Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Осындай үлкен ауыр жиынға мынадай суырып салма сөз және аразды табыстыратын бітім, жамау сөз Абайға бір алуан қызық сияқты көрінді... Ол тағы: тыңдай түсейінші деп, ентелеп, бағанағы орындығын әкеліп, осы арада отыруға бейімдеп еді... Бірақ ақын жыры қайта шықпады.

Үй іші қайтадан томсарыңқы қоңыр әңгімеге кірісті.

– Абай Бөжейдің пішінін жаңа жақсылап көрді. Ажарында ашу жоқ. Бірақ соншалық ашық-жарқын, сауық, қызық та жоқ Салқын, тыныш қана, тартымды сабыр бар екен...

Құнанбай пішініне Абай көзі түсіп еді, ол жинақы боп, әр нәрсеге сергек қарап отыр екен. Күлкі, сауыққа ол да оншалық бой ұрайын деп отырған жоқ.

Бұл үй әңгімесін қоңыр кеңеске айналдырған Алшынбай мен Баймұрын.

Еңгезердей үлкен бойлы, сары Баймұрын Бөжейді татуластыра әкелген кісі болатын. Қазір Алшынбай екеуі ғана сөйлейді. Өздері үшін емес, Құнанбай, Бөжей сияқты екі жақ үшін сөйлейді.

Абай Балтаның жыры тоқтап, салқын кеңес басталғанын көрген соң есіктен қайта бұрылды. Осы уақытта Қаратай ауызүйге шығып, Ызғұтты мен Майбасарды шақырып ап:

– Татулық болды, татуластырды! Алшекең мен Баймұрын екі жақтың да бар сөзіне ие боп өздері сөйлеп, өздері шешіп отыр. Осылай етіңдер деп мырза да, Бөжей де ерік беріп еді! - деді.

– Ал, байлау не болды?.. Тынымы не болған екен?.. - деп, Майбасар ентелей түсті.

– Тынымы да өзгешелеу болды білем... Араларың алыс болса, қыз алысып, құда болысыңдар дер едік. Ағайынсың, жақынсың, бірақ сол жақындығың қайта жаңғырсын! Екеуің бала алысыңдар! Бөжей Құнанбайдан бала ауысып, бауырына салсын. Сөйтіп, иістерің аралассын! - десті...

– Осыған тоқтасты ма?..

– О не қылған бала?.. Өзінен туған бала ма?.. - деп, Майбасар, Жақып қайталай сұрасып еді...

– Тәйірі айттым ғой!.. Өз баласы!.. Асырауға алады!.. - деп, Қаратай асығып қайта кетті...

Абай мына байлауға қатты аңырып, аң-таң болумен бірге, ішінен біртүрлі түршігіп қалды.

– Қай бала?.. Кім беріледі?.. Оспан ба, Смағұл ма?.. - деп, еркек балалар беріледі екен деп ойлады. Жаңағы атаған екі інісінің ешқайсысын да ана қойнынан алып, өзге жаққа жіберуге қия алатын емес...

Ана қойнында уайымсыз, жазықсыз жатқан інілерінің біреуінен әлі айрылғандай көрді.

4

Осы кештен жиырма күндер өткен мөлшерде Құнанбай елге қайтатын болды.

– Құдай бұйырса ертең аттанамыз. Жол жарағы сай болсын! Ошарылып бөгеп жүретіні болмасын!.. Атқа ерте қонайық! - деп, Құнанбай, Қарабас, Жұмағұлдардан хабар таратты.

Осы сөз шығысымен Құнанбайдың өз қасындағылар да және Жақып, Қаратай пәтерлеріндегі Тобықты атаулының барлығы да соңғы бір күнді қарбаласпен өткізді...

Елге қайтудың хабары бұл топтың жас-үлкенін тегіс сергітіп, қуантқан еді.

Әсіресе, елді қатты сағынған Абай болатын.

Ол соңғы уақытта Жидебайдағы шешелерін, ауыл-аймағын түсінде де көре беретін. Барлық пәтерлерде бүгін әбігермен қатар, күлкі, қалжың, қуаныш та көп.

Жүреміз... Жақында қайтамыз! - деген сөздің естілгеніне бес-алты күн болғандықтан, бұл жұрттың ат-тұрманы әзір-ді. Жалғыз-ақ Қарқаралыда ұзақ тұрғаннан бері мінілмей, жемде ғана тұрған семіз сәйгүлік аттары майланып кеткен болатын. Соңғы бір жұма бойында сондай аттардың аз-аздап терін алып, ішін тарттырып, суытып, таңастырып, қыстың ұзақ жолына сартап қып алмақ қарекеті де болатын. Абайдың қайтар жолда мінбегі «Аймаңдай» деген бір қара жал, қара құйрық, сұлу құла ат еді. Аяңшылдан жол жорға боп кеткен, жүрдек, әсем, нағыз бозбаланың аты.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий