Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Абай қажымай, жалықпай ылғи ғана ынтыға тыңдайтын. Кейде әжесі шаршап, айтпай қойса өз шешесіне жабысатын. Ұлжан да көп әңгіме білуші еді. Және ол көбінесе, өлеңді сөзді жиі айтады. Оқымаған шешесінің әлі күнге ұмытпай, білдірмей, сақтап жүрген зейініне таң қалады. Нелер ескі заман жырларын, айтыс, өсиет әзілдерін де көп айтып береді. Екі анасын көңілдендіріп тағы айтқызу үшін кейде өзі де қаладан әкелген кітаптарының ішінен: «Жүсіп-Злиха» сияқты қиссаларды оқып береді. Әндетіп мақалдап қояды. Шешелеріне ұғымсыз болған түрік тілінің жеке сөздерін жолшыбай қазақшалап отырады.

Осымен қайта көңілдендіріп алып, ескі әңгімелерді тағы айтқызады.

Зере ел шабысын әңгіме еткенде, сол істердің бәрін ел басына әлек салған, ұлардай шулатқан, кесел күндей айтатын.

Кішкентай күнінен ертек-әңгімені көп сүйетін бала осы жазда, тіпті, көп есітіп, көп біліп алған сияқты.

Сондай шеше әңгімелеріне бар бейілін беріп жүрген күндердің бірінде бұл үйге екі бөгде қонақ келіп қонды. Бірі - қартаң, бірі - жас қонақ. Жасын Абай біледі. Таныған жерде қуанып кетті. Ол былтыр жайлауда келіп, осы үйде үш күндей жатып, «Қозы Көрпеш - Баянды» жырлап берген Байкөкше деген жыршы. Қасындағы қартаң кісіні Абай өзі білмегенмен шешесі әбден таниды екен.

Қонақтармен жай сұрасып, амандасып болған соң Ұлжан Абайға қарап жымиып:

– Ал, балам, әжеңмен екеумізді қажай беруші едің, әңгіме-жырдың дүкені міне, жаңа келді. Мына кісі Барлас деген ақын! - деді.

Шоқшалау ғана ақ сақалы бар, келбетті келген, зор дауысты ақ сары кісі Барлас Абайға салғаннан ұнады. Білгенін ішіне бүгіп, үндемей отырған өзге үлкендердей емес.

Барлас іле сөйлеп кететін жарқылдақ, ашық. Осы үйде талай күннен жатып жүрген, ауыл адамы сияқты.

– Е, балам, «шешенің судай төгілген, тыңдаушың бордай егілген» дегендей, сөйлеуді де, тыңдауды да сүйген ел - ел-дағы. Тыңдауға өзің жалықпасаң, айтуға Байкөкше жалықпас! - деп, жас жолдасына қарап күліп қойды.

Жайлауға келіп қонғалы бөгде қонақтар келгіш еді. Барлас Сыбан болатын.

Жайлауға қоныстары жақындаған соң жылдағы дағдысы байынша осы ауылдарға амандаса келген екен. Жолшыбай, Мамай ішінен Байкөкше қосылыпты. Ол Барластың ақын шәкірті. Жылда осылайша қасына еріп, бірнеше айларды бірге өткізуші еді.

Үй іші тегіс қош алған соң, екі ақын да оңай шешілді. Осы түнде ас піскенге шейін Барлас «Қобланды батыр» жырын жырлады. Абайдың қазақ аузынан да, кітап ішінен де өмірі естіп білмеген ең бір сұлу ең бір әсерлі, күшті жыры осы еді. Барлас жырын бітіріп, қол жуғалы қамданған уақытта Абай:

– Мұны айтқан кім? Осы өлеңді шығарған кім екен? - деп, бағанадан бері өзін сүйіндірген ақынның атын білмек еді.

– Әріден келе жатқан деседі-ау, балам, бұның түбін... - деді.

Қобландының қоштасқаны, Тайбурылдың шабысы, Қазан мен Қобландының жекпе-жегі Абайды, әсіресе, елтіткендей болатын. Жатқанда кәпке дейін қызып, ұйқтай алмады.

Ертеңіне Ұлжан Барлас пен Байкөкшені жібермеді.

– Жүрмеңдер, асықпай әлі біраз күн қонақ боп жатып кетіңдер, - деді. Бұл Абайдың тілегі. Абай бұрын тағлім, үлгі - кітапта; білім, - өнер медреседе ғана деп түсінетін. Оған, дастан шебері - Низами, Науаи, Фзулиде; мұң нәзігі -Шайх-Сағди, Хожа-Хафизде, батыр Жыры - Фердаусиде көрінетін.

Қазақта нелер «Баян - Көрпеш», талай «Ақбала - Боздақтар» барын анық білмеуші еді.

Тілі ұғымды, өмірі таныс болғаннан ба, немесе Барлас пен Байкөкшенің кезектеп айтқан жырларының кейде шырқаған, кейде қалқып баяулаған, кейде лекітіп соқтырып, ескектете желген әнінен бе? Бебеу қаққан қоңыр, майда баяу домбырадан ба? Қалайда болса Абай бұл күнге шейін өмірінде дәл осы Барлас, Байкөкше баян еткен дастан, жырларға барабар ешнәрсе есітпеген сияқты болды.

Күндіз де, түнде де Барластардың қасынан шықпайды. Екі ақын Ұлжан үйін барлық осы үлкен ауылға қан-базардай қалың жиын үйі қып жіберді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий