Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ерік берсе осы топ мына бейбіт жылқыға тиіп кетуден де тайынатын емес.

Бірақ жаңағы сөйлегеннің бәрін байқап қараса, шетінен аталы ауылдың адамдары емес. Бұлар жоқ-жітік шаруа көрінеді. Атақсыз көпшілік. Бұлар бір қимылды істеуін істеп тастайды. Бірақ салмағы кімге түспек?

Бәрін бастап кеп, жылқыға тиген, ауылға шапқан Сүйіндік болады ертең...

Осыны ойлағанда Сүйіндік сескеніп, шошып кетті. Малмен де, баспен де жауап беретін осы Сүгір, Жексен үшеуі болмақ. Ол атының басын іркіп тұра қап, қатты зіл тастап:

– Әй, жігіттер, тоқта былай! - деді. Жұрттың бәрі іркіліп, соның аузына қарады.

– Сөздеріңнің түрі мынау болса, бәлеңді аулақ тарт! Мен бұл тобында жоқпын! Бар әне, бара бер! Құнанбай сенің шошайған жиырма сойылыңнан қорқар деп пе ең? Қорықса бүйтер ме еді? Сен жиырма болсаң, ол жүз, сен жүз болсаң, ол мың болады, әне! - деп, ауылға қарай иек қақты. Жұрт жаңа байқады.

Ауыл мен жартас жақтан және екі жағадағы жота-жотадан мына қалын жылқыға қарай жай бастырып келе жатқан көп аттылар бар екен. Бәрінің де сойылы бар. Біреулері көлденең ұстап, кейбіреулері тақымына қыстырып, немесе білектеріне іліп, сүйретіп алыпты. Кем қойса, жүз қаралы сойылсоғар.

Бәрі де аз уақытта жылқының ішіне кіріп, енді бастары қосылып, Сүйіндіктерге таман жылжып келеді.

Сүйіндік сөзінен сөн ұйлығып қалған Бөкенші, Борсақтар үндемеді. Бәрі де аттарын баяу бастырып, ана жиынға қарсы жүрді.

Ендігі басу айтқан Сүгір еді. Бөкенші ішінде, көп көкала жылқысы бар, ең үлкен бай осы болатын. Сөзін ақырын бастап:

– Ағайын бар, ел бар. Бізге де есе тиер! Айтармыз, жұрт келесіне салармыз.

Тек қызу үстінде бәле бастай көрмеңдер! - деп, жалына сөйледі.

– Осыдан бәле басы болғаның, сол бәленің тауқыметін тура өз мойныңмен көтересің! Қашан айтып ең деме! - деп, Сүйіндік бар сөзді бір-ақ тұжырды.

Жылқы ішінен бұларға қарсы қозғалған қалың топтың тап ортасында Құнанбай бар екен. Ұзын торы ат басын шұлғи тастап, кекілін желпіп сермеп, жай басып келеді. Сүйіндіктерге қарсы Құнанбай бар тобымен келген жоқ.

Жылқыдан бері қарай біраз шыққан соң өз қасындағы көп аттыны кейін қайтарып жіберді.

Қасында он шақты ғана үлкен кісілер қалған еді. Сүйіндіктерге осы тобымен кеп кездесті. Пішіні суық, ызғарлы екен. Жуандық ызғары «қайте қоясынның» ажары. Жота жүнін үрпитіп, үдірейіп тұр. Ірге бермек емес. Атқа мінер атаулының, әсіресе, Құнанбайдың сырт айдыны осылай келетін. Соның домбытпа екенін білсе де, Сүйіндіктер әрқашан мұндай түстен ығыса жүретін.

Бөкенші тобы бұрын сәлем берді.

Құнанбай ернін қыбыр еткізіп қана, үнсіз сәлем алды. Біраз үндеспей тұрып барып Сүйіндік:

– Мырза, мына аттылар не? - деді. Құнанбайды бар Тобықтының атқа мінері «мырза» деп атайды.

– Жай, мына жылқыға, отарға шығар алдында, таңба бастырайын деп ем.

Соған жиылған ел, - деді Құнанбай.

Бұл сөз одан әрі өрбіген жоқ. Жексен бұрылып артына қарап еді. Көштің алды бөктер адырдан бері шығып қалған екен.

– Жә, мырза, мынау келе жатқан біздің көшіміз еді Қыстауымызға келе жатыр ек. Мұнда болса, бүйтіп қапты. Бұл қалай болды?- деді.

– Е, саған көшіп кел деген кім бар? Омыраулап, баса-көктеп көшпей-ақ, хабарласып, тілдесіп алсаң нетуші еді? Көшің кейін қайтады!

– Әкім елге ие, ел жерге ие емес пе еді?

– Әкім аспанда тұрмақ па екен? Иісі Шыңғыстан Ырғызбайға қыстау тимесін деген кімнің бұйрығы.

– Бір Шыңғыс демесең, осы өңірде қыстаулық жерің аз да емес, олқы да емес еді ғой, мырза! - деп, Сүйіндік енді араласып еді. Құнанбай іле сөйледі.

– Ей, Кішекең, Бөбең, - деп бастады. Жігітек пен Бөкеншіні сыпайы айтқанда осылайша: «Кішекең, Бөбең» десетін. Құнанбай қазір солардың бар руын бір араға жиып ап, соның бар қауымымен бетпе-бет кінәласып, жүгінісіп тұрған кісі тәрізді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий