Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бие байлап болғаннан кейін, түске жақын, ауыл қымызға жиылады. Қыза отырып жыр тыңдайды. Күндіз ылғи ұзақ жырлар жырланады. Немесе, әредікте шешендер, ділмарлар айтқан тақпақ, тартыс, билік даулар айтылады.

Ал ел айығып оңаша қалғанда, Барлас өз жырларына қоса өзі құрбы өзге ақындар айтқан жырларды термелеп кетеді.

Бұлардың ішінен заман зарын, көп мұңын шертетін сөздерді, әсіресе, бөліп айтады. Барлас біреуді мақтап, біреуден сұрап жырлайтын ақын емес.

Абай мен шешелерінің кешкі уақытта тыңдаған жырларының көбі:

Барластың өзі сүйген құлақ күйі сияқты термелер болады. Мұндай кезде Барлас Абайға күндізгі Барластан тіпті басқа боп көрінеді. Қызықты, қызуды, қыздырманы ғана айтатын күлкіші, сауықшыл Барлас емес. Кешкі кездерде, ол бір үлкен өсиетші, кейде шерлі қарт сияқтанады.

Сондай-сондай кездерде өзінің де ішін ашып:

Құлағың сал жырыма, Ойлана қара сырыма.

Шад-шадыман емеспін, Құр құландай жортқанмен, Құбылтып күй тартқанмен, Қайғыдан Барлас құрыма?! -

деп, өз жайын термелеп кетеді.

– Қайғысы не? - деп Абай кейде шешесінен сұрайды.

– Әйтеуір, үлкен қасиеті - болымсызды дардай ғып мақтай беретін әдеті жоқ екен. Ел ақтаған ақын емес қой. Сөзін ұғып ал осынын! - деп қоюшы еді Ұлжан.

Тыңдай келе, Абай Барластан тағы бір соны сөздер есітті. Ол осы заманның ұлығы мен бегін айтқан, сынап-мінеп айтқан сөздер. Бір терменің ішінде Барлас:

Аға сұлтан ұлық бар, Елге мәлім қылықтар, «Өл» дегенде өлмесең, «Жүр» дегенде жүрмесең, Малы құрым құрықтар Кісен салып құлыптар! -

деп бір кетті.

Абай әкесінің үйде жоғын еске алып: «келмей-ақ қоя тұрса екен», «қыдыра түссе екен» деуші еді. Шынында да Барластар келгелі Құнанбай бұл үйіне көп қонған емес. Ол бір топ үлкендермен ел аралап, жолаушылап кеткен.

Ұлжанның Барласты жібермегені де сол. Ақын мен әнші Құнанбай жоқта болмаса, мұның аулына онша үйір боп, бой жазып жата алмайтын.

Барлас «ұлық пен бек» дегенде кімді айтады? Онысын ашпайды. Бірақ Абай оның мұндай жырларын ылғи өзінше ұғады. Мысалдың көбін жақыннан іздейді. Бірақ бұл бала да сырын, ойын ешкімге ашпайды.

Старшын дейтін әкім бар,

Пайдасын көрер жақындар.

Қалың елі тек жемі,

Боранды күн тиіскен

Аш қасқырдай тақымдар...

Бұл - «старшын Майбасар» деп ойлайды Абай.

...Жарлы, зарлы демейді,

Кеңінен ашып көмейді

Түгіменен түйесін

Жұтам десе қай сорлы

Қалтқы болып бөгейді?

Соны көріп ақынның

Аса түсіп ағы да

Ажымы да көбейді, -

деп «аһ ұрғандай» боп кеткенде, Абай Барластың қайғысын да танығандай болады.

«Ел ұйтқысы шайқалды» дейді. Бұрын Абайдың естімеген зар-шері сияқты.

Беті-түсі айқын болмаса да, әр заманда, әр жерде күңіреніп, қайғы шеруін тартып жатқан кәрі әжесі сияқты, көп жасаған, көп қайғыны көрген, үлкен бір шері бар. «Ол кім?..» дәлін, барын Абай біле алмайды.

Осы жолы Абай әрі өзі ысылып, әрі шешесі арқылы салмақ салып, Барлас пен Байкөкшені дәл бір айдай жібермеді. Бұл уақыттарда жас бала Барлас, Байкөкшемен біржолата дос, жақын боп алды. Бертін келе түнде ол Барластың қойнына кіріп те жатады. Күндіз барынша күтеді. Мұның ұғымтал зеректігіне қатты ырза боп, шын сүйсінген Барлас, бір оңашада, жай ғана тақпақтап:

Шырағым, ержетерсің, Ержетсең сірә нетерсің.

Алысқа шырқап кетерсің, Шындасаң шыңға жетерсің. –

деп кеп Абайға домбыраны ұсынды.

– Міне, балам, осы менің батам болсын. Тіпті шынымен мейірім түсіп айтқызып отыр, - деді. Абай ыңғайсызданып қысылды да, үндемеді. Бұл, «Барластар ертең жүреді» деген түнде, ас алдында болған сөз еді.

Ертеңінде ақындар аттарын ерттеп, жүрерге тақағанда, Абай шешесін тысқа шығарып алып:

– Апа, екеуіне де жақсы қып тұрып сый беріп аттандыршы, - деді. Ұлжан үндеген жоқ.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий