Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Е, е, сыбаға үлестіруші сен екеуің болсаң, айтарсың? - деп, қолын сілікті.

Бұл сөзді тыңдағысы келмеді.

– Айта берсең арман көп. Осы сары аурудан не таптың? - деп біраз қабағын шытып, Түсіпке түйіліп отырып: - Дәрменсізде арман көп. Бірақ арман азық боп па еді? Айла таппас болғанда, айттың не, айтпадың не! - деді.

Түсіп енді түйсініп отыр. «Арман» дегені Бөжейдің өз ішін де жеп болған.

Ши бойында осы Түсіп пен Бөжейдің атақты атасы Кеңгірбайдың бейіті бар.

Соның тұсындағы мол қорық - Жидебай, Барақ болатын. Құнанбай қыстау етем деп соны да алды... Бөжей сонда қатты қорланған. Өлісіп те көрмек боп еді.

Бірақ, Құнанбай дәл осы Түсіпті шақырып ап, ебін тапты. Түсіп Бөжейге кеп басу айтып, қолын бөгеп қалды. Соңғы жылдарда іште жүрген наразылығының көп себебі сол болатын. Со да өндімеді. Кейін Түсіпке талай рет зығыры қайнап, шынды айтысқанда:

– Құнанбаймен сөз біткен. Істен басқа айла жоқ. Ер болсаң іске шыда! Ол болмаса дағдыңа бас, ұсына бер! - дей беретін.

Мұны Сүйіндікке де сездіретін. Және Жігітек ішіндегі бір таянышы Байдалыға да айта жүруші еді. Әрқайсысына осындай оңашада көзбе-көзде ғана сездіретін.

2

Күзеуден жеті көшіп отырып Қызылшоқы, Қыдырға, Көлқайнарға жеткен Құнанбай ауылдары енді осы аралардағы қыстау-қыстауына тарамақ болатын.

Бірақ, кеше таңертең Құнанбай бұйрық етіп:

«Хабар алмай көшпесін, тарамасын!» депті. Өзі қасына Майбасарды ертіп Шыңғысқа кетіпті. Жер алыс болмаса да, Құнанбай күнұзын ат үстінде жүріп, кешке ғана қайтты.

Келіп тускені, үлкен бәйбішесі Күнкенің ауылы еді. Мұнда бүгін сыбаға әкелген әйел қонақтар көп екен. Ішінде Құнанбайдың тоқал шешелері Таңшолпан бар. Ақбердінің шешесі бар. Және кәрі жеңгесі Бопай да келіпті.

Күнкеге бірі келін, бірі абысын есепті Ырсайдың шешесі, Жұманның шешесі, Жортардың шешесі сияқтылар да бар екен.

Өзге жұрттан бөлініп көшкен бұл бір топ ауылдар - шетінен Ырғызбай руы.

Ұзын саны жиырма шақты ауыл. Көпшілігі Ырғызбайдың тоқалдары мен Өскенбайдың тоқалдарынан тараған туысқандар болатын.

Осы абысын, жеңге, келін атаулының бір машығы - жылына екі мезгіл Құнанбай үйлеріне сыбаға әкелуші еді. Бір сыбаға көктемде. Қыстай қыдырып араласа алмай жүрсе, жазғытұры ең алғаш сыбайлас қонғанда, Зере отырған үлкен үйден бастап осы Күнкенің үйіне де бір-бір келеді. Қыстан сақтап шыққан сүрілерін әкеледі. Екінші рет, қазіргідей қыстау-қыстауға айырыла көшерде әкелетін.

Құнанбай кеп түскенше, жапырлап сөйлеп, күлісіп, әзілдесіп жатқан әйелдер, Құнанбайға Майбасар кеп есік ашқанда, жым-жырт бола қалды.

Еркектер төрге кеп отырған соң, тек Таңшолпан ғана:

– Мына шешелерің, жеңгелерің сыбаға әкеп, енді тарағалы отыр, қарағым.

Кәрі әжеңнің орны бір басқа. Оныкі өз бетімен барып жатыр! - деп, Зерені де есіне алды. Барлық үлкен-кіші Зерені «кәрі әжең» дегендіктен Таңшолпан да соңғы жылдар өз күндесін осылайша атайтын боп еді.

Құнанбай үндеген жоқ. Таңшолпан өр шешенің бірі еді. Келіншек кезінде, жылқыға жау тигенде, жайдақ атқа мініп, қолына найза ала шапқан ерлігін жұрттың бәрі білетін. Өзінде үйелмен-сүйелмен төрт ұл бар. Ондай көп ұлы бар тоқал, өзінен-өзі өр боп кететін әдеті, Таңшолпан Құнанбайдың үнсіз отырғанын жақтырмай, бір ырғалып қойды да:

– Сыбағаны Күнкеге әкеп отырғанымыз жоқ. Балам да болсаң бас болдың, саған әкелгізіп отырмын. Ертең қыстау-қыстауға кетеміз де, қыс бойы інге кіргендей жатып қаламыз. Қатынның күні со да. Жыл айналғанша амандық тілеуім, балама берген батам. Содан басқа бізде не болушы еді! - деді.

Құнанбай шешесіне қарап, үндемей бас изеді. Тағы біраз тұрып:

– Айрыла көшем деймісің? Ал, тегі айрыла көшпесек, қайтесің? Тағы бір сыбаға жеп жүрмелік! - деп күліп қойды.

Құнанбай күлгенге үй ішіндегі қонақ әйелдердің бәрі күлді. Ұзын бойлы, қара сұр, ашаң жүзді Күнке, ерінің жылы шырайын пайдаланып:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий