Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Қонақтар қымыз ішіп болып, енді қоштасарға келгенде Ұлжан Барласқа қарап бір сөз айтатындай пішін білдірді. Қонақтар іркіліп қалған еді.

– Мынау балам оқудан қайтқалы сүле науқас боп, арыла алмай қойып еді.

Сендер келгелі жақсы сөздеріңмен ем әкелгендей болдыңдар. Қадамы құтты қонақ болдыңдар! - деді.

Абай шынында да дәл осы кезде өзін-өзі бар сырқаттан құлантаза боп арылғандай, нық бір қайрат жиып алғандай сезді. Шешесі үндемесе де, ашып айтпаса да, «білгіш, танығыш, сыншы» сияқты көрінді. Ол бөгелсе де сөзін бітірген жоқ-ты.

– ...Тағы да келе жүріңдер. Анау кәрі әжесі мен бізді де көп сейілттіңдер.

Жолдарың болсын! Келген сапарларыңа тыста бір азырақ ырым байлаттым. Ала кетіңдер... Риза, қош боп аттаныңдар! - деді.

Абай тысқа шығып, Барластарды аттандырып жатып, енді көрді. Осы үйдің екі жылқышысы Беркімбай мен Жарқын Барласқа арнап бір семіз көк атты, Байкөкшеге арнап бір торы құнанды ноқталап ұстап тұр екен.

Екі ақын екеуін жетекке алып, тағы да «қош, қош» айтып, жүріп кетті.

Абай шешесіне риза боп қуанып кеп, бұрынғы бір кішкентай күніндегі еркелігіне басты. Ұлжанның мол денесін қапсыра құшақтап, қатты қысып, бетінен, мұрнынан, көзінен қайта-қайта сүйді.

ҚАТ-ҚАБАТТА

1

Биыл Құнанбайдың өз ауылдары да, жақын ағайындары да күземді елден ерекше ерте алды. Және бұрын күзеуден бір қар жаудырмай көшпеуші еді.

Қазірде қарашаның ортасына жетер-жетпесте қыстауға қарай тартты.

Маңындағы Жігітек, Көтібақ, Топай, Торғай сияқты сыбайлас отырған, аталас елдерге көші-қон туралы жөн-жосығын айтпады.

Сүйіндік осыған қайран боп, Бөжейдікіне түстене келіп отырып:

– Туысқаныңның бұл сырын ұқтың ба? Бұл неғып биыл дедектеп кетті, ә? -деп еді.

Үйде Бөжей мен Сүйіндіктен басқа Түсіп бар. Кесек мұрынды, шоқша сақал, зор дауысты. Түсіп, Жігітектің Бөжейден соңғы басты адамының бірі болатын. Ол:

– Бүйтпеуші еді. Бұл неғып жүр? Әлде, күзеуінің оты тозды ма екен? -дегенде, Бөжей бұған барлай қарады да, мырс етті.

– Е, тәйір, күзектің шөбі бітуші ме еді? Тұнып тұр, - деп Сүйіндік, «Бөжейде бір сыр бар-ау» деп соған бұрылды да: - Бәсе, тіпті мал тойыны да төтенше. Құлқын сәріден қыстауға барып, қыстыгүні несін жейді? Мұның күземді ерте алғаны да осы көші-қон есебі болды! - деп дағдарып қап, Бөжейге қарап: - Әлде сен білдің бе? Айтсаңшы, - деп еді.

– Ақылдаспаса да соның көмген көмбесін сен табасың. Күпті қылмай, мүлдем, айтсаңшы!

– Құнанбай көктемде ерте көшсе, Уақтың жерін шаба торитын. Жайлауға ерте көшсе, Керейдің қонысын көздейтін. Бірақ қысқа қарсы оның аты жетпес алыс жоқ. Әлде, Тінейдің сар құсындай өзіңе түсіп жүрмесе? - деп, Бөжей бір қауыптың шетін шығарды да, тоқтап қалды. Сүйіндік Бөжей сөзінен тіксініп қап еді. Бірақ, ешбір жердің қисыны жоқ.

– Жаным-ау, айрандай аптап, күбідей күптеп болды ғой. Жуантаяқты қуды.

Әнеттен алатынын алды. Көкшені де сырып салды. Енді кім қалды! Күзектегі Тақыртұмадан сонау жайлаудағы Байқошқарға шейін отыз көш жерде ылғи соның көктемі, күзеуі, қыстауы мен жайлауы! Қоныс-қонысының арасында, тіпті, түйенің қолтығы терлеп көшетін жырағы жоқ қой! - деді.

Ырғызбаймен салысса, Жігітекте де қоныс аз, өріс тар. Ел ортасының өзге сөзі бір төбе болғанда. Түсіп үшін осы жай өзі бір төбе болатын. Сүйіндік айтқан Құнанбайдың қоныстарын есіне алды.

– Тіпті қозы көш жер сайын бір қоныс қой! - деді. Сүйіндік бұл жөнде Жігітекпен, әсіресе, мұңдас.

– Және қоныс болғанда қандай! Тұнып тұрған көкбастау, торғындай тұма, қасқа бұлақ, көк үйірім көл.

– Жайлауға барса ғой, өзге бір ру ел бір бұлаққа үйіліп отырса, мұның әр ауылы ұзын аққан әлденеше өзеннен үлеседі.

– Осының бәрін аз жылдың ішінде басып отыр. Енді тағы қай сыбаға!!

– Бәсе, қай сыбаға десеңші?!

Бөжей мына екеуін құр тыңдаумен отыр еді. Енді ыза болғандай бұрыла берді де:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий