сау да емес. Жүрейін десе көзі қарауытып, басы айналып, құлап қалады. Бұның ауруына қарап, көшпей отыруға болмайды.

Үш күн, төрт күнде Ұлжанның үйіне бір-ақ соғатын Құнанбай, көбінесе, сұлу тоқалы Айғыздың үйіне қонады. Оқта-текте бәйбішесі Күнкенің қасында болады. Ол бөлек ауыл. Соның көшімен жүріп кетеді.

Баласының сырқатын алғашқы кезде бір рет сұрастырды да, кейін ұмытқан сияқтанды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий