Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Құдайберді мен Қамысбай астарындағы екі бозды танауратып терлетіп, ең соңғы үш үлкен кісіні ертіп келгенде, жаңғыз төбеде, Құнанбай қасында елу шамалы аттылар бар еді. Соңғы келген үшеудің ортадағысы Құнанбайдың тағы бір тоқал шешесінен туған Жақып. Құнанбай мұның сәлемін алды да, тебініп қап, «жүр!» деді.

Барлық жиын жаңғыз төбені дүрс-дүрс басып, Шыңғысқа қарай тартты.

Көштер қиыс етіп кетіп еді. Бірақ, бұл топ әлі асыққан жоқ. Аттылардың қалың ортасында Құнанбай келеді.

Екі жағында он шамалы үлкен туысқандар. Әкесімен туысқан Үркер, Мырзатай, Жортар сияқты ағалары. Тоқал шешелерінен туған Жақып, Майбасар сияқты тұрғыластары және әлденеше інілер, немерелес туысқандар бар.

Құнанбай өз басы бір шешеден жалғыз, бәйбішенің жалғызы. Қара шаңырақ иесі. Қалың дәулет пен әмір, билік иесі. Жасқа да көп туысынан өзі үлкен. Сол себепті, үлкен әкесі Ырғызбайдан тараған осы мына жиырма ауылдың мынандай топтарының ішінен бірде-бір жан әлі күнге Құнанбайдың алдынан көлденең шығып көрген емес. Тіпті, өкпе-назы болса да, ашып-жарып айта алмайтын. Ал, бірақ Құнанбай сойыл соғарды, қол қимылды, тізе мен ызғарды керек қылған жер болса, бұл қауымның іркілетін бірі жоқ. Шоқтай жиын - мықты топ. Жер алуда, ел алуда, оңайдан мал табуда бұлар Құнанбайдың қабағын қалт еткізбей түсінеді. Неше қабат, бәйбіше-тоқал боп жатқанмен, Құнанбай бұлардың араларындағы араздық болса, лезде жойып отырады. Араздық ұстағанын әлденеше рет пайдадан, олжадан қалдырып, жазалап отырып, өз ырқына көндіреді.

Өзара бірлігі - үнемі табыс екенін жете танытқан. Соны ұққалы осы Ырғызбай шетінен бай боп алды.

Соңғы уақытта, тіпті, ішінен атысып жүретін күндес қатындар да араздығын сыртқа шығара алмайтын боп алған. Олардың кәрісін де, жасын да, қайнысы не байы, не баласы от басынан әрі шығармай тұншықтырып, басып отырады. Болмағанын, не байына, не бір тентек қайнысына сабатып алып, өзгелері «шоқ-шоқ» деп те тұрысады.

Осымен бар ынтымағын Құнанбайға бағындырған жиырма ауыл дәл бір ұялас бөрідей еді. Қалың Тобықты ішінде ең қолшыл, ең мықты болатын себептері де осы. Кішкене шеңбері берік болған соң, содан арғы маңайдағы аталастан - Топай, Торғай, Көтібақты да бұлар өз ынтымағымен тартып, басып алып жүреді. Әнет, Жуантаяқ, Сақ-Тоғалақ, Көкше сияқты саны көп, сыбағасы жоқ руларды да өздерінің айналасына қоршау қып, шырғалап, шырмап ұстайды.

Ондайлармен Ырғызбай іші бірен-сарандап құда, жекжат боп алып та, «ұзын арқау, кең тұсау» жасайды. Кейде әдейі өздері түртіп, бір бәлеге ұрындырып, одан тағы өздері құтқарып алған боп та баурына тартады.

Аз ауыл Ырғызбайды, кем қойса, басқа жиырма атаның ішінде, айқыш-ұйқыш, ілік-шатыс, қарға тамырлы тұзақ шырмауығы жатады. Осындай шытырманның ішінен жапа-жалғыз Құнанбайды Құнанбай ететін күй туған.

Ырғызбайдың мына тобы Құнанбайды қоршап келе жатқанымен:

«Қайда көшіп барамыз? Неге көштік?» деген сөзді сұраған емес-ті. Дағды бойынша, «жаманға, залалға бастап бара жатқан жоқ! Күн ілгері көреміз »дескен.

Алды аяңдап, арты желіп отыратын ұзын торы ат, өзге жиынның барлығын еріксіз бүлкектетіп, желдіріп келеді. Сонда да, тап ортадағы торы аттың бас мойыны өзге қатардан үздік шығып отырады. Жүріп келе жатқан топ намаздағы имамдай қып, аяңшыл торыны, зор денелі Құнанбайды алға салып келеді.

Бірен-саран жастардың аттарының басы оқыс ілгерілеп кетсе, қасындағы үлкендері зекіп, күбір етіп: «тарт, шегін!» деп, тойтарып тастайды. Құнанбай жалғыз көзімен оңды-солын шолып алған. Жиында Ырғызбайдан өзге жан жоқ екен. Әрқайсысының аулында көрші-қолаң, жалшы-жақпай «бұратана - кірме» деген көп болса да, бұл араға келтірмепті. Олар сойыл соғар. Бірақ келеге әсте кірген емес. Құнанбай жіті жүріп отырып, тобын бастап, көштің алдына түсті.

Содан жиырма ауылдың жиырма басты адамына қазір Шыңғыс ішіндегі қай сай, қай қыстауға барып жетіп, шаңырақ көтеретінін айтып келе жатты.

Сөзі ақылдасу емес - байлау. Атағаны - кесіп, пішіп қойған әмір менен бұйрық.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий