Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Аға болдың, бұрын жеттің. Көлденең созылған Шыңғысқа көлбей орнадың. Ырғызбай аз еді. Сенен кіші еді. Ен Шыңғыстан бірде-бір құйқалы қыстау бермепсің. «Өзге қыстау» дейсің... Шыңғыс тұрғанда өзге жер қыстау ма? Мен болсам, енді қашанғы көне берейін. Қашанғы құр қалайын.

Ырғызбайға да Шыңғыстай арқа тірек пана керек... Ырғызбай да етек алған ел болды. Жатың емес, туысқаның. Есе бермей, қумадан туып па? - деді. Дауын да, байлауын да өзі айтты.

– Сонда Бөкеншіден қанша қыстау алмаққа ұйғардың, мырза? - деп, Сүйіндік енді бұл салықтың көлемін байқайын деді.

– Бөкенші Шыңғыстың бұл тұсындағы бар қыстауды береді.

– Е, біз қайда кетеміз, - деп, Жетпіс күйіп кетті.

– Шығара қуылған Бөкенші болғаны ма?

– Ауып кетсін деген сөз ғой бұл?!

– Жан ашырдың жоқ болғаны ғой! - деп, бағанағы көпшілік тағы қозданайын деп еді, Құнанбай Сүйіндікке қадалып тұрып, қамшысын жаңағы сөйлегендер жаққа нұсқап:

– Тоқтат, аналарыңды! - деп, ақырып қалды. Сүйіндік өз басын аршып, Құнанбай жағына тайсалақтап, жігіттеріне:

– Әй, өрекпіме демеп пе ем, көп шуылдақ?! Қысқарт енді! - деді. Жұрт еріксіз басылып қалды.

– Бөкенші, Борсақ! Қыстауыңды алғанмен далаға қаңғытады деп пе ең?

Алсам, текке алмаймын, беріп алам. Осы Шыңғыстың өз бойынан қыстау беріп алам. Ана Жігітек пен Көкшенің арасынан барып орнайсың. Төрі - Талшоқы, ылдиы - Қарауыл, Балпаң. Бар да сонда орнай бер. Мына көштеріңді қайырып, солай беттеңдер, байлауым сол! - деді.

Осы кезде күнбатыс жақтан және күншығыс жақтан да бірнеше аттылар кеп, Сүйіндік тобына қосылып еді. Батыс жақтан келген екі аттының біреуі Сүйіндіктің үлкен баласы Асылбек болатын.

– Біздің қыстауға Жақып, Жортар қоныпты... Енді қайттік?! - деді.

Шығыс жақтан келген Сүгірдің көршісі Қабас еді.

– Біздің қыстауларға ЬІрсай, Мырзатай, Үркер орнапты... Көшті қайттім?

Жүк түсіре алмай дағдарып тұрмыз, - деді. Осындай қыстаудан, ата қоныстан айрылған ауылдардың жас, кәрі азаматы енді жан-жақтан, төрттен-бестен келіп жатыр. Бәрінің түстері сұрланған. Түтігіп, ыза кернеп, булығып келген кісілер.

Арттағы көштегі еркек-әйелдердің - бәрінің де наразылығын, қарғысын, ашу-намысын ала келген сияқты.

Бөкенші, Борсақ тобы көбейе берді. Бірақ Құнанбай қайысар емес.

Сүйіндік өз елінің күйзелгенін танып тұр. Өзінің де қор болып, аяқасты болғанын әбден түсінді.

– Қайтейін, мен қайтейін?.. Жаттан көрсек бір сәрі еді, - дегенде, Жетпіс:

– Әділет деген құрығаны ғой! - деп қалды.

– Жан ашырдың біткені ғой!..

– Бүйткенше, қаңғытып қусашы, бұл қор болған Бөкенші, Борсақты! - деп, көпшілік тағы ашу жия бастап еді. Дәл осы уақытта Құнанбай қасына екі топ аттылар келді. Алдыңғы тобы он шақты кісі. Мұны бастаған Байсал екен.

Қасында Көтібақ ішіндегі ең ірікті атқамінерлер. Бұлар бастығы Байсал боп кеп Құнанбаймен ашық, жарқын сәлемдесіп:

– Қоныс қайырлы болсын, мырза!

– Қайыры ұзақ болсын!..

– Мекенің қайырлы болсын!.. - десіп, жабырлап құттықтап жатыр. Осы топтың артынан іле, тағы бір топ келді. Бес-алты кісі еді. Мұны бастаған шал -Құлыншақ. Торғай руының ең жуаны. Құлыншақтың қасында бес азамат баласы бар екен. Белгілі «бесқасқа» деп атанған өңшең жауынгер, найзагер, батыр ұлдары.

Құлыншақ та Құнанбайға тақап кеп:

– Қарағым Құнанжан, амансың ба? Қонысың қайырлы болсын!.. - деді.

Бөкенші, Борсақ енді таныды. Ырғызбай жалғыз Ырғызбай боп, мына зорлықты істеп отырған жоқ. Көтібақ, Торғай, Топай руларының да бар жуан, содырлары Құнанбай ісін құптаған тәрізді.

Сүйіндіктің дәме қылары Көтібақ еді. Тым құрмаса, «бір тоға, берік Байсал Құнанбай ісінен сыртқары болар» деп ойлаушы еді.

Астыртын не сөз болған? Не сыр бар?.. Мәлім емес. Қалай да мына ажарына қарағанда, Құнанбай иісі Олжайдың бар жуандарын түгел соңынан ертіп алған көрінеді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий