Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бөкенші тобы келген соң, Бөжей ілезде кісі жіберіп, жақын жердегі Байдалы мен Түсіпті шақырып алды. Не де болса Жігітектің ақылы бір жерден шықсын дегені.

Бұ топта Сүйіндік шешіліп сөйлеген жоқ. Кібіртіктеп, қылғынып сөйлегендей болды.

– Ағайының келіп отыр. Ақылыңа қоңсы қона келіп отыр. Не дейсің?

Нұсқайтұғын бетіңді айт! - деді.

Бөжей мұнын ішкі сырын білмеп еді. «Дағдылы қорқақтығы, Құнанбайға қарсы шаба алмайтын ежелгі маймақтығы» деп, мырс етіп, мұрт астынан күліп қойды. Бірақ Сүйіндік сондай солғын болғанмен, өзге көпшілік олай емес.

Оның ажарын сүймей, мойнын сырт қайырып, сұрланып отырған Дәркембай Бөжейдің күлкісін сезіп қап:

– Бөжеке, кібіртіктей-кібіртіктей болдық қой. Тура баспас тобан аяқ болған соң иыққа ит те, құс та шығад та!.. Тек қана «шөк-шөк» дей бермей, осы бізді де ел қылатын, ер қылатын ақыл айтшы! – деді.

Байдалы осындай ер мінезді жақтайтын. Тура айтқанды сүйетін, өзі де қайратқа, қимылға бой ұрғыш адам. Жігітектің қол күші, көбінесе, осы Байдалы басынан айқын көрінетін.

– Өй, Сүйіндік, сен ақылды мына Дәркембайдан сұрасаң етті. Еркектің сөзі мына кедейде жатыр ғой, мынау ер кедейде! - деп кеудесін көтеріп Дәркембайға сүйсіне қарады.

Бөжей бұл тартысты әуелі қолмен емес, жолмен бастап көргенді мақұл деп білген. Қолдан келсе, бұл жолы Құнанбайды келеге салып әшкерелеп, көп алдында тентек қып алмақ. Мына келген Бөкеншіге, ертең болатын бәленің артын да ашып айтып, танытып қоймақ. Әуелі осыдан бастау лайық.

–Бөбен, Борсақ бауырымсың. Саған тигені - маған тигені. Сенен шет қалып, амандық, тыныштық іздемеспін. Бірақ Құнанбайдың дегені болса, сені мен мені де тату қып, туысқан қып қоймақ емес-ау. Талшоқы, Қарауыл, Балпаң деген жерлерді атапты деп есіттім. Осының түбін ойламаймысың? - деп, бар жиынға барлай қарап, аз үндемей отырып: - Мұнысы Кішекең, Бөбеңнің жер жапсары бір болсын. Екі атаның ұрпағы жерлес болса, татулықтан кетеді. Жақын отырып, бес тал көде мен бір ұрттам суға да қиталасып таласа берсін дегені.

Атадан нәсілге арылмас жік қалсын дегені ғой. Бірақ оның ойлағанының бәрі бірдей ерге баса бермес. Туысқандығым туысқандық. Күндердің күні боп, Талшоқы мен Қарауылға келер болсаң, орның әзір. Барымды ортаға сап, түс шайыспай-ақ үлесемін. Ол өзі бір төбе. Ал, бірақ одан бұрын айтысып көрейік.

Ара ағайын Кішекең екен. Біз кіріспей кім кіріседі? - деп, Түсіпке қарап отырып, - ағайын келісіне мынауың тентек, мынауың зорлық! - дегенді айтып көрейік.

Қалған іс пен сөзді содан соң шешейік... Мақұл ма? – деді. Бөкенші жиыны да, Байдалы, Түсіп те бұны мақұл десті.

Ендеше, Түсіп, сен атқа мін! Осы сөзді алып, Құнанбайға барып, жауабын бүгін әкел! - деп, Бөжей сөзін бітірді.

Түсіптің баратыны осымен шешілген соң, Байдалы:

– Тек, жалғыз-ақ, арыла сөйлес. Айтатынның бәрін айтып кел. Бұға-бұға болғамыз. Ат кекілін кессең де, қатты айтып, ел өкпесін түгел жеткіз! - деп, Түсіпке өзі де ашумен сөйлеп, нық қайрат берді.

Осы сөзді қатты ұстап, Түсіп сол күні кешке Құнанбайға кеп сөйлесті.

Құнанбай Қарашоқыға үлкен бәйбішесі Күнкені қыстатпақ болған. Өзі сол ауылда екен. Түсіп екінті кезінде келді де, Құнанбайды оңаша шығарып, дөң басына отырып, ұзақ сөйледі. Алыстан бастап, «береке-бірлік» керегін айта кеп, ең аяғында:

– Мынау ісіңе Бөбең емес, исі Кішекең де наразы... - дей беріп еді, Құнанбай бұған жалт қарап, қатты зекіп:

– Наразының жоқшысы Кішекең болмақ па? Ендеше мынау Керей, Уақ, анау Сыбан тегіс наразы. Оңды-солдың бәрі өкпелі. Кімге өкпелі? Ұрлады, барымталады, ақ малымның есесін бермейді деп, дәл Кішекеңнің өзіне наразы.

Байдалы, Бөжей, мына Түсіп сен... дәл сендерге наразы. Бөкеншіні айтқанша өз басыңды ақтап ал! Ұры менен қарынды тыйып ал! - деді.

Түсіп бұл араға қатты ашуланып еді, даусы да қатаң шығып кетті.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий