Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Амандаса келген, қайырлы босын айта келген Байсал, Құлыншақ дәл бүгінгі күн, құр амандасу емес, Бөкенші, Борсаққа қыр көрсете келіп тұр.

Құнанбай соны әдейі істетіп отыр.

Мұны жалғыз Сүйіндік емес, Жексен де сезді.

– Апыр-ай, ата қонысым еді. Одан қала берсе, осы жиын, осы бәріңнің көз алдында, кешегі көктемде ғана, осы мынау тастың бауырында Борсақтың бір баласының қаны тамып еді ғой. Ер азаматымның қаны тамған жер еді ғой! -деді. Бұл сөз - дәл бұл жиынның күтпеген сөзі. Сүйіндік өз ішінен:

«Алдырған албырт деп оның несін айтты екен?» - деп, жақтырмады.

Құнанбайға бұл сөз тіпті тосын болатын. Оны дау үстінде дәлел, далбай қылатын кісі болар демеген. Сондықтан жауабын ойламай айтты. Жексен айтқан сөзді, Бөкенші, Борсаққа тағы осы жерді алуына бір ұпай қып пайдаланбақ болды:

– Не деп тұрсын? Алжығанбысың? «Ерім» дейсің! Ерің сол болса, сенің елдігіңде не қасиет қалды? Ол ер емес, Борсақ әруағынан садаға... тіпті Тобықты әруағынан садаға!.. Ол - сұмырай еді. Мен сол сұмырайды құртып, сонын із-тозы бітсін деп, бұл жерді, бұл өңірді әдейі басқаның мекені етіп тұрмын. Сандалған несі? – деді.

Бөкенші, Борсақтың қалың жиынына мына сөз таспен ұрғандай тиді.

Бәріне де бір сәтте Қодар өлімінің сыры, Бөкенші жерінің алыну сылтауы бір-ақ шешілгендей болды.

Бұған келгенде Сүйіндіктің де шыдамы таусылып еді.

– Ойпыр-ай, не дейсің? Әттең, аузыңнан айналайын Бөжей-ай, Қодар өлгенде: «Бұл шылбыр Қодардың мойнына ғана түскен жоқ. Бұйырса, Бөкенші, Борсақ, сенің мойныңа да түскен шылбыр болар» деп едің... Арманда кетіпсің ғой, есіл ерім, Қодар-ай, - деп үні өшіп, атының жалын құшып, бүгіліп тұрып қалды.

– Уа, қара бет басым! Қара басқан қу басым! Мен қуарған не еткен ит едім?

Ойбай бауырым!.. Бауырым, Қодар - деп Жексен өкіріп жылап, атын борбайлап, Қодар қыстауына қарай шаба жөнелді. Сол-ақ екен, бар Бөкенші, Борсақ тегіс:

«Ойбай бауырымдап» Жексеннің артынан шаба-шаба жөнелісті. Сүйіндік те солармен кетті. Байсал мен Құнанбай бұл арада енді тұра алмай, үндемей томсарған күйлерінде сырт айналып кетіп еді. Құнанбай өз ішінен: «жаңағы сөзді оғат айттым-ау, қап! - деді. Бірақ, Байсалға да сыр берген жоқ. Қайта, Бөкеншінің мына мінезіне сылтау іздеп, өзінше соны таптым деді.

– Құтыртқанның кім екенін көрдің ғой! Шымбайына батқан соң, шыңырауда жатқан сырын айтқанын көрмеймісің? Қолтығына дым бүріккен Бөжей. Анық Бөжей. Тобықты ішінде мені тосқан қанды қақпан сол болмақ қой.

«Береке-береке» дейсің. Кінә кімде? Көрдің бе! - деп, Байсалға қадала қарап алды да:

– Бірақ, құдай ақта, көріп-ақ алармын! - деді. Аздан соң Байсалға құпиялау қып:

– Сен Сүйіндік пен Сүгір, Жексен үшеуіне айт, көпті қоздырмасын!

Бассын! Шыңғыстың қай тұсына орнықтырсам да, ол үшеуінің сыбағасы олқы емес. Өкінбесін! Өкіндірмеймін! Осы сертіме сенсін! - деді.

Олжайдың алғашқы орнында қалған жиынының ортасында тұрған Майбасар болатын. Ол тұмсық асып шапқылап жылап бара жатқан Бөкеншілерге қарап:

– Уай, жарандар! Бұл түстен кейін маңырайтын ақсақ қой дейсіңдер. Тіпті ол емес... Мына Бөкенші екен ғой түстен кейін маңырайтын. Көктемде өлген Қодарға күземде кеп сүйекші болған кімді көрдің? Мұны көрген кім бар десеңші, - деп, қарқ-қарқ күлді.

Көктемде Қодардың сүйегіне жан жоламай кеткенде, Жәмпейіс пен Әйтімбет қойшы ғана кеп жоқшы боп еді. Жексен ол күні өз аулының қатын-баласын: «неге жылайсың, көзің ақсын!» деп шетінен бықпырт тигендей сабап, Қодар өлігіне жолатпай қойған. Жәмпейіс пен Әйтімбетке, солардың өзіндей қойшылар, жаны ашыған кедейлер ғана болысқан. Соның барлығы екі өлікті Құтжан бейітінің басына апарып, зар қағып жылап, жоқтап жүріп, таза арулап қойып еді.

Қазірде Құтжан бейітінің екі жағындағы жаңа қабырлар Қодар мен Қамқанікі болатын.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий